Қара шаңырақ кереметтері

0
1272
Қара шаңырақ кереметтері

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 4-курс студентімін. Я, сөзсіз, қара шаңырақ әр студентке тұлға ретінде қалыптасуына , бойымыздағы барлық игі қасиеттердің ашылуына , заман талабына сай, бәсекелестікке қабілетті мамандық иесі болуымызға улкен үлесін қосты. Сонау ең алғашқы курсқа бой жүгіртсем , есіме тек керемет естеліктер ғана келеді. ол кезде 1-курс студенттерін «балмұздақ» деп атайтын. Университет табалдырығын аттағаннан бастап , әр студенттің алдында үлкен мүмкіндіктер болды. ҚазҰУ-ның арқасында «Ду-Думан» атты шоуға қатысып , өнер адамдарымен танысып , біраз тәжірибе жинадық.

ҚазҰУ-дың әр адамның қызығушылығына байланысты әр түрлі топтары бар. Маған жақыны «Көмек» тобы болды. Бұл топ менің тек адамгершілік қасиетімді дамытып қана қоймай , сонымен қатар баға жетпес достарды сыйлады. Менің бойымдағы игі қасиеттерді дамытуға үлес қосқан, Алматының ең озық университеттерінің бірі Сүлеймен Демирель университетіне баруыма, менің өміріме үлкен әсерін тигізген мүмкіндік бергені үшін Медетбекова Перизат апайыма алғысым шексіз. ҚазҰУ да басқа университеттермен тығыз қарым-қатынаста. Академиялық мобильділік студенттер үшін керемет мүмкіндіктердің бірі.

ҚазҰУ-нің 4 курс студенті: Жамиля Жоламанова
Жетекшісі: Рахымбаев Аят


ПІКІР ҚАЛДЫРУ