ХІХ ғасырдың қазақтың ән-саз өнері (сабақ жоспары)

0
1348
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: 
— ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау.

Зерттеу сұрағы
Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?

Оқулық
ХІХ ғасырдағы қазақтың ән-саз өнері 175–177 беттер.

Тірек сөздер: Әнші, рухани мұра.

Ресурстар
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының
дәстүрлі жүйесі. 5 томдық. Алматы, 2011-2014.
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.

Көрнекілік
Фотослайд, ХІХ ғасыр әнші композиторларының суреттері.

Мақсатты айқындау
ХІХ ғасыр композиторларының шығармаларындағы өмір қайшылығы, тұрмыс-тіршіліктің боямасыз көрінісі, қоғам өмірінің маңызды әлеуметтік мәселелері, адамдардың күнделікті тұрмысындағы оқиғалар, махаббат, қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны айқын бейнеленгенін жеткізу. Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Мұхит Мералыұлы, әндерінің желісінде өздері өмір сүрген қоғамның тыныс тіршілігінің көрініс тапқандығын жеткізу.

Дамытушылық маңызы. ХІХ ғасырдың әнші композиторларының шығармаларымен таныстыру арқылы қазақ халқының орындаушылық мәдениетін, рухани мұрасын құрмет тұтуға, шығармашылық ой-саналарын арттырып, қабілеттерін шыңдауға, өнер мен білімге деген құштарлықтарын, осы тақырыпты ғылыми зерттеу жұмысына алу мақсатын дамыту.

Тәрбиелік маңызы. ХІХ ғасырдың әнші композиторларының шығармаларымен танысу оқушыларды мәдени мұрамызды, рухани байлығымызды, халық мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді, эстетикалық талғамын “тұлғатанулық” танымын қалыптастырады.

Сабақтың деректік материалдары

Сабақ түрі мен әдісі
Пәнаралық байланыс. Танымдылық, ғылымилық.

Сабаққа қатысты ескертпелер: 
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер:
1. Біржан Сал мемориалдық кешені туралы айту.
2. Біржан Сал мен Ақын Сара айтысы туралы айту.
3. Ақан Сері туралы оқиғалар мен қызықты әңгімелер желісін қамту.

Сабақты “Ән күй”, “Қазақ әдебиеті” пәндерімен “пәнаралық байланысты” сабақ ретінде ұйымдастырып, Біржан сал, Балуан Шолақ, Ақан Сері, Жаяу Мұсаның әні сияқты таңдаулы шығармаларды мультимедиялық қондырғылар арқылы тыңдату керек.

Сабақты сұрақ жауап түрінде өткізіп, оқушылардың тақырыпқа толығымен енуін қамтамасыз ету керек.

Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын кесте:
ХІХ ғасыр әнші композиторларының аты-жөні, өмір сүрген кезеңі

Шығармалары Орындаушылық аспабы

 

Қосымша тапсырма
ХІХ ғасыр әнші-композиторларының әндерін тыңдап, алған әсеріңмен бөліс.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 4 дұрыс жауабын тап!
1. ХІХ ғасырдағы қазақ сазгерлерін көрсетіңіз:

А) Біржан сал Қожағұлұлы;
В) Құрманғазы Сағырбайұлы;
С) Ақан сері Қорамсаұлы;
Д) Жаяу Мұса Байжанұлы;
Е) Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы;
F) Серікқазы Байбатырұлы;
G) Сырым Датұлы;
H) Әбілғазы Бахадүр.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдағы қазақтың күй өнері (сабақ жоспары)
  2. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  4. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  5. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ