Баққожа Мұқайдың өмірі мен қызмет жолы. Оның еңбегі қалай бағаланды?

0
7217

Та­ны­мал жа­зу­шы Бақ­қо­жа Мұ­қай­дың «Өмір­зая» ро­ма­ны тар­тып әке­те­ті­ні рас. Бі­рақ өте ау­ыр оқы­ла­ды. Мен ту­ра бір ап­та­да әрең  бі­тір­дім. Бү­ге-ші­ге­сін қа­да­ға­лап, ай­шық, бе­де­рі­не ден қой­ған­нан ға­на  емес. Бақ­қо­жа сы­пат­тап отыр­ған өмір­дің зіл-бат­пан ау­ыр сал­ма­ғы­нан.  Сол өмір­дің нақ­па-нақ, шы­найы қа­лып­та таң­ба­ла­нуы­нан. Қан­дай өмір  де­се­ңіз – со­вет­тік шын­дық дер едім.

Мұхтар Мағауин

1960 жыл­дар­да­ғы әде­би­ет өкіл­де­рі жал­пы қа­зақ про­за­сы­на, қа­зақ поэ­зия­сы­на, қа­зақ әде­бие­ті­не төң­ке­ріс жа­са­ған ұр­пақ еке­нін жақ­сы бі­ле­сіз­дер. Сол дәс­түр­ді ары  қа­рай жал­ғап әкет­кен жа­ңа бу­ын­ның ал­ғаш­қы тала­нт­ты өкіл­де­рі­нің бі­рі осы Бақ­қо­жа  Мұ­қай бол­ды. Біз­де та­ри­хи ро­ман­дар көп, бі­рақ сол та­ри­хи дү­ние­нің өзін бас­қа­ша  көз­қа­рас­пен жә­не өз­ге­ше стиль­мен жа­зу­дың ал­ғаш­қы үл­гі­ле­рін көр­сет­кен де осы  Бақ­қо­жа еді.

Кенжехан Матыжанов

Бақ­қо­жа өте ина­бат­ты, өте сы­пайы, со­нан соң сөз­дің то­қе­те­рін ай­та­тын тала­нт­ты жі­гіт еді. «Тү­бі­не тір­ші­лік­тің тағ­дыр ие, Тә­ңір­дің құ­зы­рын­да бар дү­ние. Шын­ды­ғын қа­ра тас­ты бал­қы­та­ды, Кел­ген­де қыл­қо­быз­дың зар күйі­не». Кө­кі­ре­гі­міз­де асыл ой­лы аза­мат­тың бейне­сі қал­ды. Ша­мын жар­қы­ра­тып отыр­ған сүй­ік­ті жа­ры мен ба­ла­ла­ры­на аман­дық ті­лей­міз. Бақ­қо­жа қа­зақ­тың та­ри­хын­да ал­тын әріп­пен жа­зы­ла­тын ерек­ше тұл­ға бо­лып қа­ла­ды.

Сәбит Оразбаев

Қалың-қалың романдардың дүниеге келуі, «Өмірзая» атты атақты романның Мемлекеттік сыйлыққа ие болуы, «Иірім» деген прозалық дүниесінің  қырманның көңіліне барып қонуы және өзі туып-өскен өңірі туралы жазған атақты «Жалғыз жаяу» деген дүниесінің бәрі көлемді. Мұның барлығы Баққожаның қазақ прозасына селтеу­сіз
қызмет еткені деп білемін.

Нұрлан Оразалин

Білгенге маржан. Бақ­қо­жа­ның қа­ла­мы­нан ту­ған дү­ние­лер­ді оқып оты­рып, сол шы­ғар­ма­ның іші­нен әр­кім ке­ше ға­на бас­тан өт­кер­ген өз за­ма­нын, өз тағ­ды­рын та­ни­ды. Жа­зу­шы өт­кен  ға­сыр­да­ғы сырт қа­ра­ған­да ке­ре­мет кө­рі­не­тін ке­ңес­тік қо­ғам­ның ішін­де бұ­ғып жат­қан, мұз­дың ас­ты­мен жүр­ген жы­лым­дай сұр­қия сая­са­ты­ның қыр-сы­рын, ішек-қар­нын өте  кө­ре­ген­дік­пен су­рет­тей­ді. «Жал­ғыз жаяу» ро­ма­нын­да ше­ка­ра бой­ын­да­ғы ке­ңес­тік  қо­ғам­ның қия­на­ты­на шы­дай ал­май, әрі асып, бе­рі асып жү­ріп, өз же­рі­не, өз елі­не өзі  өгей кө­рін­ген қа­зақ­тар­дың азап-то­за­ғы сөз бо­ла­ды. Ба­сы­на қан­дай іс түс­се де, ұлт  үшін, ұр­пақ үшін тау қы­ра­нын­дай қайт­пай, кү­ре­се біл­ген ер­лер өмі­рі көз ал­ды­ңа келген­де ерік­сіз тол­қи­сың. Тәу­ел­сіз­дік жо­лын­да құр­бан бол­ған жан­дар ру­хы­на бас ие­сің.  Бақ­қо­жа­ның бү­кіл шы­ғар­ма­ла­ры­ның ал­тын өзе­гі – ел тәу­ел­сіз­ді­гі, бос­тан­дық үшін  кү­рес. Ба­сы­на оңай­лық­пен бұ­ғау сал­дыр­май­тын ар­да, асау ба­ба­ла­рын­дай Бақ­қо­жада қа­ла­мын қа­ру етіп, са­на­лы өмі­рін кү­рес­пен өт­кіз­ген жа­зу­шы.

Несіпбек Айтұлы

Міне, қызық! Бақ­қо­жа Мұ­қай жо­ға­ры дең­гей­де­гі жа­зу­шы ға­на емес, ба­тыл аза­мат бол­ған екен. Уни­вер­си­тет­те оқып жүр­ген­де фа­куль­тет­тің қа­быр­ға га­зе­тін­де С.Елу­бай­дың қаң­ғы­бас ит ту­ра­лы жаз­ған әң­гі­ме­сі жа­рия­ла­на­ды. Алай­да сол кез­де­гі идеоло­гияға
байланысты автор үл­кен дау­ға қа­ла­ды. Университет оқытушыларына дей­ін ты­ғырық­қа ті­ре­ліп отыр­ған­да, Баққожа С.Елу­бай­дың бұл әң­гі­ме­сі зооло­гия­лық үр­діс­те
жа­зыл­ға­нын дә­лел­деп, ара­ша тү­се­ді.

Жазушы қай өңірде туып-өсті? Қандай оқу орнында оқыды?

Баққожа Сейдінұлы Мұқай 1948 жылы  31 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында туған. Шығармалары бала кезінен аудандық, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген. Ол қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірген.

Баққожа Мұқай қандай қызметтер атқарды?

Кеген аудандық «Коммунизм нұры» газетінде  еңбек жолын бастаған қаламгер 1970–1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында,  Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1990–1995 жж. Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында  бас редактор, бас басқарма бастығы болған. 1990 жылы облыстық «Қазақ тілі» қоғамын ұйымдастырып, басшылық жасаған. «Парасат» журналының бас редакторы қызметін атқарған. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі  Ұлттық комиссиясының мүшесі болып сайланған.

Қаламгер қандай жанрларда қалам тартқан?

Б.Мұқай «Өмір арнасы» (1978 ж.), «Аққу сазы» (1980 ж.), «Мазасыз маусым»
(1986 ж.) повестерін, «Жалғыз жаяу» (1983 ж.), «Өмірзая» (1998ж.) романдары мен
т.б. шығармалар жазды. Қаламгердің «Иірім», «Қош бол, менің ертегім», «Сергелдең болған серілер», «Өзгенің өмірі үшін», «Дүние кезек», «Заманақыр», «Раушан
гүлі», «Ерулік», «Өмірзая», «Тойы көп үй» атты драмалық шығармалары еліміздегі және шетелдердегі елуден астам театр сахналарында қойылған. Шығармалары орыс, тәжік, қырғыз, беларусь, түрікмен, башқұрт, татар,  якут, қарақалпақ тілдеріне аударылған. Өзі де бірқатар жазушылардың  шығармаларын қазақ тіліне аударған. Б.Мұқай қалам тартқан тағы бір жанр – публицистика.

Баққожа Мұқайдың еңбегі қалай бағаланды?

1982 жылы «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атанып,  1995 жылы Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби  сыйлығын, 2000 жылы «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алды. 2006 жылы «Парасат» орденімен марапатталды.

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ