Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар.

0
6697

Қысқа мерзімді жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:   Мектеп:
Күні:   Копабаева А.Б
Сынып: 6   Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық  түзу. Қарама-қарсы сандар.
Осы мақсаттары

6.1.1.7. Қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу

 

Сабақ      мақсаты:

1.     Қарама — қарсы сандар анықтамасын түсіну, оларды координаталық түзуде белгілеу.

2.     Оң және теріс сандар координаталық түзуде орналасу жағдайын ажырата білу және тұжырымдау.

3.     Рационал сандардың ішкі жиындары Эйлер-Венн дөңгелектері бейнелеу арқылы айқындау.

Бағалау критерийі

—        қарама — қарсы сандарды ұғымын меңгере отырып, анықтамасын қолданады;

—        координаталық түзуде қарама-қарсы сандар белгілеуді біледі;

—        Эйлер-Венн дөңгелектері сандар жиынының реттелуін бейнелейді.

Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты: Қарама-қарсы сандар ұғымын меңгерген және оларды координаталық түзуде белгілеуді түсіндіре алады.

Пәнге тән лексика мен терминология: «координаталық түзу», «бірлік кесінді», «санақ басы», «оң бағыты», «теріс бағыты», «нүкте координатасы», «оң сан», «теріс сан» «қарама-қарсы сан»

Диалог үшін пайдаланы сөздер мен тіркестер: «түзу бойындағы – …….. санақ басы», «таңдап алынған…….. кесіндісі және координаталық түзудің оң ……. болады», Оң бағытта орналасқан сандар … сандар деп аталады. Теріс бағытта орналасқан сандар … сандар деп аталады. Теріс санға … қарама-қарсы сан болады

Құндылықтарға баулу

 

Индустрияландыру мен инновация негіздегі экономикалық  өсім: Оқушыларға тапсырмалар орындату арқылы Қазақстанның дамуына үлес қостын, сапалы өнімді шығаруға ат салысатын азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру
Пәнаралық байланыс Ой қозғау сұрақтар арқылы шамалардың мағынасына қарай  оң және теріс сандарды ажыратуда оқушыларға Еліміздегі қаржы мәселесіне байланысты экономикалық сауаттылық үйрету
Алдыңғы білім 6.1.1.4 координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу

 

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

— Сыныпта ынтымақтастық атмосфера орнату «Шаттық шеңбері» стратегиясы бойынша оқушылар бір-біріне жақсы тілек сөздер айтып, тенге, доллар, эвро валютарларының бейнесі белгіленген қима қағаздарды бір – біріне сыйға береді.

-Топқа бөлу

Қолдарындағы ақшаның атауына байланысты оқушылар үш топқа бөлінеді. Келесі атаулармен «Тенге», «Доллар», «Эвро» болып отырады. (координаталық түзу, бірлік кесінді, нүкте координатасы)

Жаңа сабақты бастамастан бұрын ой қозғау мақсатында «Кестені толтырыңдар» сыни тұрғыдан ойлай отырып, есептер шығару.

1. Шамалардың тура және қарама-қарсы мағыналарын бір-бірінен ажыратыңдар:

А) Қазақстанда шығарылатын шикізаттардың бағасының өсу мен азаюы туралы кестені толтыр. Мағынасына қарай оң және теріс сандармен жазыңдар

  2017жылы 2018 жылы
  Бағасы арзандады Бағасы қымбаттады
Мыс 12тг 15тг
   
Алтын 3$ 5$
   
Күміс 2 € 8€
   

Ә) Пайдалы қазбалардың қай түрін өндіру дамыту керек екенің көрсетіп кету

Дәптерге сандарды координаталық түзуге бейнелеу.

«Иә», «Жоқ» стратегиясы

Мақсаты: Әрбір дәлелге қарама-қарсы дәлел жазу.

1.     Нөл санына қарама-қарсы ана «0»

2.     Оң санға қарама-қарсы сан оң сан?

3.     Теріс сан координаталық түзудің оң бағытында орналасады?

4.     Координаталық түзідің сол бағытында орналасқан сандар «теріс» сандар дееп аталады?

Осы сұрақ қою арқылы тақырып мағынасын ашамын. Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Слайд, валютарларының бейнесі белгіленген қима қағаздары

Сабақтың ортасы

 

(Т)Тапсырма 1: «Семантикалық карта» әдісі арқылы оқушылардың білімін бекіту

Жыл сайын Қазақстан Республикасы көрші мемлекеттермен біртұтас экономикалық байланыс орната отыра мемлекетке түсетін кіріс пен шығысты көрсету картасын тотыру, координаталық түзуге белгілеу арқылы сол сандарға қарама-қарсы сандарды табу: (бірлік кечсінділерді анықтау)

Қытай Өзбекстан Қырғызстан Ресей
25000 кіріс 10000 шығын 30000 кіріс 5000 шығын

 

0

ҚБ: «Бас бармақ»

(Т) Тапсырма 2: «Алмастыру» әдісі бойынша өткен материалдың ішінде

Кездесетін түйінді сөздерді беру: оң сан, теріс сан «0» саны, қарама-қарсы сан Оқулықпен жұмыс жасай отырып тақырыптағы түйінді сөздерді оқып, тауып топпен талдайды.

 

ҚБ: Жұмыстың соңында смайликтермен бағалайды.

(ЖЖ) Тапсырма 3: «Тізбекте не түсіп қалған» оқушыларға берілген сандар тізбегінен қажетті сандарын координаталық түзуге орналастыру жағдайын қарастыру

Координаталық түзуде берілген 35;-11,5;0,4;-2,5;1,2; -10,5; -8 сандарының қайсысы -11-ден солға қарай орналасқан? Суретін салыңдар.

ҚБ: «Жұлдызшамен» бағалау

(Т) Тапсырма 4: Эйлер-Венн дөңгелектері»   стратегиясы

Мақсаты: Эйлер-Венн дөңгелектері сандар жиынының реттелуін тұжырымдайды және дәлелдейді

Келесі сандардың ішінен 4; -5;  ішкі жиын қағидасын қолданып, Эйлер-Венн дөңгелегінде түстеріне байланысты берілген сандардың астын сыз

 

 


N-Натурал сандар жиыны

Z-Бүтін сандар жиыны

Q- Рационал сандар жиыны

ҚБ: «Кейс-стади» әдісі

Мақсаты: нақты сандардан шығатын жағдаятты талдау, болжау.

Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады, мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Ресурстар

 

Слайд,  Семантикалық карта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 сынып оқулығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірмелік карточкалар

 

 

 

 

Слайд, Эйлер-Венн дөңгелектері

Сабақтың соңы

 

Қорытындылау.

«Бір минут» Оқушылар кезек бойынша 1 минут ішінде сабақ тақырыбы бойынша тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөлейді

Рефлексия

«Табыс сатысы»

Табыс сатысы, стикрлер

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ