Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — білім алуға зор мүмкіндіктер мекені

0
2352
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - білім алуға зор мүмкіндіктер мекені

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — Қазақстан мемлекетінің ең жоғары оқу орындарының бірі болып есептеледі.

ҚазҰУ — білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы, еліміздің барлық. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 14 факультет шоғырланған, олар: механика-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті.

Университетте студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «Әл — Фараби» кітапханасы, спорт кешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. Университет студенттерінің өмірі қызықтылығымен әрі алуандығымен ерекшеленеді. Ол тек дәрістер мен семинарларға қатысумен ғана шектелмейді. Олар шалқыған шығармашылық қуат пен жастық жалынды, балғын талантты шыңдайтын театр студиялары мен поэтикалық клубтарға, көңілді және тапқырлар сайысына белсене қатысады.

Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Университетімізде дәстүрлі түрде «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Студенттік көктем», КВН, «Ана тілі аруы — Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.

Университеттің ерекшелігі– студенттер үйі де, 14 факультет ғимараттары да, жоғарыда аталған кешендердің барлығы бір қалашықтың ішінде орналасқандығы. Оған қоса барлығы да әр студенттің қауіпсіздігі үшін бейне камералармен жабдықталған. Қалашықтың табиғаты өте тамаша! Айнала қоршалған жасыл желекті ағаштар, хош иісті гүлдер, таза ауасы, ең бастысы шығыс бөлігінде Алатау орналасқан. Сол Алатаудың шыңы әр студентті, жалпы әр адамды биікке жетелейтіндей көрінеді.

Дайындаған: ҚазҰУ университеті «Филология және әлем тілдері» факультетінің 4 – курс студенті Барат Ж. М.

Ғылыми жетекшісі: Ракымбаев А. Ж.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ