Кiтаптың ақырғы күнi — адамзаттың ақырғы күнi

0
1845

Тұрсынжан Шапай дұрыс жазады. «Табиғатынан малшы болуға бейiмделiп жаратылған адам» ғалым болып кеттi. Өйткенi жақсылы-жаманды кiтап оқи алады, сауаты бар. Олай болса, шын қабiлет-қарымы ауылдағы қатын-қалашқа тақпақ шығарудан әрiге аспайтын сөзуар пенденiң неге атақты ақын болмасына. Өзiне-өзi демеушi болып, екi-үш кiтабын шығарса жетiп жатыр.
Ондайларға экологтың көзiмен қарағың келедi. «Кiтап — қағаз, қағаз — ағаш, ағаш — ауа. Ауаны ұрламағаныңыз жөн» деп.
Екiнiң бiрi iшкiш болған деп бiлетiн Есенин табиғатында шымыр денелi жiгiт болған. Америкаға барғанда ондағылар оған спортшы болатын-ақ жан екенсiз деп тамсаныпты.
Сол Есенин келбеттi де жiгiт екен. Бет әлпетi бiр қарағанда бейкүнә перiштедей көрiнетiн болған болса керек. Алғаш кездескендер анадай тентек өлеңдер мұның қай жерiнен шығады екен деп те ойлайды екен.
Сол Есениндi өлең оқып тұрған кезiнде көрген бiреу айтыпты:
«Мынау тек мықты өлең ғана жазып қоймайды, қажет болса адамды да өлтiре алады».
Бiзге де сондай ақындар керек. Байрон, Лермонтов, Петефи сияқтылар. Жылауықтар емес!
* * *
Кiтап өлген жоқ… Кiтап өлмейдi… Кiтаптың ақырғы күнi — адамзаттың ақырғы күнi.
Бұл — Жазмыш.
2000 жыл
Әмірхан БАЛҚЫБЕК


ПІКІР ҚАЛДЫРУ