Н.НАЗАРБАЕВ ЕНДІ ҚАЙДА ОТЫРАДЫ?

0
1575

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан былай Тұңғыш Президент қорының ғимаратында отыратын болды, деп хабарлайды «Айқын» ақпарат.

Ақордада жаңа Президент Қасымжомарт Тоқаев отырады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті  – Елбасы Қоры – қызметі кәсіби басқару және жобалардың жүйелілігі қағидаларын ұстанатын ірі коммерциялық емес қор. Қор 2000 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен құрылды. Бүгінде Қор адам капиталының бәсекелесу қабілетін арттыруға және қазақстандық жаңа ұрпақтың қалыптасуына бағытталған Президент идеяларын жүзеге асырып жатыр. Қор жұмысы талантты жастарды қолдауға, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамытуға, бәсекеге қабілетті сараптама-талдау орталығын дамытуға бағытталған.

Біздің сайттарымыз Martebe.kz және Qaztest.kz  білім сайттары ҚР Тұңғыш Президенті қорының сыйлығы, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпаздары атанған болатын. Біз сайттарымыз арқылы Мемлекеттік тілді дамыту қоры мен Президент қоры жобаларына қолдау білдіріп, ақпараттық әріптестік қарым-қатынасымызды одан әрі жалғастыра береміз.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ