Математиканың өмірде қандай пайдасы бар?

0
4049
Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ-ға дайындық барысында қиын формулаларды жаттап, есептерге басы қатқан оқушылар аз емес. Арасында «осы математиканың өмірде не керегі бар?» деген сұрақ туындауы мүмкін.

Сонымен, математиканы не үшін үйрену керек??

1. Математика ақыл-ойды дамытады.

Иә, қарапайым сияқты естілу мүмкін. Бірақ мұқият оқы. Адам математиканы үйрене отырып мынандай қасиеттерді бойына жинайды:
? Кез-келген жалпылама ақпаратты көргенде, ішінен маңызды нәрсені сүзгілеуге
? Анализ жасауды
? Заңдылықты тауып, себеп-салдар мәселелерін талқылауды
? Ой толғап, шешім жасауды
? Логикалық, стратегиялық түрде ойланып, шешім қабылдауды үйренеді.

Дене жаттығулары адамның денсаулығына қаншалықты әсерін тигізсе, математикамен шұғылдану да адамның ой санасын арттырып, дүниетанымын арттырады.

2. Математика күнделікті өмірдегі мәселелерді шешуде көмектеседі.

Мектепте оқып жүргенімде математикадан беретін ұстазым «Математика ойды ретке келтіреді» деп көп айтатын. Сол сөздің рас екендігіне неше рет көзім жетті.

Күрделі формулалар қолданылатын есептерді шығарғанда, адам проблеманы шешудің түрлі жолдарын іздестіре бастайды. Бұл өз кезегінде мидың критикалық ойлау қабілетін дамытады.

Сосын сол білімді шын өмірде де пайдалана бастайсыз. Мысалы сіз күрделі функцияның интегралын алатын кезде миыңызда алгоритм құрасыз. Сол құрылған алгоритм бойынша есеп шығады. Нағыз өмірде де солай. Таныс емес жерге баратын болсаңыз, үйден шығарда да алгоритм құрасыз. Карта арқылы бағыт қойып әр қадамыңызды жоспарлайсыз. Осындай жағдайларда математиканың пайдасы сіз ойламасаңыз да тиеді.

3. Математикалық ойлау жүйесі сыни сәтте көмектеседі

«Математикалық» түрде ойлай отырып, адам:

♦️алдағы қиындықтарды саралайды және жалпы алғанда «шешілмейтін мәселе» деп санамайды;

♦️ Жеке тәжірибе негізінде осы жағдайда не істеуге болатындығын анықтайды;

♦️ Мәселеге жақсылап кірісу үшін нені зерттеу керек екенін, өзіңіз үшін әлі де нақтылау қажет екенін анықтайды;

♦Мәселенің ️шешімін кезеңдерге бөліп, мерзімдерді белгілейді.

Математикалық ойлау жүйесін қалыптастыру үшін үлкен еңбек пен шыдамдылық қажет. Оған қол жеткізу үшін әртүрлі қызықты есептер шығарып, логикалық есептерді қарастыру керек.

Математикадан СКАНАВИ деген автордың кітабын шығарып көріңіз, өте мықты кітап.

Егер сол кітаптағы есептерді көп шығаратын болсаңыз, ойлау қабілетіңіз бен қабылдау қабілетіңіз едәуір өсетінін байқайсыз!!!

Және де ҰБТ нұсқаларын талдауды да ұмытпай, үнемі орындап отыру қажет!

Басқа материалдар:

  1. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  2. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  3. Ертегілер еліндегі қызықты математика
  4. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  5. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  6. Математика туралы қызықты деректер

ПІКІР ҚАЛДЫРУ