Отан қорғаушылар мерекесі мен Жеңіс күні құтты болсын!

0
1102
Иллюстрация: Freepik.com

Құрметті, Martebe.kz сайтының оқырмандары!

Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады!

Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын!  Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар!

Қайратты, мақсатты болыңыздар! Еңбекте табыс, таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт тілейміз. Шаңырақтарыңыз биік, керегелеріңіз берік болсын!

Биік шыңдардан көрініңіздер! Баян батырдай батыл, Қозы көрпештей көрікті, Төлегендей сүйікті болыңыздар. Райымбектің батырлығын, Қабанбайдың батылдығын, Қарасайдың өткірлігін тілейміз!

Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгілік пен игілік бұйырсын. Ардагерлеріміздің дені сау болып, солдаттар мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін. Ержүрек және жігерлі адамдардың бұл мерекесі әрдайым қуаныш пен бейбіт күн әкеле берсін!

Ізгі ниетпен: Martebe.kz ұжымы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ