Латын әліпбиіне көшу – өркениетке қадам басу

Қазір ХХI ғасыр , дамыған ғылыми-техникалық заман болып табылады. Соған байланысты ашық демократиялық қоғам құрып , заманауи ғылым мен әлемдік өркениетке қол жеткізу біздің қолымызда.

Латын әліпбиіне көшу арқылы еліміз үлкен мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Сонау Алаш арыстары қалаған латынға көшу идеясы тарих сахнасында бірнеше жыл ғана іс атқарып , кейіннен орыс кириллицасына ауысқан болатын . Міне бүгінгі таңда бұл мәселе қайтадан қаузалана бастады .

Қазіргі кезде Түркияда жүрген қазақтарымыз латынша , шетелде қырықтан астам мемлекетте тұратын қазақтарымыз латын әліпбиінде , Қытайдағы қазақтарымыз төте жазуын қолдануда , міне , « Латынға көшу » идеясындағы бірден-бір мақсат осылардың бәрінің басын қосу.

Сонымен қоса , бүгінгі таңда техниканың дәуірі жүріп тұрғаны бәрімізге мәлім . Ал , сол техника ағылшын тілінде емес пе ?! Міне , сондықтан да латын графикасына көшу бұлақ көзін ашумен тең .

Әлемге кең тараған ағылшын тілін тез әрі оңай үйренуге бірден — бір себепкер латын әліпбиіне өту . Сонымен қатар, әлем жаңалықтарынан уақытында хабардар болып , көштен қалмауымызды қамтамасыз етеді .

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сәуір айында жарияланған « Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру » атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып , нақты тапсырмалар берген болатын. Отандық ғалымдардың ортақ пікірі осыған саяды.Ел ағалары «жаңа графикаға ауысуды рухани құндылықтарымызды жаңғырту жағы да ескерусіз қалмауы тиіс» дегенді  тілге тиек етуде.Олардың айтуынша,ең алдымен төл әріптеріміз мағынасын  жоймай тіл таспада лайықты орын алуы керек.

«Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық  орталығында» өткен жиында  зиялы қауым өкілдері әліпбиіміздің жаңартылған нұсқасына қатысты өз ойларымен бөліскен болатын.

Қамал Бурханов.Саясаттану  ғылымдарының докторы:

«Біздің ата-бабаларымыз латын әліпбиінде талай құнды жазбалар мен әдеби кітаптарды дүниеге  әкелді.Біз бұл графикаға дәл қазір келгеніміз жоқ.Бұл орайда  тәжірибеміз бар екеніне тарих куә. Латын әліпбиі  — заман талабы. Әлемдегі  елдердің  80%-ы ортақ қаріпті қолданады. Ғылым мен саясаттың тілі де осында.Әзербайжан, Өзбекстан, Түркменстан секілді мемлекеттер латын әліпбиіне көшті.Ендігі кезек – біздің елде» ,- деген болатын.

Енді Қазақстанның заманауи сандық технологиялар әлеміне енуіне жаңа мүмкіндіктері бар. Латын қарпі арқылы қазақ тілі барлық ұлт өкілдеріне қолжетімді болады. Сол себепті  латын әліпбиін қолдану артық етпейді деп ойлаймын.

Ерсайынова Бибақыт

Тұран университеті

3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ