Ор­ман­дар­дың азаюы

0
6975
Freepik.com

Тропикалық ормандар – оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен рөл атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды.

Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда орман массивтерінің 40%-і жойылған. Ең көп шығынға ұшырап жатқан елдердің қатарына Бразилия, Мексика, Үндістан, Тайланд жатады.

Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе, 30–40 жылдан соң жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10–12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10–12%-ке көбеюде, яғни оттегі тепе-теңдігінің бұзылу қаупі бар.

Ормандардың жойылуының басты себептері: орман ал­қаптарының ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Рио-де-Жанейродағы конференциясынан соң дамушы елдер орман ресурстарын сақтау  мәселесі бойынша халықаралық келісімге дайын екендіктерін растады.

1993 жылы Бандунг қаласындағы кездесуде әлемнің барлық климаттық аймақтарында орманшаруашылығының  дамуын қамтамасыз ететін бағдарламалар жасау және оны бақылау туралы халықаралық комитет құру жөнінде ойлар  айтылды.

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова, К.Ә.Бертілеуова, Р.Н.Мұнасаева.
  2. «Экология» оқулығынан

Ұқсас материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ