«Жазушы болғым келеді…» дейтіндерге

0
6508

Кез келген мамандықтағы секілді жазушылықта да талант тұрлаусыз маңызға ие. Жазу қабілеті – жетістіктің ең негізгі кілті болғанымен, ең маңыздысы емес. Маңыздысы – өмірлік тәжірибе мен білім (университеттегі білім емес өмір мектебінен алған сабақтар хақында) және де ең соңғысы, әрине, іс-тәжірибе.
Басқа өнер салалары сияқты жазушылық та анық әрі нақты ережелерге құрылған. Әлбетте, бұл ережелерді жазушылардың өздері ойлап тапқан, дегенмен оларды ойлап табудан көрі оқып, игеру әлдеқайда жеңіл болар еді. Егер шын ниетіңізбен жазушы болғыңыз келсе, қияли әлем де ғана емес қатаң тәртіп пен қилы тақырып аясында да өмір сүруге дайын болыңыз.
Сонымен, талантты жазушылардың талапты жазушыларға айтар ақылдарын ұсынамыз!

Стивен Кинг
Қорқынышты шедеврді шебер дүниеге әкелетін жазушының шығармашылығынан бас алу мүмкін емес. Мазмұны мен баяндаудың үйлесімділігі, тіпті, мүмкіндігі мол жазушылардың өзін таңдай қақтырады. Ерекше жазушының ұсынатын ақылдары:
1. Суреттеу жазушының елесімен туып, оқырмандікімен аяқталады.
2. Сіздерден бар өтініп сұрарым: жақсырақ жазуға ұмтылыңыз, есіңізде болсын, үстемелеп жазу – әлсіздік, «ол айтты», «мен айттымды» орнын тауып қолдану – құдайдың қолынан ғана келеді.
3. Барлығы мынадан басталады: жазуға ниеттенген кезде үстелді бөлменің әр бұрышына қойыңыз да, қолға қалам ала бергенде үстелдің неге бөлменің ортасында еместігін есіңізге салыңыз. Өмір – өнерді қолдайтын жүйе емес.Барлығы да керісінше.
4. Соңында сізге турасын айтайын ба? Егер жақсы кітап оқуға уақытыңыз болмаса, жазуға уақытыңыздың ғана емес қабілетіңіздің де болмағаны. Қиындататын ешнәрсе жоқ, бәрі оп-оңай.

Нил Гейман
Ағылшынның талантты фантаст жазушысы жаңа толқынға біршама қарапайым, бірақ өте пайдалы кеңестер береді:
1. Үнемі жазыңыз.
2. Барлық уақытта керекті сөзді іздеумен болыңыз, ойыңызға келген орынды деген сөздерді міндетті түрде жазып отырыңыз.
3. Өз шығармашылығыңызға әрдайым жаңа қырынан қарауға тырысыңыз. Жазбаңызды алғаш көріп тұрғандай оқыңыз. Әдебиет жанрларынан хабары бар достарыңыз бен таныстарыңызға оқып беруді ұмытпаңыз.
4. Егер сіздің оқырманыңызға мәтіннің кейбір тұстары ұнамаса, оның ақылға қонымды сын айтуы да мүмкін. Бірақ оқырманыңыз дәл қай жері дұрыс емес екенін көрсетіп, ақыл айта бастаса, ол қателеседі.
5. Жазғандарыңызды өңдеп тұрыңыз. Бірақ, шығармаңыз идеалға айналғанға дейін сіз оны тастап, басқасын жазуға кірісіп кететініңізді ескертейін.
6. Қиялыңыздың ұшқырлығынан рақаттаныңыз.
7. Өзіңізге деген сенім мен іс-әрекетіңіздегі нақтылық өмірде бәріне жеткізетінін біле жүріңіз. Жазып жатқан шығармаңызды қолыңыздан келгенше асқан шынайылықпен жазып шығыңыз.

Рэй Брэдбери
Ғылыми фантастиканың классигі жазушы болу үшін бар-жоғы екі-ақ кеңес ұсынады:
1.Шығармашылықтың ең басты құпиясы — өз ойларыңа мысыққа қарағандай қарау керек, яғни мысықтарың сені аңдып жүрсін.
2. Әлемдегі пішіндер мен түстерді, жаратылыстарды басқаша қабылдап, өзге көзқараспен қарауға баулитын кітаптар оқыңыз.

Курт Воннегут
Американың бірден бір белгілі жазушысы қысқа әңгімелерді қалай нақышына келтіріп жазу туралы және ең бастысы қалай әсерлі жеткізу турасында бірнеше кеңеспен бөліседі:
1. Бейтаныс оқырманның сізге бөліп отырған алтындай уақытын текке кетірмеңіз.
2. Оқырман тез бауыр басып, үйренісіп кететін қаһарманды жасап шығарыңыз.
3. Сіздің әңгімеңіздегі әрбір кейіпкердің көксеген арманы болсын, оның қалауы бір шыны су болса да армансыз қалмасын.
4. Әр сөйлем кейіпкердің мінезін немесе іс-әрекетін сипаттасын.
5. Әңгіменің бастамасы логикалық аяқталумен жақын болғаны дұрыс.
6. Кейіпкерлеріңізге ешқашан аяушылық танытпаңыз. Олардың басына адам төзгісіз қайғы-қасірет беріңіз, оқырмандар өмірде түрлі жағдайдың болатынына көздері жетіп, барларын бағаласын.
7. Тек бір ғана адамға ұнау үшін жазып жатқандай болыңыз. Барлық оқырманның көңілінен шығуға тырысып жазу – өзіңізге өлім жазасын кескенмен тең.
8. Интрига жасаудың қажеті жоқ. Барлық ақпаратты бірден беріңіз. Және де шығармаңыздың соңын шешілмеген шырғалаңмен бітіре салыңыз, оқырман өзі соңын аяқтап алсын.

Эрнест Хемингуэй
Хемингуэй өз таланты туралы сөз етудің ешқандай пайдасы жоқ екенін айтқанымен, оның шығармаларында, сұхбаттарында және мақалалары мен хаттарында бой көрсетіп қалған ойлары бар екен:
1. Біріншіден, талант керек, Киплингтің талантындай өте үлкен талант. Содан соң өзіңді басқара алатын қатаң тәртіп керек. Флобердің тәртібіндей тәртіп. Сосын жазғалы жатқан прозаның қандай болатыны туралы анық елестете алу керек. Жасандылықтан аулақ болу үшін Париждің үлгіні өлшегішіндей абсолютті тайқымайтын ар керек. Одан кейін жазушыдан интеллект, адалдық талап етіледі, ең маңыздысы – жазушының тірі қалатын қабілеті болуы шарт. Осының барлығын бір ғана бейнеден таба біліңіз. Және сіздің ол бейнеңіз жазушыға түсетін бар ауырлықты жеңіп шыға алатындай болсын. Жазушы үшін ең қиыны – есептеп берілген аз ғана уақыттың ішінде шығарманы соңына дейін жеткізіп, тірі қалу.

2. Барлық жақсы кітаптар – шындыққа жанасымды өмірден алынған дүниелер. Кітапты оқып біткенде ішіндегінің барлығы сенің басыңнан өткендей әсер қалдырады. Содан соң, әрине, кітаптағы барлық жақсылық пен жамандық та, қуаныш пен қайғы да, өкініш пен күйініш те, адамдар мен мекендер де, тіпті ауа райы да саған тиесілі болады. Егер осының барлығын оқырмандарға бере алсаң, демек, сен – жазушысың.
3. Жақсы жазушының ең ұлы қасиеті – шала шығарманы анықтайтын сабырлы детектор. Бұл жазушының радары, ол тек таңдаулы авторларда ғана болады.
4. Мен әрдайым сөздерге өмірімде бірінші рет көріп тұрғандай қарадым.

Марк Твен
Данышпан жазушы өткір ойларын ирониямен жеткізіпті:
1. «Өте» деп жазғыңыз келген сайын «барып тұрған…» деген тіркесті қолданыңыз. Редакторыңыз бұл сөзді алып тастағанда шығарма өз қалпына құйылып шыға келеді.
2. Мақаланы бастаудың ең оңтайлы сәті – оны өзіңіз үшін жазуды доғарған сәт. Тек осыдан кейін ғана сіз не айтқыңыз келетінін анық әрі таза түсінетін боласыз.
3. Идея бәрінде бар. Көпшілігі ойын жеткіземін деп бірнеше бетті бояйды, ал сіз бір ғана абзацқа сыйдыра біліңіз.
4. «Әйел айқайлап жіберді» деп жазбаңыз. Әйелді өзі айқайлап жіберетін күйге түсіріңіз.
5. Ұлы кітаптар ешқашан бапталып, сәнделген грамматикасына қарап бағаланған емес, жазылған мақсаты мен стиліне қарап бағасын алған.

Даңқты жазушылардың даналықтары дарыныңызды шыңдап, жазушылық жолындағы дара жолыңызды салуға септігін тигізер деген үміттеміз. Десе де, жүрегіңіз бен парасатыңыз бір арнада тоғысып, шынайы шығармаларыңызды жазуға ештеңе кедергі болмасын демекпіз!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ