Үй жануарларының таласы (балабақша ертеңгілігі)

0
1201
Дене шынықтыру

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Үй жануарларының таласы»

Мақсаты: Балаларға заттардың айқын образын көрсете білуге , ертегілер
туралы түсініктерін бекітіп, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыту. Ертегілер арқылы аңдар мен үй жануарларының айырмашылығын ажыратуға үйрету.

Еске сақтау, қиялын, ойлау қабілеттерін дамыту; көпшіліктің ортасында өздерінің қалай ұстау керектігіне тәрбиелеу.
-Бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Білімділік: амандасу үлгілерін үйрету

Дамытушылық: оларды орынды қолдана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Балаларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: әңгімелесу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Аңдар мен үй жануарларының суреттері, конверт, слайд.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптер, үлестірмелі материал, түрлі-түсті қарындаштар автобус макеті.

Әдіс-тәсілдері: түсіндірме, сұрақ-жауап, ойын.

Билингвальды компоненті: мед- бал, шөп-трава, алма- яблока, сүйек- кость, жаңғақ- орешка, ірімшік- сыр.

Мұғалім:– Балалар, қонақтармен амандасып алайық. Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңберге тұрайық !

— Армысың ба- алтын күн!
Арма ма- көк аспан!
Армысың ба- жер ана!
Арма ма — достарым!

Мұғалім:– Балалар, бір-бірімізге жылулық сыйлайық отбасымыз аман болсын!
Матвей – еліміз тыныш болсын!
Арыстан – ақ мол болсын!
Даша – нанымыз көп болсын!
Вика – ата-анамыз аман болсын!
Регина – бәріміз дос болайық!
Азиз – деніміз сау болсын!

Хатшы: — Сәлеметсіздер ме, «Теремок » тобына хат келді.
Мұғалім:– Сәлеметсіз бе, хат тасушы, рахмет. Хатта балалар сіздерді қазақ драма театрына ертегіге шақырыпты. Театрға бару үшін бізге тапсырмалар беріпті.

1-тапсырма . Қорапшада бірнеше ойыншықтар берілген. Сол ойыншықтарды ажырату керек.
Түлкі – ойыншық, жұмсақ, ертегіде қу.
қоян – ойыншық , жұмсақ, ертегіде қорқақ.
аю – ойыншық, қатты, ертегіде момын.
Маша қуыршақ — ойыншық, қатты, ертегіде бұзық.

Мұғалім: – Балалар, жарайсыңдар 1-тапсырмадан сүрінбей өттік.

2-тапсырма. Слайд проектордан аңның суреттерін көрсету ажырату, жабайы үй жануары екенін анықтау.Ойын: «Не нені жақсы көреді?» орындарын тап?
аю     шөп,
сиыр  сәбіз,
қоян    бал,
ит       жаңғақ,
кірпі    сүйек,
тиін     алма.

Сергіту сәті.

Мұғалім: Балалар, қане енді кім жұмбақ біледі жабайы,үй жануарлары туралы .

Слава: — Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (қой)

Вика: Адамға серік,
Күзетке берік. (ит)

Кирилл: Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады. (қоян)

Мұғалім: Человеку верный друг,
Чутко слышу каждый звук.
У меня отличный нюх,
Зоркий глаз и острый слух. (Собака)

Хвост пушистый , мех золотистый,
В лесу живет , и кур в деревне крадет. (Лиса)

Комочек пуха, длинное ухо,
Прыгает ловка, любит марковку. (Заяц)

3- тапсырма. Ертегі «Үй жануарының таласы» балаларға өзге тілде айтып түсіндіріп
автобуспен театрға баратынымызды айтып түсіндіру театрда өзін-өзі ұқыпты ұстауын,
айқайлауға болмайтынын, шағу шағуға болмайтынын айтып түсіндіру.Аялдамаға келдік автобусқа мінеміз абай боламыз.

Ертегі «Үй жануаларының таласы»
Автор: Бір күні Қожайын болыпты. Оның сиыры, жылқысы, түйесі, қойы, иті болыпты. Олар өзара таласа бастапты.

Сиыр айтыпты: Мөө мөө! Қожайын мені жақсы көреді, менің пайдам көп. Сүт беремін.
Сүтімнен айран, қаймақ, май, ірімшік жасайды, етімді пайдаланады менің пайдам көп мөө! – дейді.

Қой айтады: Мее – мее! Қожайын мені жақсы көреді, менің пайдам көп. Менің сүтімнен құрт жасайды, жүнімнен жылы киімдер тоқиды.Қожайын мені жақсы көреді меее-мее!- дейді.

Жылқы айтады: И- го-го-го! Қожайын мені жақсы көреді, менің пайдам көп. Етімнен қазы,қарта, шұжық жасайды. Мінсе көлік боламын, сүтімнен қымыз жасайды өте пайдалы,- дейді.

Түйе айтады: Қожайын мені жақсы көреді, менің пайдам көп. Сүтімнен шұбат жасайды.
Жүнімнен жылы шұлық, көрпе тігеді менің пайдам көп.

Ит айтады: Ав-аав –ав! Қожайын мені жақсы көреді, менің пайдам көп. Үйді күзетемін. Мен адамның досымын, қожайын мені жақсы көреді.- дейді.

Автор: Мына дауды естіген қожайын былай дейді.

Қожайын: Сендер босқа таласпаңдар, барлықтарыңда маған керексіңдер.
Сиырым келе ғой – сен болмасаң маған сүтті кім береді.
Қойым келе ғой — сен болмасаң маған етті кім береді.
Жылқым мында келе ғой – сен болмасаң кӛлікті қайдан табамын.
Түйем келе ғой — сен болмасаң шұбатты қайдан аламын.
Итім мында келе ғой – сен болмасаң мені кім күзетеді.
Сендер босқа таласпаңдар.

Автор: Осыдан бері үй жануарлары тату –тәтті өмір сүріп келеді. Осымен ертегіміз аяқталды. Театрдан келген соң балабақшаға келіп қорытындылау . Қайда бардық?, не көрдік? не білдік?

Балалар мен сұрақ-жауап жүргізу.
Қонақтармен қоштасайық, сау болыңыздар

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар: 

  1. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  2. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  3. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  4. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  5. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  6. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ