«Кеңістік пен уақыт» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен жиынтық бақылау үлгісі

1
6144
Иллюстрация: Freepik.com

1. Тест тапсырмаларын орында.

Оралхан Бөкейдің драмалық шығармалары:
A) «Мұзтау»
B) «Бура»
C) «Қар қызы»
D) «Атау-кере»
E) «Құлыным менің»
F) «Жетім бота»
G) «Текетірес»

«Қауіпті будан» шығармасының екінші атауы:
А) «Біздің жақта қыс ұзақ»
В) «Кісікиік»
С) «Атау-кере»
D) «Сайтан көпір»
Е) «Қамшыгер»

«Атау-кере» романындағы кісікиік Шал өмір сүрген жер:
А) Зайсан
В) Күршім
С) Марқакөл
D) Маралкөл
Е) Алтай

Оралхан Бөкей шығарма жазбаған жанр:
А) Пьеса жазу
В) Роман жазу
С) Әңгіме жазу
D) Ғылыми-фантастикалық шығарма жазу
Е) Мақала жазу

Оралхан Бөкей Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық
алған туынды:
А) «Жетім бота»
В) «Қар қызы»
С) «Құлыным менің»
D) «Сайтан көпір»
Е) «Найзағай ізі»

Ж.Әбдірашевтің төл шығармалары:
A) «Перзент парызы»
B) «Шежірелі Шаңырақ»
C) «Ойыншықтар»
D) «Ақ қайран»
E) «Құлпытас»
F) «Дәрігер Айболит»
G) «Өсіп келем»

«Ұлы дала» ұғымына кіретін аймақ:
А) Алтайдан Атырауға дейін
В) Алтайдан Қара теңізге дейін
С) Алтайдан Ақтауға дейін
D) Алтайдан Орынборға дейін
Е) Алтайдан Каспийге дейін

«Дала, сенің ұлыңмын!» поэмасында ақын кешіруге болмайды деп
көрсеткен:
А) Өмірге кеш келгенін
В) Рейхстагқа ту тікпегенін
С) Амангелді сарбазы бола алмағанын
D) Үлкен ғалым бола алмағанын
Е) Өмірде өлең қылар ерлік жасамағанын

2. Марат Қабанбайдың: «Цензураның мың ширатылған қызыл жылан жіптерімен қол-аяғы мықтап байланған О.Бөкей Кеңесті кемсітудің жолын дәл тапты; ол – қазақты биіктету, рухын ояту… Қаламгер сондықтан да кітаптан кітапқа қазағын Алтайдың асқар шыңына өрлете берді. Ең аяғында, өзі де қасқа құлынын жетектеп, қар жамылған Мұзтаудың ұшар биігінде күнге қасқая қарап, Кербұғыдай қарысып тұрып қалды. Мәңгілікке!..» деген сөзін пайдаланып, О.Бөкей шығармаларының көркемдік
құндылықтарына баға бер.

3. Құлбек Ергөбековтің: «Жарасқан Әбдірашев әліппенің өзін өнерлік деңгейге көтере салмақты, ойлы өлеңдер жазады» деген сөзінің өмір шындығымен байланысын анықта.

4. Көркем шығармалардағы уақыт пен кеңістік композициясын талдау
мәселесін көтере отырып, «Кеңістік пен уақыт» деген тақырыпта О.Бөкей,
Ж.Әбдірашевтің шығармаларын қамтып, презентация жаса.

Халықара­лық зер­ттеу­лер фор­ма­тын­дағы тап­сырма үлгілері

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.  «Алтай өңіріне алпыс жылдан бері дәл осындай қалың қар жауғанын көрген жоқпыз», – деседі қариялар.  Расында да, бас көтертпей жауғаны соншама, есіктің алды, қораның маңындағы қарды тазалап үлгере алмайсың. Ауыл-үйдің арасына күреп жалғыз аяқ жол салудың өзі – азабы мол жұмыс. Кейбір салақ кісілердің бел ағашы борсыған  мал қамайтын қоралары сыр беріп алды – топ етіп төбесі ойылып түсіп жатыр.

Күннің көзі жылт етіп ашыла қалса, аппақ қардың астында бүк түсіп, қаздың
жұмыртқасындай томпайып-томпайып тілсіз жатқан үйлерді, сол үйлердің қар
кептелген мұржасынан жұлындай көтеріліп, жуастау будақтаған түтінді көріп,
бұл ауылдың адамдары қарға тұншығып өліп қалмағанына тәуба жасайсыз.
Төрт түлік тебін жоқ, омалып қорада тұр. Тебінге шығарғанды қойып,
суатқа апара алмай, әуре-сарсаңда жүр.

Міне, ұрланып басталып, жапалақтай жауған қар мәңгілік сабырмен
аспан астын түгел жаулап алған. Аспан деп, баяғы ұғыммен айтамыз, әйтпесе,
аспан жоқ, мыңдаған, миллиондаған сансыз қар көбелектер ғана бір-бірін қуа
жарысып, ойына келгенін істейді. Осыншалық ғажап, құлаққа қорғасын құйғандай тыныштықты Нұржан бұрын көрмеп еді. «Дүниеде қар жауған сәттегідей бейбіт те тыныш өмір бар ма екен», – деп ойлады жүзін аспанға қарата.
Жыбыр-жыбыр қалықтаған қар жапалақтар бетіне асықпай келіп қонып, жылбысқалана еріп, суға айналып, бетін айғыздап аға жөнеледі. Ептеп қытықтай
ма-ау…

1. Мәтін қандай үлгіде жазылған?
А) Мақала
В) Хат
С) Өмірбаян
D) Әңгіме
Е) Естелік

2. Төмендегі жұмбақтарды шеш. Үзінді идеясына сай келетінін тап:
А) Шолақ мылтық жер теседі
B) Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді
C) Қарағайсыз, тақтасыз
Көпір салдым балтасыз
D) Жер жиһанға ұн шаштым
Е) Төмен қарап өседі,
Күн жылына өшеді.

3. Мәтінде айтылмаған ойды тап:
А) Қалың қар жауды
В) Алай-дүлей боран соқты
С) Мұржалардан түтін будақтайды
D) Қар көбелектер ойнап жүр
Е) Ауа тып-тыныш

4. Мәтінде сипатталған қар түрі:
А) Алақанат қар
В) Ақша қар
С) Қырбық қар
D) Жылбысқы қар
Е) Көбік қар

5. Нұржанның осындай тыныштықты бұрын көрмеу себебін анықта:
А) Бұрын қар жаумаған
В) Жылы жақтан келген
С) Алпыс жылдан бері қалың қар жаумаған
D) Бұрын қар көрмеген
Е) Назар аудармаған

6. Мәтіндегі автор идеясы мен көркемдегіш құралдардың байланысын талдап, жаз.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.
Қазақ даласының перзенті! Дала – біздің жүрегімізден орын алған қасиетті атау! Біз – Ұлы Дала перзенттеріміз. Көгіндегі қыраны, еркелеген
елігі, үлбіреген гүлі, жұпар иіс жусаны, саф ауа, салқын самалы – бәрі-бәрі
біз үшін аса қасиетті… Ғасырлардың тарихын бауырына басып, бүк түскен
қарт даламызды құрметте! Дала – біздің тарихымыз…

1. Мәтін кімдерге арналған?
2. Мәтінде қандай табиғат ресурсы айтылмай қалды?
3. Даланы сипаттауға тағы қандай теңеу қолдануға болады?
4. Не себепті автор: «Ғасырлардың тарихын бауырына басып, бүк түскен
қарт даламызды құрметте!» – дейді?
5. Мәтінді қалай аяқтар едің? Жалғастырып жаз.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Ұқсас материал:

  1. «Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

  2. «Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  5. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  6. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  7. Тест: Ақиық ақынның өлеңдерін қаншалықты жақсы білесіз?

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ