Оғыз мемлекеті (Сабақ жоспары)

0
1360
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы –Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы,қоғамдық құрылысы,мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;

2.Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

3.Оқушылардан қазақ жеріндегі өркенниетті мемлекеттер туралы   мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілігі: Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, «Оғызнама» дастаны, қалалар, қолөнер бұйымдарының суреттері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

І.Оқу құралын тексеріп түгелдеу

ІІ.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?
  2. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?

3.Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейтуде кімдермен күрес жүргізді?

4.Қағанат билігі неліктен Қарахан  мемлекетінің қолын көшті?

5.Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?

6.Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.

7.Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?

ІІІЖаңа сабақтың жоспары:

  1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.
  2. Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.
  3. Саяси жағдайы.
  4. Шаруашылығы
  5. Кәсібі мен қолөнері.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып,оқып шығу қажет.Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.

Әрбір тақырыпшаның мазмұнын ашу үшін картамен жұмыс асау, кесте толтыру,сөйлемдерді толықтыру ұсынылады.Қарлұқұ

Өзіндің жұмыстың алғашқы тапсырмасы- сынып болып оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, ортлығы әлеуметтік-этникалық құрамы бойынша № 1 кестенің қажетті бөлімін толтыру. Сабақ барысында картаны пайдаланып,Оғыз мемлекетінің жер аумағын,орталығын көрсету тапсырылады.Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанына көңіл бөлген жөн.

Енді сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беріледі.

  • тапсырма. Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін сипаттама беру.

а)  Жабғу_______________________________________________________

Инал______________________________________________________

Атабек______________________________________________________

Сюбашы_____________________________________________________

Күл-еркін___________________________________________________

ә)    Халық  жиналысы_____________________________________________

қаңқаш   __________________________________________________

Ұлы және кіші құрылтай ______________________________________

Бұл тапсырманы орындаған топқа оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін түрік қағанатының қоғамдық-әкімшілік құрылысымен салыстыра отырып, жауап беруіне көңіл аудару керек.

  • тапсырма. Картаны пайдалана отырып сұраққа жауап беру ұсынылады.

Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым

қатынас орнатты және кімдерге қарсы күресті?

Сұрақтарға нақты жауаптар жазу арқылы оқушылар Оғызмемлекетінің сыртқы саясаттағы мақсатына жету жолындағы күресі туралы мәлімет ала отырып, оғыз мемлекетінің саяси жағдайымен танысады.

3-тапсырма Оғыз және қарлұқ мемлекетінің қалаларына салыстырмалы талдау жасау тапсырылады.

Оғыз                             Қарлұқ

мемлекеті                    қағанаты

1.Қалалардың пайда болуына шаруашылықтың әсері.

2.Қалалар туралы тарихи деректер.

3.Қалалардың орналасқан жері

4.Бүгінгі күнге дейін аты сақталып келген қалалар

Мұғалім бірнеше варианттағы тапсырмалар беру арқылы оқушылардың сабақты жеңіл түсінуіне жол көрсете отырып, оқушының ойлау қабілетін,тапқырлық,байқағыштық, зеректік, сияқты қасиеттеріне барлау жасай алады.

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.Оғыздың Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстануына не себептер болды?

2.Оғыз тайпалық одағының құрылып, дамуына қандай жағдай әсер етті?

3.Оғыздардың қоғамдық құрылысы қандай болды?

4.Оғыз мемлекеті жаңа жерлерді басып алу мақсатын қалай жүзеге асырды?

5.Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне не себеп болды?

6.Оғыз мемлекетінің шаруашылығы, кәсібінің дамуы туралы не білесің?

Ү. Бағалау: Оқушылардың жауаптарына байланысты бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма: өтілген тақырыпты оқу, №1 кестені толықтыру.

Оқушыларға Оғызнама деректері бойынша сол кездегі дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарға сәйкестендіріп бүгінгі жас ұрпақтың моральдық талаптары қандай болуы керектігін жазып келуді тапсырамын.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материалдар: 

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ