Қазақстан тарихы: Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары

0
6111

Көшпелілердің салт – дәстүрлері мен діни нанымдары

Сақтар құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет-салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған”деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым-қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.

Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.

Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір-біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.

Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата-баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.

“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба-ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.

ҰБТ — Кешенді тестте кездесетін конспектегі сұрақтар.

Бойтұмарларды не үшін таққан:
Елімізді қоныстанған ежелгі тайралар кімнің аруағына табынған:
Климаты мен географиялық орналасуына байланысты еліміздің әр аймағында белгілі бір малдың түрі басым ұсталған. Оңтүстікте қай мал басым болған:
Сарматтар ертеректе үлкен обаға кімді жерлеген:
Қазақстан жерін мекендеген көшпелі халықтардың рулық қорымдары көп жағдайда қалай болып келеді:
Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған:
Ежелгі тайпалар сиынды:
Сармат көсемі жерленген қорым:
Сақтардың құрамындағы тайпалар:
“Мұртты қорғандардың” шығысқа бағытталуы білдіреді;


ПІКІР ҚАЛДЫРУ