Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі (Сабақ жоспары)

0
7292
Гомотетия және оның қасиеттері
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» Мектеп: Баянауыл №2 ЖОББМ
Күні:09.12.2020 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Бейсенқұлова Қ.Ө.
Сынып: 10 Қазақ әдебиеті Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:  М.Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Т/Ж 10.1.4.1 – көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану
Сабақ мақсаттары —          Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру;

—          Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе үзінділерін оқыту;

—     Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

Бағалау критерийлері

 

Көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат алады;

Медеу Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе үзінділерін оқиды;

Оқушылардың шығармашылық қабілеттері жетіледі.

 

Дескрипторлар Тапсырманы орындауда шығармашылық танытады, ойы жүйелі, сенімді жазады. Ойын еркін әрі толық жеткізеді, күрделі әсерлерді жеткізеді, сауаттылығы жоғары.
Пәнаралық байланыс Тарих

 

АКТ қолдану дағдылары Zoom платформасы

 

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

5 минут

Сәлемдесу. Түгендеу.

Ұйымдастыру кезеңдері.

Ми шабуылы.

§  Қаныш Сәтбаев кім?

§  «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе авторы Медеу Сәрсеке туралы қандай ақпарат білесіз?

 

 

 

Мұғалім сабақ тақырыбы, оқу мақсаты таныстырады. Оқушыларды 4 жұпқа бөледі.

 
Сабақтың ортасы

30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тапсырма. Жұбыңызбен төмендегі берілген өздеріңізге тиесілі мәтінді мұқият талдап, басқа топқа түсіндіруге дайын болыңыздар.

І жұп: «Бала Қаныш»

Бала кезінде  тас сырына үңілген Қаныштың ертеңгі  геолог екенін ұстаздары сол кезден – ақ болжаған. Сабаққа өте зерек болған. Суретті де жақсы салған  екен.Ол жайлы ақын  Дәулетбек Сағатұлы «Бала Қаныш» атты өлеңінде былай деп толғайды:

Қарауытып қалды артта алыс қала

Көз алдында көлбеңдейді таныс дала,

Шүмек – шүмек тері тамшып келе жатты

Жол қапшығын  арқалап Қаныш бала.

Барар жері жақын ба, алыста ма,

Құр бекерге білекті түрмеп еді.

Ашылмаған ғажайып, жұмбағы мол

Алуан – алуан  тас сырын білмек еді …

Қанат бітіп, қатайып жас жырына

Айға атылған қарамай жастығына

Келе жатты қағылез қара бала

Он  үшінде  үңілген  тас сырына.

 

ІІ жұп: «Студент Қаныш – болашақ геолог»

Ол 1921 жылдан  бастап, Томск технология институтының «Палеонтология  және тарихи геология» бөлімінде оқып, қазақтан шыққан тұңғыш академиктің жолы  да  осы кезден басталса  керек. Кейіннен ол кісінің 740 еңбегі бар екенін, мыңнан астам ғылыми жұмыстардың жетекшісі болғанын білдік. Бұл біз үшін үлкен – жаңалық.

 

Дала – Қаныш, ауылдар, қала –Қаныш,

Бала   Қаныш  көптігі  дара  жарыс

Бәріне де  солардың дем береді,

Күлім қағып, жол сілтеп, дана Қаныш.

Шығыс  жақтан қызыл мыс таң кіреді

Бірге келер Сарыарқа нәрлі лебі,

Кен иесі – Қанекем, жер иесі,

Жезқазғаным – Қаныштың жан жүрегі.

 

ІІІ жұп: «Қаныштың бойындағы  ерекше қасиеттер»

Елге сыйлы Қаныш қарапайым, кішіпейіл, жанашыр, үлкендерге демалысында сәлем беріп тұратынын біз бұрыннан білетінбіз. Жаяу Мұса ақын – нағашысы болып келеді.Сол кісі ауырып қалғанда көңілін сұрап барады. Сырқаттанып жатқан қарт ақын, оған «қыранды ал» деп сыйға тартады, қанша қызығып тұрса да Қаныш алмайды.

 

Көрген жоқ Қаныш өз басын ғана ойланып

Отырған емес жан күйттеп титтей жайланып,

Күн сайын тастар  шағылып, қанттай жататын

Күн ұзақ алмас қашаулар тынбай қайралып,

Далаға Қаныш, Қанышқа дала жарасқан

Қосылған талай, қоштасқан талай тарасқан,

Қондырамын деп, дәм беремін деп үйінен

Талайын көрдік қазақтың оған таласқан.

 

 

ІV жұп: «Қаныштың қиялындағы қала»

«1936 жылдың шілде айы. Шаңқай түс. Кеңгірдің  Наушабай аталатын төменгі саласында жайлауда отырған Бекболат ауылының үлкен – кішісі үй сыртынан естілген автомобиль гүріліне елеңдеп есік алдына жүгіріп шыққан: кішкене фордигін зыр қақтырып тағы да келіп қалған Сәтбаев екен, жалғыз емес, қасында бір топ кісілері бар…

— Қаныш шырағым, сен өзі кейінгі кезде біздің Наушабайға келуді жиілетіп барасың. Күн құрғатпай десем өтірік болар, әйтеуір биыл сағындырмай соғып жүрсің. Немене, мұның да астынан бірдеңе таптың ба? – деп сұрады Әбдірахман қарт тегене толы қымызды алдына ала беріп.

— Мұның  кереметі  астында  емес, үстінде болайын деп тұр, Әбе. Шынымен білгіңіз келсе, ауыл адамдарын шақыртыңыз. Наушабайда енді бірер жылда қандай өзгеріс болатынын айтып берейін .Мына кісілер соның жобасын жасауға келген мамандар, москвалық жігіттер, — деп Қаныш Имантайұлы қасындағы серіктерін таныстырды.

Бәрі жиналған соң:

-Бұл жерге менің анық білетінім – нақ осы дөңеске, сіздің ауыл қонып отырған  биік жарқабақтың үстінен үлкен қала салынады …

… Бұл Қазақтың Қанышының қиялында туған қала 18 жылдан кейін  қала мәртебесін алған  бұрынғы Кеңгір поселкесі,   қазіргі  Жезқазған қаласы еді … »

Дескриптор:

 

Әр жұп өздеріне берілген тапсырманы орындайды.

І жұп: «Менің балалық шағым»тақырыбында бала күніңіздің естеліктерін, сол кездегі арман-тілектеріңізді, қиял әлемінің көрінісін сипаттап, 90-100 сөзден тұратын эссе жазыңыз.

Дескрипторлар:

Эссе құрылымын сақтайды – 1 балл
Тақырыпты ашады – 1 балл
Сауатты жазады – 1 балл

ІІ жұп:Томск технология институтының кен факультетінің геологиялық барлау бөлімінде оқыған  Қаныштың орнына өзіңізді қойып, алыстағы отбасыңызға хат жазыңыз.

Дескрипторлар:

сөйлемдегі сөздер өзара байланысты – 1 балл

ойы жүйелі берілген – 1 балл

сауатты жазылған – 1 балл

ІІІ жұп:Адам бойындағы асыл қасиеттер туралы ой қозғап, ойтолғау жазыңыз.

Дескрипторлар:

-Ойтолғау құрылымын сақтайды — 1 балл

-Мақал-мәтелдер қолданады -1 балл

-Ойын жүйелі жазады -1 балл

-Сауаттылық -1 балл

ІY жұп:  «Қиялдан туған қала» тақырыбында әңгіме жазыңыз.

Дескрипторлар:

-Тақырыпқа сай әңгіме жазады – 1 балл

-Ойын жүйелі жазады -1 балл

-Сауаттылық -1 балл

 

Топтық бағалау жүргізіледі.

 
Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс. «3-2-1» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақтағы 3-маңызды ақпаратты айтады, 2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды.  
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

 

 

   
Сабақбойыншарефлексия Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 

 Бейсенқұлова Қызғалдақ Өмірзаққызы
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы
Баянауыл №2 Жалпы орта білім беру мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ