«Менеджмент» пәнінен өткізілген олимпиада сценарийі

0
868
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаттары:

  1. білімгерлердің пәннен  алған білім денгейлерін анықтау.

2)п ән бойынша алған білімдерін кеңейту және тереңдету.

3) өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға жауапкершілікке тәрбиелеу.

4) білімгерлердің  ой-өрісін кеңейту,бәсекелестік қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдттар ,бағалау кестесі,Командалардың аттары жазылған  сілтемелер,тапсырмалар.

Ескертпе:Әр команда 5 ойыншыдан болады,Олимпиада тапсырмаларын орындау ұжымдық  және жеке сипатта болады.

Өткізу  барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:1)командалардың  орналасуы,

2)төрешілер алқасымен танысу

4)топтарды таныстыру

5)тапсырмалардың таратылып берілуі.

1І. Негізгі бөлімі:

1.Олимпиада өткізудің  мақсаттарын  жариялау.

2.Оқытушының кіріспе сөзі

3.Төрешілердің таныстыру

4.Тапсырмалардың орындалуы және бағалануы.

1.Қорытынды бөлімі

6.Олимпиаданың жалпы қортындыларын шығарып,жеңімпаздарды марапаттау.

7.Олимпиаданы жабу.

 Жүргізуші:  Бүгін сіздерді болашақ «ветеринария» мамандығының білімгерлері арасында «Менеджмент» пәнінен олимпиада өткелі отыр. Мұнда қатысушыларымыздың осы пәннің теорияда және жалпы өмірде алған білімдерін ұштастыра отырып, білімгерлердің тапқырлығы мен жылдамдығы сыналады. Ал, енді біздің қатысушы топтарымызға сәттілік тілейміз

 Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі менеджмент пәнінен олимпиадамызға хош келдіңіздер Біздің ойыншыларымыздың «қатысушыларымыздың) жауаптарының дұрыс бұрыстығын анықтайтын  төрешілерімізді таныстыра кетейік:

  1. ______________________
  2. ______________________
  3. ______________________

Сайыс бірнеше кезеңнен тұрады :

  1. кезең__Көкпар__________
  2. кезең__»Сен білесің бе?__
  3. кезең __»Ой толғау»_____
  4. кезең «Өзге тілден қалайсың»

Олай болса,  бүгінгі сайысымызға қатысатын  «Оқу білім азығы, білім ырыс қазығы» ұранымен жарысымызды бастайық

 Жүргізуші: Ал командалар,  Дайынбыз ба? Онда ойынымызды бастайық, бірінші кезең «Таныстыру». Әр топтың топ басшысы шығып, өз тобын таныстырады

Топтар  өздерін таныстырады:
1   «Болашақ» командасы
2  «Менеджер» командасы
3   «Құлагер» командасы
Барлығыңызға сәттілік тілейміз!

Жүргізуші  Керімқұл С: Біздің сайыскерлеріміз өздерін таныстырып болған сияқты, енді   кезекті Ітур «көкпар» . Бұл кезеңнің атының өзі айтып отыр, яғниКоманда мүшелеріне бес сұрақтан беріледі.Егерде жауап берілмесе ол сұрақ келесі командаға қойылады.Бір жауапқа-2 балл.

1- команда сұрақтары

1-і сұрақ.Менеджменттің анықтамасы

Жауап.Басқа адамдардың  көмегімен  жұмыстың орындалуын қамтамасыз ету.

2-і сұрақ..Ғылыми басқарудың қалаушысы.

Ж-п.Американ инженері Ф.Тейлор(1856-1915).

3-і сұрақ. Маслоу бөліп көрсеткен 5 қажеттілік

Ж-п.физиологиялық, қауіпсіздік пен болашақта өзіне сену , әлеуметтік орталыққа, өзін — өзі сыйлауға және сыйластыққа қажеттілік

4-і сұрақ.. Ресми ұйым анықтамасы

Ж-п. Жетекшінің әрекетімен құрылған топтар.

5-і сұрақ Менедмент сөзі қандай тілден алынған?

Ж-п Ағылшын

1-і сұрақ . Лидер дененіміз кім?

Ж-п. Басшы, көсем алдыңғы қатарда жүруші,ел басқарушы.

2-і сұрақ.Менджменттің қызметтері.

Ж-п.Жоспарлау,ұйымдастыру,мотивация,бақылау

 

2- команда

1-і сұрақ.Менеджер дегеніміз кім?

Ж-п. Өндірісті басқару жөніндегі маман, жалгер басқарушы.

2-і сұрақ .Басқару әдісінің түрлері

Ж-п.Бұйрықты әдіс, экономикалық әдіс, әлеуметтік психологиялық әдіс

3-і сұрақ.Коммуникация анықтамасы

Ж-п.Екі немесе одан да көп адамдар арасындағы ақпарат алмасу

4-і сұрақ.Басқару стильдері

Ж-п.автократиялық, басқарушы демократиялық, либералды

5-і сұрақ.Мотивация дегеніміз не?

Ж-п. Жеке және ұйым мақсаттарына жету үшін қызметтеөзін және басқаларды қозғау процессі.

3-і сұрақ. Бейресми ұйым.

Ж-п.белгілі бір мақсатқа жету үшін өзара байланысқа түсетін, аяқ астынан құрылған адамдар тобы.

4-і сұрақ.Жанжал ұғымына түсініктеме беріңіз

Ж-п.екі немесе одан да көп адамдар арасындағы келісімнің болмауы

І кезең бойынша төрешілердің  командаларымызға берген  ұпайлары …  Төрешілер ұпай көрсетеді

Жүргізуші Керімқұл С: Енді ІІ кезең «Сен білесің бе?». Мұнда Қазақстан тарихындағы елді басқарған ұлы зиялылар аталуы керек. Яғни, бұл кезеңде сіздер ұяшықтарды таңдап,  номинация бойынша  бес адам есімдері аталуы керек.Бір адам-бір балл.

Қазақстан тарихындағы елді басқарған ұлы зиялылар.

Караточкалар номинация бойынша  таратылады сол бойынша бес тұлғаны атауы керек.

Бір адам-бір балл.

1.Хандар:

2.Билер:

3.Батырлар:

4.Кенес одағындағы қоғам қайраткерлері:

5.Қазіргі уақыттағы топ топ-менджерлер және басқарушылар:

6.Біздің ауданымыздың ірі кәсіпорындары және басшылары.

 Жүргізуші: Ал, дұрыс жауапқа төрешілер өз бағаларын бере отырып, біз келесі кезеңге көшейік. Төрешілер ұпай көрсетеді

Жүргізуші Керімқұл С: Келесі кезеңіміз «Ой толғау» бұл кезеңде берілген мақалдардың мағынасын айтып беру керек.Дұрыс жауапқа-1-ден 3 баллға дейін.

1.Ет сасыса тұз себеміз,тұз сасыса не себеміз?

Жауабы:ел билейтін адамдар бұзылса не істейміз?

2.Пышақ өз сабын өзі кесе алмайды.

Жауабы.бір туған жақын адамдар бір біріне жамандық істеиейді.

3.Жақсының ашуы-Жібек орамал кепкенше.

Жауабы:Кек сақтамайды.

4.Құнан тұлпар мен құнан қойдың құны бір ме?

Жауабы:білімді мен надан, дарынды мен дарынсыз.

5.Бүргенің басынан балтамен шапқандай.

Жауабы:кіші қателікке үлкен жаза берілмейді.

6.Бір гүлден ара бал жасайды,жылан у жасайды.

Жауабы:алған білімін жақсылыққа,ал біреу жамандыққа пайдаланады.

 Жүргізуші:  Командаларға үлкен рахмет, ал төрешілер сіздердің берген жауаптарыңызға байланысты өз ұпайларыңызды сәйкесінше бағалап отыр, сонымен біз ары қарай  кезегіміз келесі туға да келіп жетті. Келесі кезеңіміз «Өзге тілден қалайсыз» Бұл кезеңде Сіздерге жұмбақтар жасырылады.

Жұмбақтың жауабын және сол жауаптың орысша және ағылшынша аудармалары айтылады. Егер жұмбақ жауабы үш тілде дұрыс айтылса 3 балл, тек екі тіле айтылса 2 балл, бір тілде айтылса 1 балл беріледі.

Сонымен жұмбақтарды кім біледі екен?

  1. Есігі жоқ,

Тесігі жоқ,

Ақ доптың ішінде

Несібі көп                                          (жұмыртқа-яйцо-egg)

  1. Жел соқса,

Жайқалып толқиды

Ел оқыса,

Тұла бойың балқиды                              (өлең-песня-song )

  1. Бірі ыдысқа керек,

Бірі жүріске керек                                  (аяқ-нога-foot)

  1. Ұрмай соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады.                            ( пияз-лук-onion)

  1. Ақ қиыршық еритін,

Ас жоқ одан жеритін                          (тұз-соль-salt)

  1. Аппақ ас, сызы бар

Балалар қызығар                             (балмұздақ-мороженное-ice cream)

Жауаптарыңызға рахмет. Төрешілер,  командаларымыздың ұпайларын санай отырыңыздар.

Сонымен бізде соңғы кезеңімізге келіп жеттік. Бұл екезеңде бейнебаян көрсетіледі. Сол бейнебаянды мұқият көріп, сонда болған оқиғаға байланысты өз пікірлеріңізді айтып, талдау жасап  отырыңыз. (бейнебаян көрсетіледі)

Командаларымыздың пікірлерін тыңдадық, сіздерге көп рахмет. Төрешілеріміз ұпай санын санап біткен сияқты, ондай болса кезекті төрешілерге берейік.

Барлық топтарға белсенділік танытқаны үшін рахмет айтамыз, жеңімпаз топқа жеңістеріңіз құтты болсын дей отырып, достар келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ