Көктемдегі табиғат (сабақ жоспары)

0
1770
Freepik.com

Түйіндеме: Бұл түзету-дамыту сабағында психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту бағыттары қарастырылған. Танымдық, сенсорлық қабілеттерін, қолдың ұсақ моторикасын, сөйлеу тілін дамыту мақсатында қазіргі таңдағы арнайы түзету-дамыту әдістері пайдаланылған.

Тірек сөздер: психикалық дамуы тежелген, сенсорлық қабілеттері, ұсақ моторика.

Диагнозы: Психикалық дамуы тежелген балалар.

Жасы: 3-8 жас

Мақсаты:
— балаларға көктемдегі табиғат өзгерістері туралы түсінік беру;

— балаларды 1- ден 10-ға дейін тура және кері санауға үйрету ;

— ойлау қабілетін, ұсақ қол моторикасын, байланыстыра сөйлеуін дамыту;

— балаларды өз туған жерін сүюге, табиғатты қорғай білуге, оларға қамқор бола білуге,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: монтессоридің құрал-жабдықтары, көктем суреттері, қима қағаздар
(1-ден 10-ға дейін), жемістердің муляждары, қысқыштар, түрлі-түсті моншақтар, түрлі-түсті қарындаш.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі:
— Сәламатсыздар ба, балалар!

II. Негізгі бөлім:
1. Сұрақ-жауап: — Сұраққа жауап береміз:

Мына суреттен нені көріп тұрмыз?
— Қазір жылдың қай мезгілі?
— Суретке қарап көктемде қандай өзгерістер болады?
— Күн жылы ма?
— Күннің түсі қандай?

1. Жұмбақ жасыру.
1.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
Ол не? (күн.)

2. Жылт-жылт етеді.
Жылғадан өтеді.
Ол не? (су)

3. Қыста киімін тастайды,
Көктем де киіне бастайды.
Ол не? (ағаш.)

2. Ал, енді, осы айтқандарымызды іс жүзінде көрсетейікші, балалар. Қане, ортаға жақындайық. Ағашта нелер пайда болады? (ортаға ағаш қойылады)

— Жапырақтар пайда болады. ( балалар жапырақты қыстырады)
— Нелер ұшып келеді? (құстар)
— Құстар қайда қонады? (ағаштың бұтағына)
— Көк шөп қайда өседі? (жерде)
— Төлдер қайда ойнақтайды? (төлдерді орналастырады)
— Бұның бәрі қай мезгілде болады?
— Көктемде

3. Ойын: Гүл, көбелек, қоңыз.
Түрлі-түсті қақпақтарды табу.

4. Сергіту жаттығуы:
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Су құйғанда өседі.

5. Ойын «Не жоқ?»
Алмұрт, жүзім, лимон.

7. Лото жинау «Көктем»

8. Ойын: «Күн мен түн» Мақсаты: балалардың зейінін жетілдіруге арналады.
Ойынның барысы:
Балалар парта үстіне бастарын қойып жатады, «күн» дегенде бастарын көтереді, «түн» дегенде басын партаға қойып көзін жұмады.

9. Қызыл, жасыл, көк, сары стақандарға моншақтарды түстері бойынша орналастыру.

10. Бояу.
— Балалар ,суретте не бейнеленген?
— Күннің түсі қандай?
— Ағаштың түсі қандай?
-Суретте неше терек көріп тұрсындар? (4)
-Балалар, енді осы суретті бастырып, бояуымыз керек.

III. Қорытындылау:
-Балалар, бүгін не туралы айттық?
-Көктемде күн қандай болады?
-Қандай ойындар ойнадық?
-Не жасадық?

-Үйге тапсырма: «Көктем» суретін бояп келу.
-Жақсы, балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?. Сау болыңыздар!

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ