Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуі

0
9724
Freepik.com

П.С.Паллас (1741-1811)

• ͘Академик, табиғат зерттеуші.
• ͘1768-1774 жылдары Қазақстанда экспедиция жасады.
• ͘1769 жылы өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедицияның бірін басқарып, «Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат» еңбегін жазды.

П.И.Рычков (1712-1777)

• ͘Академик, зерттеуші.
• ͘Орынбор өлкесінің Колумбы деген атпен даңқы щыққан.
• ͘Еңбектері: «Орынбор тарихы» және «Орынбор губерниясының топографиясы немесе сипаттамасы»
• ͘1769-1772 жылдары баласы Н.Рычков өлкеде мәліметтер жинастырып,»Капитан Н.Рычковтың 1771 жылдардағы қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік жазбалары» еңбегін жазды (1772).
• ͘Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған.
• ͘Әбілқайыр ханның бейітін суреттеп берді.

В.Н.Татищев (1686-1750)
• ͘Ресейдің тарих ғылымының негізін қалаушы, географ.
• ͘Орынбор өлкесін зерттеді.
• ͘Қазақ тарихын, тұрмыс тіршілігін және мәдениетін зерттеген.

Г.Ф.Миллер (1705-1783)
• ͘Белгілі тарихшы, этнограф.
• ͘Еңбегі: «Сібір патшалығының тарихы».
• ͘Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан.
• ͘Қазақстан туралы бағалы мәлімет қалдырған.
• ͘»Сібір тарихының атасы» атанды.

Қазақстандағы шетелдік зерттеушілер: ағылшын теңізшісі Джон Эльтон (1735); суретші Джон Кэстль (1736); сауда қызметкері Реональд Гок (1741-1742)

XIX ғасырларда Қазақстанды зерттеуге ат салысқан:

• ͘1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды.  ͘1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшыларына қолдау білдірді. «Бөкей мен Мәулен» повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.

• ͘І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша «Азияға жол іздеу» талабымен құрылған әскери экспедицияны басқарды: И.Д.Бухгольц

• ͘Жоңғария картасын жасаған орыс экспедиция құрамында болып, тұтқынға түскен швед офицері: И.Г.Ренат

• ͘XIX ғ. 80 жылдары Жоңғария картасын алғашқы рет орыс география қоғамы жазбасына жазған: В.В.Веселовский

• ͘1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. «Пугачев бүлігінің тарихы», «Капитан қызы» шығармалары. А.С.Пушкин Оралда «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» поэмасымен танысқан.

• ͘1848-1489 жылдары Г.С.Карелин Каспий теңізіне, А.Бутаков Арал теңізіне экспедиция жасады:
• ͘Сырдария өзенінің жағалауларын суртке түсірді;
• ͘Арал теңізі мен Сырдарияның тереңдігін анықтап, картада белгіледі.

• ͘Саяхатшылар Е.П.Ковалевский, Н.А.Северцов, П.И.Небольсин қазақ жерін топографиялық картаға түсіріп, табиғи байлықтарын зерттеді.

• ͘Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, Н.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының тарихына арнап еңбектер жазды.

• ͘XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс тарихшысы А.Левшин болды.

• ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің «Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу» атты еңбегі.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ