«Нәзіктік» — үлпілдек алқа (сабақ жоспары)

0
1241
Иллюстрация: Freepik.com

Сіз көп нәрсені көре аласыз,оқи аласыз және бір нәрсені елестете аласыз, бірақ мұны істеу үшін сізге дағды қажет, ал дағды – тек техниканы зерттеу арқылы ғана беріледі.

М.Горький

Мақсаты:

Шығармашылық пен ізденіске қол жеткізу барысында жаңа технология элементтерін тимді пайдалана отырып, моншақтардан үлпілдек алқа тоқу техникасын меңгерту.

● Логикалық ойлау, эстетикалық, көркемдік талғамы және шығармашылық қабілетінің
дамуын қалыптастыру

● Сәндік-қолданбалы өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру

«Өсер елдің қанаты – өнерлі ұрпақ»

Шығармашыл тұлға бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты
қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Үлпілдек алқасы – өте әдемі, әсерлі сәндік бұйым. Бұл алқа әртүрлі моншақ, тастар және бисерлерді араластырып, ілмек бізбен тізбектеліп тоқылады.

Ілмек бізбен «Нәзіктік» ҥлпілдек алқасын тоқу үшін қажетті материалдар:

1. Бисерге арналған жіп (леска) – қалыңдығы -0.2 мм, ұз.-30 м.
2. Ілмек біз – қалыңдығы – 3мм.
3. Бекітпе (застежка)
4. Моншақтар
5. Түрлі-түсті бисер (өз қалауыңыз бойынша)
6. Бисерге арналған ине

Қосымша қажетті қҧрал-жабдықтар:
1. Картон қағазы
2. Арнайы қалпақтар
3. Дөңгелекті қысқаш (круглогупцы)

Жұмысты бастаймыз, іске сәт!!

Алдымен ыдысқа таңдаған бисер түрлерін араластырып саламыз. Инемен араласқан бисерді бисерге арналған жіпке (леска) тіземіз. Бисер тізілген бисерге арналған жіптің (леска) ұзындығы — 5 м. болу керек.

Ілмек бізбен 2-3 бисер сала отыра іліп тоқу керек, алқаңыз көбірек үлпілдек болсын десеңіз, арасында бисерсіз бос ілмектер қосыңыз.

Келесі, картон қағаздан трапеция немесе тіктөртбұрыш пішінде үлгі қиып аламыз. Үлгінің екі жақ шетіне инелерді суреттегідей тізіп аламыз. Тоқылған тізбектерді
басынан бастап екі жақтағы инелерге кезекпен іліп отырамыз.

Осылайша тоқылған тізбек біткенше жалғастырамыз.

Ары қарай, суреттегідей барлық инелерде ілінген ілмектерді бисерге арналған жіп (леска) өткізіп, жақсылап байлаймыз. Сыммен бекітіп, арнайы қалпақшаны кигіземіз. Бекітпелерін тағамыз.

«Нәзіктік» — ұлпілдек алқамыз дайын!
Сіздерге қиын да қызықты, жауапты да абыройлы жҧмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Абай Құнанбаев – ұлы ақын (сабақ жоспары)
  2. Шоқан Уәлиханов — дарынды ғалым (сабақ жоспары)
  3. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы (сабақ жоспары)
  4. ХІХ ғасырдағы қазақтың күй өнері (сабақ жоспары)
  5. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  6. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  7. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  8. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ