Қош келдің, әз Наурыз! (балабақша ертеңгілігі)

0
4589

Мақсаты: Қазақтың ұлттық мейрамы Наурызды тәрбиеленушілерге кеңінен насихаттай отырып, ұлтжанды, мейірімді, халықтық дәстүрді дәріптеуге баулу.

Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдермен келеді. Қазақтың ұлттық киімдерін киген бүлдіршіндер «Көңіл ашар» күйінің сүйемелдеуімен, мерекелік бағдарлама өтетін жерге орындарына келіп тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті.Тойларыңыз құтты болсын!

Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Халқы сүйген мейрамды

Қарсы алайық, Наурызды!

Әжесі мен Наурыз қыз ортаға келеді. (Әжесі шашу шашады).

Наурыз қыз:  Уа, ағайын халайық,

Мұнда назар салайық!

Мерекесі халықтың

Наурыз тойын бастайық!

1-ші бала:       Наурыз тойы-тамаша,

Наурыз тойы-жаңаша.

Табиғат та тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

2-ші бала:       Көктем келді, балақай,

Жасарды жер, алақай.

Наурыз тойын тойлайық,

Әсем әнге салайық.

3-ші бала:       Құстар ұшып келеді,

Наурыз келді алақай!

Күн нұрындай төгіледі,

Көк кілемге жамылып жер.

4-ші бала:       Наурыз-ай, наурыз-ай,

Тәтті көже бересің.

Қарнымыздың тойғаны-ай,

Кетпейді әлі елесің.

5-ші бала:       Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі,

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын, Наурыз мерекесі!

6-шы бала:     Наурыз айы келгенде,

Күн шуағы шашылып.

Жылғалардан су ағып,

Ақ әжелер құлпырып.

7-ші бала:       Би биледік бәріміз!

Егін өңін толқытқан,

Елдің көңілін шалқытқан.

Бас иеміз-Наурыз!

Ән «Құтты болсын әз-Наурыз» (хормен).

Сахналық көрініс «Түлкі мен құмыра» ертегісі.

Бір әйел далаға егін ора келіп, құмыраны сүтімен шөптің арасына тығып қояды.Бұны түлкі көрді де, жасырынып келіп, құмыраның ішіне басын тығып, сүтті ішіп қояды.

Енді түлкі құмырадан басын шығара алмай әлек болады.

Түлкі: -Әу, құмыра!Біраз ойнадың, жетер, жібер менің басымды,- дейді.Қалай жұлқынса да басын шығара алмайды.Түлкі ашуланып:-Қап, бәлем, тұра тұр, жақсылықпен қаламасаң, сені суға батырармын,-деп жүгіріп  келіп, өзенге қойып кетіпті.Сөйтіп, құмырамен бірге өзі де батып кетсе керек.

Би: «Қазақ биі»

Жүргізуші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік. (Әжесі немересін бесікке бөлейді).

Мойнымдағы тұмарым,

Тарқамайтын құмарым.

Тағдыр берген алсын деп,

Ақ бесікке салсын деп.

Мойнымдағы маржаным,

Қорадағы мал-жаным.

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Балам жатсын бесікке,

Пәлесі қалсын есікте.

Жүргізуші: Ал, енді Күш сынасуға, әркімнің өз ептілігін сынауға уақыт келіп жетті.

Ойын: «Күш сынасу».

Жүргізуші: Дастарханымыздан ешқашан ырыс береке кетпесін дей отырып кезекті «Дастархан» әніне береміз.

Ән «Дастархан» (хормен).

Бата беру.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлыс оңға қонсын.

Менің берген бұл батам,

Алланың құлағына салынсын!

Әумин!

Жүргізуші: 22-наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз береке-бірлік әкелсін! Сау болыңыздар!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. «Қош келдің, Наурыз!» /Тәрбие сағатының сценарийі/
  2. Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
  3. Ашық сабақ: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні
  4. 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні! балабақша мерекелік ертеңгілігі
  5. «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тәрбие сағаты
  6. 22- наурыз «Ұлыстың ұлы күні» мерекесіне арналған сценарий

ПІКІР ҚАЛДЫРУ