Математикадан мектепішілік олимпиада тапсырмалары (5-8 сынып)

0
6833
Иллюстрация: Freepik.com

5-сынып

  1.  1 ден 1000-ға дейінгі сандардың көбейтіндісі неше нольмен аяқталады?/5 ұпай/
  2.  10(33) + 26 қосындысы 9-ға бөліне ме?/5 ұпай/
  3.   Әріптерді цифрмен алмастыр:

А
+АБ
АБВ
=
БВБ /4 ұпай/

4.   Велосипедтің кіші дөңгелегінің 12 тісі бар, ал үлкен дөңгелегінің 18 тісі бар. Кіші және үлкен дөңгелектері бастапқы қалпына келу үшін үлкен дөңгелегі неше айналым жасау керек? /5 ұпай/

5.   5 л және 7 л-лік шелектердің көмегімен 10 л-дегі судан 6 л суды қалай өлшеп аламыз? /6 ұпай/

Математикадан мектепішілік олимпиада

 тапсырмалары

6-сынып

  1.  12 литрлік ыдыс бензинге толған. 5 және 8 литрлік банканы пайдаланып (6 литрден) тең екі бөлікке бөлу керек./5 ұпай
  2.   Әріптерді цифпмен ауыстыр:

СПОРТ
+СПОРТ
=
КРОСС /4 ұпай/

3. 5 бақа 5 минутта 5 шыбын ұстайды. Неше бақа 50 минутта 50 шыбын ұстайды? /4 ұпай/

4.   Сыныпта 35 оқушы.Оның 20-сы математикалық үйірмеге, 11-і экологиялық үйірмеге қатысады. 10 оқушы ештеңеге қатыспайды. Неше оқушы екі үйірмеге қатысады? /6 ұпай/

7-сынып

  1. Сатып алушы сатушыдан: « қаптағы картоптың салмағы қанша?» деп сұрағанда: « 200 кг-ды өз салмағының жартысына бөлгенге тең» деп жауап берді.Қаптағы картоптың салмағы қанша? (5 ұпай)
  2. Тізбектес тұрған төрт бүтін санның көбейтіндісіне 1-ді қоссақ, бүтін санның квадраты болатынын дәлелде. (5 ұпай)
  3. 1*2*3*……100 көбейтіндісі неше нольмен аяқталады? (4 ұпай)
  4. Түзулердің қиылысуынан пайда болған үш бұрыштың қосындысы 3140. Осы бұрыштарды тап.(6 ұпай)

8-сынып

  1.  Үшбұрыштың  бір бұрышы  1500 оған қарсы  жатқан қабырға  5 см.Үшбұрышқа сырттай  сызылған шеңбердің  радиусын табыңыз. /6 ұпай/
  2. n-нің нің кез келген натурал мәнінде 7*5(n) + 12*6 (n)  өрнегі 19-ға бөлінетінін дәлелде. /4 ұпай/
  3.   теңдеуінің бүтін мәндерін тап. /5 ұпай/
  4.  Жүк поездің ұзындығы 1км, ол 50 км/сағ жылдамдықпен жүреді. Егер тоннельдің ұзындығы 1 км болса ол неше минутта тоннельді жүріп өтеді? /6 ұпай/

 

Дереккөз: matematik.kz

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ