Менің әжем (Шығарма)

1
14911
Иллюстрация: Freepik.com

Әже — баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже — отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік.

Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады.

Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады.

****                                         ****                                     ****

Менің әжем өте мейірімді, көрікті жан. Мен кішкентайымнан ата-әжемнің қолында өстім. Олар мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем сәл қатаңдау. Әжемнің үнемі біздің қасымызда болғанын қалаймын. Мұңайсам әжеме жеткізуге тырысамын.

Мен мектеп-интернатта оқимын. Сондықтан әжемнің «құлыншағым, ботақаным, айналайын» деген сөзі үнемі құлағыма келеді. Мейрамымен құттықтасам, жадырап, масайрап қалады. Әжемнің үлкейген сайын сәл нәрсеге ренжіп қалатынын байқап жүрмін. Сондықтан ренжітпей, қуантуға тырысамын. Сабақтан жақсы баға алсам, бірінші әжем естиді. Қуанады.

****                                         ****                                     ****

Менің әжем ең тамаша адам. Оның жасы қазір 69-да. Ол Шалқар қаласында туып-өсіп, сонда жұмыс жасаған. Қазір зейнеткер. Әжем — әкемнің анасы, менің ақылшым.

Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.

Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.

Ұқсас материал: 

  1. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз
  2. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
  3. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
  4. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  5. М. Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңы
  6. М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз
  7. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз
  8. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы сөз бен мінез (характер – адамның ішкі сипаты) жасаудағы шеберлігін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
  9. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  10. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ