Радиожурнал — радиодан берілетін бір тақырыптағы әр алуан жанрлық хабарларды біріктіру формаларының бірі. Мұнда очерк, суреттеме, фельетон, репортаж, сөз сөйлеу, комментарий, музыкалық «беттер» сияқты ірі жанрлы хабарлар біріктіріледі.
Радиожурналдағы хабарлар бірыңғай музыкалық-дыбыстық әуенмен көркемделеді және оларды бір ғана конферансье жүргізеді. Республикалық Радиодан «Жұмысшы өмірі», «Индустриялы Қазақыстан», «Семья және мектеп», «Совет жауынгері», «Күзетке» т. б. радиожурналдар беріліп тұрады.
Қазақ радиосының «Ақ бидай програмасы» астық дайындау кезеңінде эфирге шығады. «Шалқар» информациялық-музыкалық программасы әрбір жарты сағат сайын берілетін қысқа жаңалық хабарлар мен музикалардан тұрады. «Шопандарға арналған радиосағат» эфирден күн сайын естіледі. «Қызықты кездесулер клубы» жас тыңдаушылармен эфир арқылы үзбей байланыс жасап тұрса, «Дала шұғыласы» радиоклубы мен «Ауыл өмірі» радиостанциясы ауыл шаруашылық еңбеккеріне арналған.
Жанрлық белгілері көрсетілмейтін хабарлар әдетте «Комунистік еңбек мектебі», «Насихатшының трибунасы», «Комунисттер туралы әңгімелер», «Миллиондардың Лениндік университеті» сияқты бірыңғай рубрикаларға біріктіріліп берілді. Бұл радиожурналдар 1980жылдардан бастау алған. Кейіннен әртүрлі өзгерістер болып радиолар мен радиожурналдардың атаулары өзгерген.
Бибақыт Ерсайынова
Тұран университеті
3 курс студенті