Әлемді өзгерткен өнертапқыш балалар

0
2320
Freepik.com

• 15 жастағы америкалық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта киетін құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан
тігіп берді. 1877 жылы Честер өз өнертабысын патенттеді.

• Ең алғашқы қалың қарда жүруге арналған көлікті 15 жасар канадалық Жозеф-Арман Бомбардье 1922 жылы өз гаражында жасап шықты.

• Таяқшадағы балмұздақты ең алғаш 11 жасар америкалық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып сатқан. 20 жылдан кейін ғана Фрэнк ойлап тапқан өніміне патент алып, сериялы өндіріске кірісті.

• Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельеф жолды жазуды 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол етік тігуге арналған
бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы жарыққа шықты.

• Ермексазды химиялық тазарту материалдарын шығарумен айналысатын Клео Маквикердің немересі ойлап тапты.

• 1930 жылы гимнастика мектебінде оқитын 16 жастағы Джордж Ниссен алғашқы батутын жасап шығарды. Ол өз өнертабысына «секіру қондырғысы» деген ат берген.

Дереккөз:  Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материалдар:

  1. ҰБТ-ға дайындық кезінде күйзелісті болдырмау жолдары
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес

  3. Дебат: ҰБТ қажет емес…

  4. Физика ғылымының атасы Никола Тесланың өмірінен қызықты деректер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ