Мектепке арналған пайдалы кеңестер

0
1054
Таңертең ерте тұрып, шаршамай, жаңа күнге қалай дайын болу керектігін білгіңіз келе ме? Немесе смартфонды пайдалана отырып қиын істі қалай тез шешуге болады? Мүмкін, сіз әртүрлі шығармашылық тәсілдермен және өз қолыңызбен түрлі ұсақ-түйек дүниелерді жасай отырып, мектептегі өміріңізді жеңілдеткенді ұнататын боларсыз ? Олай болса, мектепке арналған бірнеше керемет айла-кеңестерді есіңізде сақтай жүріңіз.
Таңертең ерте ояну

Таңертеңгі сергектілік пен жігерлілік мидың жұмысына оң әсер етеді, күніңізге оң тонусты қалыптастырады. Мектепте жаңа ақпаратты оңай қабылдап және күндіз сергек жүру үшін, сіз келесі ережелерді ұстанғаныңыз жөн:

  • Ерте ұйықтаңыз. Өсіп келе жатқан денеге толық қалпына келу және демалу үшін кем дегенде сегіз сағаттық ұйқы қажет. Осылайша, сағат 07: 00-де оянып, мектепке дайындалу үшін сіз 23: 00-ден кешіктірмей төсекте болуыңыз керек.
  • Оқу құралдары мен киімдерді алдын-ала дайындаңыз. Бұл жағдайда сіз оянғаннан кейін таңертең қандай киімді таңдау керек, бәрін дайындауға қалай үлгеру керек деген бөтен ойлар сізді алаңдатпайды. Кейбір негізгі жаттығуларды жасаңыз. Бес минуттық жаттығу, денеңіздің қозғалу мүшелеріне оң қуат беріп, ағзаңыздағы қан айналым жүйесіне жақсы әсер етеді.
  • Контрасты душ қабылдау сізге толықтай оянуға көмектеседі. Алайда, қатаң ережені ұмытпаңыз: суды жылы температурадан бастаңыз да, салқынмен аяқтаңыз.
  • Сонымен қатар, назар аударатын дүние, егер дала салқын болса немесе сіз суық жерде тұрсаңыз, мектепке жеткенге дейін жаурап қалуыңыз абден мүмкін. Жол бойы өзіңізді жайлы сезіну үшін үйден шығар алдында ыстық кофе немесе какао ішіп алыңыз.
Жазбаларды дұрыс жазып алу

Барлық тақырыптарды, маңызды ойларды және сөздерді маркермен ерекшелеңіз. Ақпаратты ыңғайлы түрде жеткізу және бекіту үшін сызбаларды пайдаланыңыз. Назар аударатын нәрселерді біліп жүру үшін, жиектерге жазып алыңыз. Егер мұғалім сізге әр сабақ сайын жаңа формулалар берсе, онда оларды дәптердің соңына жазып қойыңыз. Осылайша тестке дайындық әлдеқайда жеңілдейді.

Смартфонды үнсіз пайдалану

Көптеген адамдар оқуда телефонды пайдаланады, бірақ ол сәтсіз уақытта қоңырау шалатын немесе түрлі дыбыстар шығаратын кездері болады. Егер дыбыс сізге кедергі жасамаса, ол сіздің сыныптасыңызды немесе мұғаліміңізді айтарлықтай тітіркендіруі мүмкін.Мұндай жағдайларда телефонды ұшақ режиміне қойыңыз, сонда ол өз хабарландыруларымен басқаларды мазаламайды.

Оқу процесін жеңілдету үшін мобильді қосымшаларды пайдалану

 Мобильді қосымшалармен айналысатындар мектеп оқушылары туралы да ұмытпайды. Сіздің оқуыңызды тездететін бірқатар қосымшалар бар: PhotoMath — смартфон камерасы арқылы қолданатын калькулятор. Камераны есептік мысалға бағыттау жеткілікті, ал қосымша дереу мәселені кезең-кезеңімен шешумен жауап қайтарады. Бірақ әрине, өз біліміңізді де пайдалануды ұмытпаңыз!

Физика немесе химия сабақтарына арналған түрлі қосымшаларды пайдалана аласыз. Ол жерде сізге керек түрлі формулалар мен кестелер бар.

Сонымен қатар, ағылшын немесе орыс тілін үйренуге арналған бір қатар қосымшалар да бар. Ол жерде күнделікті жаттығулар жасай отырып, тілді тез үйренуге көмектеседі.

Өлеңдерді тез жаттау

Үй тапсырмасын дайындау кезінде есте сақтау қабілетінің нашарлығына шағымданбаңыз. Материалды есте сақтаудың кейбір ережелерін білу жеткілікті. Өлең жаттаған кезде: Өлеңді 3-4 рет дауыстап оқыңыз. Мәтінді түсіну барысында ассоциация әдісін қолданыңыз. Сөздерді бастарыңыздағы бейнелермен сәйкестендіріңіз. Авторлық жұмысты қағаз бетіне қайта жазыңыз. Сонымен бірге бір уақытта дауыстап жазылған нәрсені айтыңыз.

Өлеңдегі кейбір үзінділер жаттауға мүлдем мүмкін емес жағдайлар болады. Бұл жаңа ойлардың немесе циклдардың түйіскендігінен болуы мүмкін. Бұл жағдайда алақанға есте сақтау қиын сөзді жазып алыңыз. Бұл өлеңді сабақта қатесіз айтып шығуыңызға көмектеседі. Бірақ, бүкіл өлеңнің жолдарын жазып алуға тырыспаңыз!

Шет тілдегі жаңа сөздерді жаттау

Қазіргі мектеп оқушылары көптеген мектептерде екі міндетті шет тілін үйренеді. Ақпараттың мол ағынынан шетелдік сөздерді жаттау әрдайым оңай бола бермейді. Есте сақталмайтын сөздерді жабысқақ жапсырмаларға көшіріп, телефонның қақпағының астына немесе басқа күнделікті көрінетін жерге жабыстырып қойыңыз. Сонда олар әрдайым көзге көрінетін болады, ал ми оларды еске түсіруден бас тарта алмайды.

Google Drive

Мектеп оқушыларына арналған Google Drive қосымшасы үй жұмысын, әртүрлі презентацияларды, есептер мен хабарламаларды жүзеге асыруға көмектесетін қосымша. Ол онда берілген немесе жасалған файлдарды сақтаумен айналысады. Онда мәтіндік құжаттарды, кестелерді, презентацияларды және т.б. жасауға болады.Егер сіз электронды құжатты флешкаға көшіруді ұмытып, оқу орнына кетіп қалсаңыз, алаңдаудың қажеті жоқ! Сіздің дайындамаларыңызға кез-келген смартфонның немесе планшеттің мобильді қосымшасы арқылы қол жеткізуге болады. Есептік жазбаңызға кез-келген құрылғыдан кіріп, бұрын дайындалған материалды жүктеп ала аласыз.

Әрине, қолда бар құралдарды қажетті деңгейде қолданатын болсақ, мектеп үлгерімі айтарлықтай жақсарып, оны дайындау процесі жеңілдейді. Алайда, өмірдің түрлі айла-тәсілдерінен басқа, мидың өнімді жұмыс істеуі үшін жақсы ұйқы мен салауатты өмір салтын сақтауды ұмытпаңыз!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ