«Компьютер және біздің денсаулығымыз» тақырыбында өткізілген инновациялық сабақ

0
1120
Иллюстрация: Freepik.com

Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.

 Ян Коменский

         «Өзіңнен  өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл», — дегеніндей, әр бір мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екендігін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе  жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды.

Біз — мұғалімдер  шәкірттеріміздің  бізді қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есімізде сақтасақ, біздің балаларға тигізетін ықпалымыз соншалықты күшті болар еді, біздің  әрбір мақтауымыз балаларды шаттандырады,  әрбір ескертуіміз баланың жүрегіне терең орнығады, демек, баламен кездескен сәттен бастап, олардың үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенінімізді, олармен ішкі сезіміміздің байланыста болатынын бір сәт естен шығармағанымыз абзал. Сонда ғана ел білікті, парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе аламыз демекпін.

Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшті, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады.

Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық –коммуникациялық технологиялар маңызды рөл атқарады. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, теле-конференция коммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. Әрине қазіргі кезде компьютердің пайдасы шексіз, бірақ оның зиянды жақтары да бар.

7 «А» сыныбында өткізілген «Компьютер және біздің денсаулығымыз» тақырыбындағы семинар-сабаққа тоқталсам деймін.

Мақсаты: оқушылардың компьютермен қанша уақыт өткізетінін және компьютердің   оқушылардың денсаулығы мен оқу танымдық қызметіне әсерін анықтау, алдын алу шараларын ұйымдастыру, сақтау ережелерін жеткізу.

Көрнекіліктер:денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, компьютердің адам денсаулығына кері әсерлері туралы тақырыпқа байланысты кітапшалар, баспада жарияланған материалдар, қауіпсіздік техникасын сақтау және көзге жаттығулар жаднамалары.

Сабақ барысы:

Сабақты компьютер қолданылатын салалар мен оның пайдасы туралы айтудан бастадым.

  1. Оқушылардың компьютерге қаншалықты тәуелді екенін анықтауға байланысты сауалнаманы американдық психологі Джефа жаттығуын қолдана отырып өткіздім, яғни берілген сұрақтарға – «Ия» (тұрулары керек), «Жоқ» (орнында отырады), «Мүмкін» (қолдарын көтереді)

Сауалнама

  1. Сіз компьютердің денсаулыққа қаншалықты зиян екенін білесіз бе?

а) ия б) жоқ в) бұл туралы айтып жүргендердің бәрі өтірік

  1. Үнемі ойын ойнағыңыз келіп тұрады ма?

а) ия; б) жоқ; в) әрқалай

3.Ойыннан оңай қол үзе аласыз ба?

а) ия  б) жоқ  в) білмеймін

  1. Компьютер алдында отырып шәй ішіп, сабақ оқисыз ба?

а) ия  б) жоқ  в) әрқалай

  1. Үйге келісімен сіз компьютерге отырасыз ба?

а) ия   б) жоқ

  1. Компьютеріңіз бұзылып қалған жағдайда қатты ызаланасыз ба?

а) ия  б) жоқ

  1. Сізге компьютерге отыруға рұқсат бермеген кездерде сөзге келіп қалған кездеріңіз болады ма?

а) жоқ б) ия

8.Сіз көзге жаттығу жасайсыз ба?

а) ия  б) жоқ  в) мен ол туралы хабарым жоқ

Мұғалімге сөз өз ойын сапырылыстырып айту үшін берілмейді, басқаның ойына қозғау салу үшін беріледі.

 В. Ключевский

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 

  1. Информатикадан глоссарий тізімі. 3D панорама, дендрит, синапс деген не?
  2. Информатикадан тест тапсырмалары
  3. Жасанды интеллект деген не?
  4. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  5. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  6. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы
  7. «Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  8. «Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

ПІКІР ҚАЛДЫРУ