Қосмекенділердің көптүрлілігі (сабақ жоспары)

0
1179
Гомотетия және оның қасиеттері

Тақырыбы: Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау

Мақсаты: Қосмекенділердің көптүрлілігі,тіршілік ету дағдысы туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер: Қосмекенділердің күптүрлілігі, тіршілік ортасы және тіршілік ету дағдысы туралы біледі;  Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызына баға береді, қорғайды; Құйрықты, құйрықсыз қосмекенділерді бір-бірінен айыра алады.

Керекті жабдықтар: Ресурстар, интерактивті тақта, кестелер, электронды оқулық

Қолданылатын әдістер: Үй тапсырмасын сұрауда қалыптастырушы тест, жаңа сабақты меңгеруде постер шығару, бекітуде ыстық орындық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
Сыныппен амандасу. Сыныпты үш топқа бөлу

1-топ: құйрықты қосмекенділер
2-топ: құйрықсыз қосмекенділер
3-топ: аяқсыз қосмекенділер

Үй тапсырмасын тексеру: Қалыптастырушы тест
Тұсаукесер
— Төмендегі суретте қандай омыртқалылар көрсетілген?
— Төмендегі суретке қарап не айтуға болады?
— Қандай ұқсастықтары бар?

Оқушылар сыни ойлайды, тақырыппен байланыстырады.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын. Табыс критерийлерін шығарады.

Негізгі бөлім
1. Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы
2. Қосмекенділердің көптүрлілігі
3. Қосмекенділерді қорғау

Топтық жұмыс:
Постер шығару: өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 минут, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 7 мин, қорғауға 8 минут уақыт беріледі.
Бір-біріне сұрақ береді.

Мәтінді өз беттерімен оқиды. Көрген видеоларымен байланыстырады.Топ болып
ақылдасады,талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып, қорғайды. Қалған топ екі жұлдыз бір ұсыныс айту арқылы бағалайды. Ең жақсы постер анықталады.

Сабақты бекіту: Ыстық орындық.
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар белгілі бір пікірмен немесе басқа оқушымен, сұрақты мазмұны жағынан кеңірек қылу үшін, бірге алға шығып сөйлей алады.

1. Қосмекенділердің жіктелуі қандай белгілерге негізделген?
2. Құйрықсыз қосмекенділер қайда тіршілік етеді?
3. Өзің тұрған жерде олардың қай түрлері мекендейді?

4. Құйрықсыз қосмекенділердің қай түрлері Қазақстанда мекендейді?
5. Аяқсыз қосмекенділер туралы не айтуға болады?
6. Жетісулық бақатіс туралы не білесің?
7. Қазақстанда сирек кездесетін қосмекендіні ата?
8. Қосмекенділер туралы халық арасында таралған теңеу сөздер, аңыз-әңгімелерді білесің бе?
9.Қосмекенділердің адам өмірі үшін қандай қажеттілігі бар?
10. Өзің тұрған жерде қосмекенділердің қандай түрлері таралғанын,олардың қалай аталатынын анықта.

Бағалау: Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау. Топ басшылары бағалау парағындағы қойған бағалары жөнінде таныстырады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау. Қосмекенділердің көптүрлілігі туралы қызықты деректер жинап келу.

Рефлексия: Оқушылар бүгінгі сабақтан не үйренгендерін, алған әсерлерін айтады.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар: 

  1. Биология пәнін оқыту әдістері
  2. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  3. Қазақ тілінен тест тапсырмалары
  4. «Педагогика» пәні бойынша аттестацияға дайындық сұрақтары (І тест)
  5. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  6. Биологиядан тест тапсырмалары жауабымен

ПІКІР ҚАЛДЫРУ