«Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық төртінші патриоттық форумы өтті

0
2062

ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған еліміздің барлық өңірлерінің жоғары оқу орындары жастарының басын қосқан «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық гала-фестивалі өтті.\r\n\r\nФестивальді ұйымдастырушылар – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігі.\r\n\r\n

1
ҚазҰУ ректоры
\r\n\r\nҚазақстан қоғамының жемісті дамуындағы маңызды шарттың бірі –еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және қоғамдық өміріне жастардың белсенді қатысуы болып табылады. Ел тәуелсіздігі қалыптасуының алғашқы екі онжылдығы барысында орын алған әлеуметтік-саяси қайта жаңғыруда айтарлықтай дәрежеде “алғашқы нәтиже” болып табылатын студент жастар буыны ерекше мәнге ие. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жолдауларында жастардың ел тағдырындағы шешуші күш екендігін бірнеше рет атап өтті. Мемлекетіміздің болашақ даму бағдары олардың азаматтық ұстанымына тәуелді, дәл осы жастар 10-15 жылдан кейін Қазақстанның бет-бейнесін айқындайтын болады.\r\n\r\nФестивальдің салтанатты ашылуында сөз алған әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалым Мұтанов ұйымдастырушылар алқасына республиканың 63 жоғары оқу орнынан 1500-ден астам жұмыстар келіп түскенін айта келіп: «Олардың ішінен 400 талантты студенттің шығармасы іріктеліп алынды. Бүгінгі форумға Қазақстандағы 63 университеттен 281 автор шақырту алды. Олардың барлығы бүгінгі шараға қатысып отыр. Барша қатысушыларға алғыс білдіремін», – деді.\r\n\r\nФорум аясында бір ай бойы хабарланған байқаулар бойынша студенттік жұмыстар қабылданды. Олар: «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық жобалар байқауы, «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын» атты студенттік эссе байқауы және «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы болды. Әр байқау бойынша секциялық отырыстар өткізіліп, әділқазылар алқасы жүзден жүйрік шыққандарды таңдап, әділ шешімін шығарды.\r\n\r\nҚазҰУ-дың Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында номинациялар бойынша форум жеңімпаздарын марапаттау рәсімі, форумныңсалтанаттыжабылуы өтті. Беделді мамандардан құралған тәуелсіз әділқазылар әрбір байқау нәтижесі бойынша форум жеңімпаздарын анықтады.\r\n\r\n«Менің ел дамуына қосқан нақты үлесім» атты студенттік инновациялық жобалар байқауында 1-ші жүлделі орынды және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігі тағайындаған арнайы сыйлықтың иегері — М.Хайдари атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Каршева Ксения. «Қуанышымда шек жоқ. Біздерге осындай мүмкіндіктер жасаған ұйымдастырушыларға алғыс айтамын. Мен еліміздің ииновациялық дамуына қосқан нақты үлесім» атты инновациялық жобалар байқауы бойынша жеңімпаз атанып отырмын. Маған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де 1 жыл тегін оқу гранты беріліп отыр. Мүмкіндікболса, магистратурамды осы ЖОО-да жалғастырғымкеледі», –деді Ксения Каршева.\r\n\r\n«Мен өз елімнің  гүлденуі үшін не істей аламын?!» атты студенттік эссе байқауында қатысушылар «Ақиқатқа адалдық», «Парасат», «Нұрлы ой», «Асқақ арман» атты номинациялармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.\r\n\r\nАл, «Ең үздік жұмыс» номинациясымен Қазақ ұлттық университетінің «журналистика» факультетінің 1-курс студенті Қастай Дастан марапатталды.\r\n\r\n«Мен жастарға сенемін!» атты жас ақындар байқауында 1-ші жүлделі орынды және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да бір жыл тегін оқу грантының иегері –М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті – Ғилымжанов Марлен.\r\n\r\nӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткен форум ҚР Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналды. Аталған форум биыл төртінші рет өтіп отыр.\r\n\r\n \r\n\r\nЖаңбырбай Назерке\r\n\r\nОразбай Жансая\r\n\r\nСтуденттік баспасөз Орталығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ