Кофе жайлы тың дерек

0
990

Мектепте үй жұмысын көп бергенде, универде «рубежка», «сессия» уақыта келгенде, жұмыста тапсырмалар көбейгенде түн ортасында барлығына көмекке келетін сусын – кофе.

Алайда, кофе бізге қалай әсер ететінін білеміз бе?

Кофені ішкенде ұйқы ашылады, бойымызда сергектік пайда болады. Иә, иә дұрыс. Бірақ бұл қалай жұмыс жасайды?  Расында да, кофе ішкенде адреналин бөлінеді ме?

Кофеин адам организміне түсе сала, барлығымыз ойлағандай, бірден ұйқыны ашпайды. Керісінше ұйқыны келтіреді. Адам миы организмнің күрт шаршауын, ұйқысырағанын, «өлім» ретінде қабылдап, сигналдар бере бастайды.

Яғни, адреналин гормондарын бөле бастайды. Адреналин гормонының әсерінен адамның жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріледі.

Ал кофені ішкеннен пайда болтын кішігірім «тәуелділік» ол дофамин гормонынан.

Кофе ішкенде дофамин гормоны бөлініп, адам өзін бақытты сезінеді. Сол сезім жетегімен адам жиі-жиі кофе ішкенді қалайды.

Ал сіз кофе жайлы қандай дерек білесіз?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ