Бизнес терминдеріне байланысты глоссарий

0
1843
Freepik.com

Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) –салық органдарында өз-өзін жұмыспен
қамтығандардың қызметін тіркеудің оңайлатылған тәртібі.

Коммерциялық емес акционерлерлік қоғам (КЕАҚ) – кiрiс түсiру негiзгi мақсаты
болып табылмайтын және алынған таза кiрiстi қатысушылар арасында бөлмейтiн заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Экономикалық қызмет түрлерінің жіктеуіші  (ЭҚТЖ) – экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімді жіктеу және кодтау тәртібін және өнім кодтарын белгілейді.

Акциз – тұтыну тауарларының және көрсетілетін қызметтердің бағасына қосымша салынатын салықтың бір түрі.

Лизинг– бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, саудасаттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Патент – мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат; салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен (төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда,
тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат беретін құжат.

Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) – заңды тұлға (филиал және өкілдік) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметті іске асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір.

 Трансферттік баға – компаниялар тобының дербес құрылымдық бірліктері арасында
немесе корпорация ішінде қолданылатын ішкі фирмалық баға.

 Дара кәсіпкер (ДК) – Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi.

Активтер – өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжымалы
мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, ормантоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ