Ою — өрнек танытар мың тіліңді (ашық сабақ)

0
7160

Түйіндеме: Интернат тәрбиеленушілеріне арналған тәрбие сағатымды ұсынып отырмын. Тәрбие сағаты жоспарын жаңа тәсілдерді тиімді және орынды пайдалану арқылы тәрбиеленуші бойында қазақтың көнеден келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған қолөнер бұйымдарын дәріптеу.

Мақсаты: Тәрбиеленушілерге қазақтың ою — өрнектері туралы түсінік беру, жасалу жолдарын үйрету,ой өрісін дамыту, ұлттық өнерге ұлттық киімге қызығушылықтарын арттыру, киімге салатын ою түрлерімен таныстыру, әдемілікке сұлулыққа , ойлау қабілеттерін дамыту,  тарихымызбен таныстыру.

Түрі: Сайыс сабақ

Тәрбиелік мәні: Алған білімдерін тұрмыс тіршілікте өз қажеттеріне пайдалана білу.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, технология, бейнелеу өнері.

Әдіс — тәсілі: Суретті сұрақтар

Көрнекіліктер:буклет, қанатты сөздер, ұлттық киімдер, түрлі-түсті қағаз, қайшы желім, скотч, зергерлік бұйымдар.

Жоспар
1. Кіріспе
Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет – салты, ырым – тыйымы, дәстүрі бар. Халқымызда қыз бала жанының нәзік сезімталдығы, әдептілігі ер балаға қарағанда біраз өзгеше қарым – қатынасты қажет ететіні заңды.

Қазақ халқында «Қыз қылығымен сәнді», «Қыздың жолы жіңішке» деген ұғымдар ертеңгі күні қыз баланың әдепті инабатты ибалы сүйкімді болуын қалаған тілектен туғаны анық. Қазақ қыздары өз беделін абыройын әрқашан биік ұстаған , бүгінге өткізгелі отырған «Ою — өрнек танытар мың тіліңді» танымдық сабағымызда қазақтың қолөнер шеберлері, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің атқарған ролі өте зор екенін айта кеткіміз келіп тұр.

Ою – өрнек өнері табиғатта да бейнелейтін өнер түрі – қазақтың ою – өрнегі.

Қазіргі таңда қолөнер шеберлері өздерінің туындыларына ою-өрнекті ұтымды пайдалану үшін өрнектің жасалу принцептерімен техникасын үйренуде. Оны біз кез келген тұрмысқа қатысты заттардан кездестіріп жүрміз. Ата-ананың аялы алақандағы балалық шақ, интернаттағы балалардың ең бір бақытты шағы, алаңсыз кезі.

Біз интернатымызда тәрбиеленуші ұлдарымызбен бірге қыздарымызда заман талабына сай ақылды да, парасатты, тәрбиелі инабатты қыз болып өскенін қалаймыз. «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі», — деген баланың сүйкімділігін, жанының нәзіктігін, өнер – білімге бейім тұратын сергектігін аңғартса керек.

Сондықтан бүгін балауса қыздардың интернатта қандай тәрбие алып жүргенін көріп бәріміз куә болайық.

Ою — өрнек танытар мың тіліңді
Интернаттың қыздары тұр білімді
Қазақтың қасиетті оюларын
Дәріптеп көрсетуге бәрі ынтықты

Демейміз заман –сөздері
Түбі бүтін өзгерді
Бақтарыңды сынап сайыста
Көрінетін кез келді.
Ортаға қатысатын қыздарымызды шақырамыз:

А. Енсепов күйі « Оюлар ». Ф.Оңғарсынова

Түрін – ай текеметтің! Асыл қандай!
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
«Келе ғой қошақаным, өзіме!»деп
Әжем кеп сипағандай шашымнан — ай.

Күйімді кешсеңдер –ау со беттегі,
Тұрғандай ана – көңіл тербеп мені.
Жан бітіп жайраңдады жан жағымнан,
Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.

Аңсаумен күнім өтті қанша менің,
Желбұрда басқұрда ма аңсау емім
Әжемнің көзіндей бұл оюларды
Таба алмай дала кезіп шаршап едім.

Елестеп көз алдымда сән шақтарым,
Келгендей құлағыма аңсатқан үн.
Түрінен текеметтің көріп тұрмын
Әжемнің тарамысты саусақтарын.

Шебер көп бұл заманда кілең керім,
Болмайтын ажыратып түр – өңдерін.
Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан
Әжемнің оюындай жыр – өрнегім…

Болардай басқұр, өрнек маған медет,
Белгісі балғын шақтан қарар жебеп.
Сүйеніп тұскиізге тұрып қаппын,
Көз жазып оюлардан қалам ба деп.

Әділқазы алқаларын сайлау.
Әділқазы береді
Өздеріңе билікті
Өнерде кім жеңеді,
Сол алады сыйлықты.

Әділқазылар алқасы: 
Сайыстың ашылуы кезегін бишілерге береміз. А Қалаубаеваның «Көңілді күн» әніне би билеп береді.

1. Өзін-өзі таныстыру . «Сөз анасы – сәлем»
«Сөз анасы – сәлем»,- дер дана халқым
Өмір бойы сыйлап өскен ата- салтын.
Сәлем берді баршаңа оқушылар
Деніңіз сау жүзіңіз болсын жарқын!

Биязы сөзі тәтті балдай екен,
Ақ жүзді албыраған таңдай екен,
Қырдағы қызғалдақтай тұр ән жинап
Инабатты ибалы қыз қандай екен

2.Халық әні немесе би
1 – Т. Қанапиева «Қыз қуу » биімен ортаға шақырамыз.

Қазақ көйлек киемін, қос етегі бүрмелі
Кестеленген жиегін, кең даланың гүлдерін
Камзол кием қынай бел, толған ою-өрнекке
Билесін деп сұрайды ел,
Өнерімді көрмекке,- деп жас қызымыз Г. Ильясованы «Қамажай » биімен ортаға шақырамыз.

Табаны жерге тимейді
Біздің қыздар ғажап билейді
Би сұлулық, әсемдік сымбаттылық бұл дейді, — «Өзбек биі» орындайтын ……………….

Келесі кезекте ………….. «Үнді биі»
Келесі ………………………..орындауында «Қазақ биі»

Қазақтың этнографы өнертанушы Садық Қасиманов пен архитектор ғалым Төлеутай Бесенов ою туралы көптеген деректер жинап оюдың 200 түрін қағазға түсірген. Ою – өрнек өнері эстетикалық жағынан жоғары көтерілді, кеңінен қолданысқа ие.

3. Шеберлер сайысы «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын»

Ою – өрнекті салып не қиып дағдыланған шебер өлең жазған ақын сияқты, табан астында мағынасы мен құрылымы жағынан сәтті үйлестіріп қиып береді. Ол үшін тәжірибе көп болу керек. Көне дәуірдегі қолданбалы өнерде егіз өрнегін егіз аңды жануарларды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе теңдікті сақтау ұғымын білдіреді, және де барлық оюлардың симметриялық осі болады.

Қос етекті қыздар қандай сырғалы?
Бешпент киген жігіттерім тұлғалы
Жібекпенен Баяндайын көрікті
Сұлтандар – ай шекпен киген сырмалы

Толған айдай толып тұрған кемелі
«Қыз Жібектей» арта берсін беделі.
Барша жұртқа үлгі болсын демекпіз,
Қазағымның салт дәстүрі, өнері

1 – тапсырма
Ортадағы ұлттық киімдердегі ою түрлерінің атын атау.

2 — тапсырма
(Ою, Ұлттық киімдерге дайын оюларды құрастыру,
түрлерін айыру) Ортаға М. Мукаримов күйімен шақырамыз.

Келесі кезекте …………………………… орындауында халық әні «Әгугәй»

Тәрбиеші: Қазіргі таңда аңдық стильді ою – өрнек саласы топтарға бөлінеді.

1.Өсімдік тәрізді ою – өрнек «жапырақ, үш жапырақ ағаш» т.б.

2. Зооморфтық жан – жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері( сынық мүйіз, табан, бота, мойын, қосмүйіз. Қошқармүйіз)

3.Космогониялық «дөңгелек, ирек, торкөз» т.б. Қазақ ішіндегі сан алуан ою – өрнек атаулары лексикасематикалық топқа ғылыми тұрғыдан былай бөлінеді.

1. Ай мен жұлдыз – аспан әлеміне байланысты ою- өрнектер
2. Малдың дене мүшелеріне байланысты ою – өрнектер
3. Аңға аңның дене мүшесіне байланысты ою-өрнектер
4. Құрт-құмырсқаға байланысты, олардың ізіне ұқсас ою-өрнектер
5. Құстарға байланысты ою -өрнектер

6. Жер су өсімдік бейнелі ою – өрнектер.
7. Қару құралдарға байланысты ою -өрнектер
4. Ою — өрнек танытар мың тіліңді

Сұраққа жауап береді, тек білімді ( Сұраққа жауап)
Ал, қыздар қалайсыңдар?

Сендер өтер алайда талай сын бар
Тапсырма ал сан қилы сан сауалдар
Дұрыс жауап берсеңдер жарайсыңдар
Ою оюжапсыру, қай түрге жататынын анықтау, қазақтың ұлттық киімдеріндегі ою
түрлер ін атап шық

Мақалды жалғастыру
1.Тауықты тойындыра алмайсың
Қызды киіндіре алмайсың

2. Бір жақсы қыз екі жаман ұлға татиды.

3. Ұлдың ұяты әкеге
Қыздың ұяты шешеге.
Жаңылтпаш жаңылмай айт

4. Оюшы оюды ойды, оюды ойша ойды.

5. Оюшы оюын, ойынан ойлап ойды

5.Үй тапсырмасы «Қолөнерім — өз қолыммен!»

Үйден жасалған қолөнер бұйымын тапсыру
( Кім және қалай жасалғанын айтып шығу)
Тәуелсіздік алғаннан кейін аңдық стиль өнерін игерушілердің жаңа өкілдері келуде.
Біздің еліміздің мемлекетіміздің нышаны Елтаңба мен Жалауымызда аңдық стиль өрнектері кездеседі.

6.Тренинг « Сабақты қорытындылау»
Қазір осы қатысып отырған жас ұрпақ болашақ бойжеткендердің өнерімен ісмерлік шеберлерін қорытындылауға сабақтың қалай өткендігі туралы өздерің бағалайсыңдар. Берілген сұрақ жауап бойынша өткізілген іс – шара 100% ұнағандары анықталды.

Білім ғылым – өнерге
қанат қағар кездерің
Ата – салтын ертеңге
Жеткізетін – өздерің деп соңғы сөзді «Әділқазылар алқасына» береміз

Қорытынды: Құттықтаулар мен марапаттау

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:

  1. «Нәзіктік» — үлпілдек алқа (сабақ жоспары)
  2. Әйелдердің жеңіл киімдерін жіктеу және сипаттау (сабақ жоспары)
  3. Қазақ халқының ұлттық киімдері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ