«Қазақ университеті» газетіндегі студенттер шығармашылығына талдау жасаңыз

0
1318

«Қазақ унверситеті газеті — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің төл басылымы. Газет 1948 жылдан бері шығып келеді. Негізгі бағыты – университеттің мәдени-көпшілік орындарында және факультеттерінде өтіп жатқан басты-басты жаңалықтармен, оқу-әдістемелік жұмыстарына арналған әртүрлі іс-шаралармен, сондай-ақ, қоғамдық-саяси, тәлім-тәрбиелік маңызы жоғары атқарылып жатқан іс-әрекеттермен оқу-орын қызметкерлерін, ұстаздар мен студенттер қауымын таныстырып отыруға бағытталған.

Газеттің ең басты мақсаты – университеттегі қызметкерлерді, оқытушылар мен студенттерді ғылыми, қоғамдық, мәдени жаңалықтармен, факультеттерде өткен шаралармен, жаңа оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, монографиялармен, сонымен қатар студенттің мамандық игерудегі жаңа көркем шығармашылықтағы табыстарымен таныстыру. Сонымен қатар университеттегі жазуға бейімі бар студенттердің шығармашылығын арттыру.

«Қазақ университеті» газеті негізінен студенттерге арналып, ізденушілердің көмегімен жарық көрген басылым – бүгінгі көптеген қаламгерлер үшін нағыз журналистиканың мектебі болды. Алпыс жылдан асқан тарихында университеттік басылым дамыды, өзгерді, кемелденді. Бүгінде ол республика көлемінде тарайды. Газеттің республикалық мәртебесі редакциялық алқа мүшлеріне оқырмандарымен тығыз байланыста болуға, газет материалдарының мазмұндық деңгейі мен көркемдік безендіруін көтеру міндетін алға қояды. Газеттің сыртқы беті 2007 жылдың наурызынан бастап түрлі-түсті болып жарық көруде. Жаңа беттер, айдарлар ашылуда. Сонымен қатар 2008 жылдың қазан айынан бастап студенттер қосымшасы болып, газет ішіндегі “Өркен” газеті жарық көреді. Бұл жастарға арналған газет қосымшасы үш айда бір рет оқырманмен қауышады. “Өркенде” негізінен тың тақырыптар, жастардың шығармашылығы, жастардың бастамасымен ұйымдастырылған іс-шаралар көрініс табады.

Басылымда жастарға арналған «Рух», «Жалын», «Кафедра», «Алаштан қалған асыл сөз», «Тұғыр», т.б. айдарлар аясында қалам ұстаған студенттердің шығармашылығы жарияланып отырады. Сонымен қатар «ҚазҰУ қыраны», «ҚазҰУ қызғалдағы» деген өзгеше айдарлар жұмыс істейді. Онда университеттің үздік студенттерінің ғылым мен білімдегі, спорттағы, қоғамдық жұмыстардағы жеткен жетістіктері баяндалады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ