Қазақстан тарихы: ҰБТ сұрақтары мен жауаптары

0
27149

«Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» авторы: Эссен

«Оян қазақ» еңбегін жазған қоғам қайраткері, талантты жазушы және публицист: М. Дулатов

«Патриархат» терминінің мағынасы: қоғамда ер адамдардың үстемдік етуі

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылданған жыл: 1822 жыл

«Сібір қырғыздары туралы Жарғының» авторы: Сперанский

«Тарихтың атасы» деп аталған ежелгі автор: Геродот

«Торғай, Орал, Ақмола және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі Ережеге» патша II Александр қол қойды: 21 қазан, 1868 жыл

«Уақытша Ережеге» сәйкес Бөкей (Ішкі) Ордасы енді: Астрахань губерниясына

«Үш жүз» партиясының саяси бағыты: социалистік

«Үш жүз» социалистік партиясының әрекет еткен аймақтары: Қазақстанның солтүстік-шығыс облыстары

«Үш жүз» социалистік партиясының негізін салған: М. Айтпенов

«Үш жүз» социалистік партиясының өмір сүрген уақыты: 1917-1919 жж.

«Халық қаһарманы» атағын алған Желтоқсан оқиғасының құрбаны: Қ. Рысқұлбеков

«Шыңғыс-нама» еңбегінің авторы: Өтеміс қажы

1007 жылы наймандар мен керейіттер қабылдаған дін: неостариандық бағыттағы христиан діні

1218 жылдың жазында Шыңғыс хан Мұхаммед Хорезм шахқа жіберген сауда керуенінің көпестері өлтірілген қала: Отырар

1219 жылы Шыңғыс ханның Мауереннахрға шабуыл жасауына себеп болған: 1218 жылы Отырар қаласында Шыңғыс хан жіберген саудагерлердің өлтірілуі

1227 жылы Жошы өлгеннен кейін тақ мұрагері болған: Бату хан

1236 жылы монғолдардың Шығыс Еуропаға жорығын басқарған: Бату

1236-1242 жылдары Шығыс Еуропаға жасалған жеті жылдық жорықтың нәтижесінде 1243 жылы Бату іргесін қалаған мемлекет: Алтын Орда


ПІКІР ҚАЛДЫРУ