Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар

0
3765

Азамат пікірінің танылатын орны – пікірталас алаңы. Ол – ой додасы, сөз майданы.

Мұнда сөз ой қазанында қайнайды, қалыпқа түседі, өзіндік келбетімен сомдалып танылады. Пікір айтылады, айтылған  пікірге қарсы ой туады. Пікір айтқан адам өз пікірін дәлелдеуі тиіс.

Сөз қолданысына байланысты кейбір қағидаларға тоқталайық.

1. Пікірталаста қолданылған сөз бәріне түсінікті болғаны дұрыс.

2. Сөзді мағынасына, грамматикалық тұлғаларды мақсатқа сай қолдану, ойды жеткізу тәсілдерін білу қажет.

3. Мақұлдау мәніндегі сөздер (иә, дұрыс айтасыз, сізбен келісуге болады) мен теріске шығару немесе мақұлдату мәніндегі сөздерді (бірақ, дегенмен, мына мәселеге назар аударайық) үйлестіре білген жөн.

4. Қажет кезде сұраулы сөйлемдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білу керек.

5. Сөздің дұрыстығы, тазалығы, жатықтығы – ой айқындығының басты
шарттары.

6. Сөздің күші қарсыласқа әсер ететіндей болу керек.

7. Берілген уақытты үнемді пайдаланып, тақырыптан ауытқымай,
нақты пікір айта білу – қарсыласты сыйлаудың белгісі.

8. Тақырып мазмұнын ашуды басты назарда ұстау керек.

Дереккөз: Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ