Менің балам: Кеше. Бүгін. Ертең (ата-аналармен тренинг)

0
3200
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Тренинг тақырыбы: Менің балам: Кеше. Бүгін. Ертең

Тренинг мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіре отырып, ата-аналарға өз баласының ерекшелігін білуге, оның жан дүниесін түсінуге, ата-ана бойына өздерін тәрбиеші әрі мұғалім ретінде қарауға жауапкершілігін арттыру.Бала тәрбиесінде мектепі мұғалімдермен, мамандарымен ата-ананың байланысын нығайту, ұстаздармен бірлескен әрекетке тарту.

Көрнекілігі:

«Ата-ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді». (Б.Г.Белинский)

Тәрбиелеудің мақсаты-баламызды бізсіз өмір сүруге үйрету.

Балалар-бүгінгінің қонағы, ертеңгінің қожайыны.

Баланы  бұзуға,  түзеуге   себеп   болатын  бір   шарт- жас   күнде   көрген   өнеге.

Жүсіпбек   Аймауытов

Барысы:

І.Кіріспе:

Құрметті ата-аналар! бүгінгі тренингке алтын уақыттарыңызды бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершілігіңізді сезініп, келіп отырғандарыңызға көп-көп рахмет! Сіздерден жұмысымыздың барысында мына заңдылықтардың орындалуын сұраймыз.

-Бір-бірімізді тыңдаймыз

-Белсенділік танытамыз

-Уақытты үнемдейміз

-Өз ойларымызды ортаға саламыз

Қызығушылықты ояту «Қолғап» ойыны

Интерпритация:

-Қолғап сыңарын табу оңай болды ма?

-Байланыс нені білдіреді деп ойлайсыз?

Топқа бөлу. Тренинг: «Үш түс-үш есік»

Үш столда сары, көк, қызыл үш түсті қағаз қойылады.Бұлар үш есік деп аталады.Қатысушылардан қай есікке кіретіндіктерін сұрайды.Әр қатысушы өзінің кіретін есігін пайымдайды.Жауабы төмендегіше:

Сары түс-өте әсершіл, сезімтал, көпшіл, ерік-күші мол, қайсар, түрлі идеяға толы жансыз.Бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайсыз.Баланың жетік дамуына барлық жағдай жасайсыз.

Қызыл түс-бірбеткей, мақсат-мұратыңыз үшін күреске дайынсыз.Балаға қатал талап қоясыз.Ескертулеріңізді балаңызға мүмкіндігінше жұмсартып жеткізіңіз.

Көк түс-ақкөңіл, байқампаз, табиғатқа құмар адамсыз.Бала тәрбиесіне кей уақытта немқұрайлы қарайсыз.Балаңыздың оқу істерін жиі бақылауға алғаныңыз дұрыс деп кеңес береміз.

Эксперимент ойын «Өз балаңызды таныңыз»

Мақсаты: Ата-ананы қаншалықты өз баласын білетіндігі жөнінде ойландыру.

Қатысушылардың балаларының сүйікті жыл мезгілі, сүйікті тағамы, сүйікті ісі, достарының есімі аталады.Ата-ана менің балам деп танығаны қолын көтеруі керек.

Мағынаны тану

  1. Менің балам: Кеше

Ата-аналар балаларының кіші жасындағы мінез-құлқына тоқталады.

  1. Менің балам: Бүгін

А) Өзекті проблема: білімі, тәртібі жөнінде сынып жетекшісі хабарлама жасайды.

Ә) Пікірталас алаңы «Баламды түсінемін бе?»

І топ: 1.Жанұяда бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

2.Балаңыз сізден көмек сұраса, сіз істеп жатқан жұмысыңызды немесе көріп отырған телекөрілімді тоқтата аласыз ба?

3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателіктеріңізді мойындайсыз ба?

ІІ топ: 1.Балаңыздың жасына қарамай онымен ақылдасасыз ба, пікірімен санасасыз ба?

2.Өз балаңыздың досының ата-анасымен байланыс жасайсыз ба?

3. Сіздің балаңыз туралы жағымсыз ескертпелер айтылса, себебін қайдан іздейсіз?

І топ: 1.Балаңыздың кемшіліктері бола тұрса да, оның жетістіктеріне қуана аласыз ба?

2.Балаға қатаң талап қою бала тәрбиесіне кедергі келтірмей ме?

3.Балаңызға берген уәдеңізді қалай орындайсыз?

Б)Бейнеролик «Балалар әлемі»Ата-аналар тұжырым жасайды.

В) Оқушылардың хаттары оқылады

3. Менің балам: Ертең

«Менің баламның болашағы» макет құрастырады

“Екі бақа” туралы аңыз:

Сарайда тұрған шыныдағы қаймаққа екі бақа түсіп кетеді. Біреуі, шыға алмайтынына көзі жетіп, қақтығыспай өліп қалады. Ал екіншісі,  шыға алмайтынына көзі жетіп тұрса да, қақтығысқанының бәрі бекер сияқты көрінсе де, секіре береді. секіре береді. Бірақ, аяғында қаймақ, әлгі бақаның секіргенінен, қоюланып, майға айналады. Әлгі бақа сөйтіп, секіріп шыныдан шығып кетеді.

ІІІ. Ой-толғаныс

«Жүректен жүрекке»

Қорытындылау.

Жиналысқа қатысушылар тізімі

Қатысушы ата-аналар тізімі Қолы


Сарина Галия Асылбековна
«№4 ЖОББМ» КММ-нің
бастауыш сынып мұғалімі
Шалқар қаласы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ