Нашақорлық — болашағыңа жасалған қастандық

0
7926

“Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін

жағымсыз әрекет – ол нашақорлық”

Н.Ә.Назарбаев.

Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат болып ержетуіміз керек. Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр. Егер 2000 жылдың қорытындысы бойынша есепте 38 мыңнан астам адам болса, қазіргі таңда 54 мыңнан артық адам есепте тұрады екен. Олардың ішінде 4500 әйел және 3800-ден астам бала бар. Қазіргі заманда нашақорлықтың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң балалардың өмірге жиі келетіні бәрімізге белгілі.

Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Қазіргі таңда Қазақстанда 55 мың нашақор бар екен. Негізгі мәселе нашақордың санында емес, жасында болса керек. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт – бағдар беретін аға – апаларымыз есірткіні “ табыс көзі ” көріп, қаншама адам өмірін құртып отыр. Олардың тіпті мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін.

Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне ұңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты – нашақорлық.

Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама!

Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады. Менің ойымша, оған көптеген себептер бар. Біріншіден, бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салыну. Екіншіден, бір сәттілік ләззат үшін шоқ басқанын білмей қалған жастардың қателігі. Кейбіреулер Абайдың сөзімен айтқанда:

“ Тамағы тоқтық, қайғысы жоқтықтан” азады.

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың денің са да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да

Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді.

Бүгінгі жастардың ой – арманы, мақсат – мүддесі, тілегі, тірішлік – тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет – бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, рухани және физикалық тепе – теңдікті бұзатын зиянды заттардың бірі.

Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасына өте тез уландыратын аса қауіпті психикалық дерт. Оны әсіресі жас ағза тез қабылдайды. Бұл адамның көңіл – күйін, сана – сезімін, мінез – құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желігіне ұшыратады, нащақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Есірткі – аса қауіпті, айығуы үмітсіз әлеуметтік дерт және осыған жету үшін дұрыс жолды білмейтін балалар да бар.

Есірткіге басталса егер әуестік

Ертеңінде қояр оған әуес қылып

Үшінші күні құмарлығың артады.

Келер күнде магниттей тартады

Бұл сөзімді кімдер қалай ұғады

Деме қайдан нашақорлар шығады?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ