Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев­ қандай шығармаларды дүниеге әкелді?

0
3652

Сұл­та­нә­лі Бал­ға­ба­ев­тың қия­лы шы­найы­лық­тың шең­бе­рі­нен шық­пай­ды. Жа­зу­дың са­раб­дал жо­лын тау­ып ал­ған жа­зу­шы.

Нұрдәулет Ақыш

Жа­зу­шы­ның қа­ла­мы­нан ту­ған әр­бір шы­ғар­ма за­ман ты­ны­сы­мен үн­де­сіп жа­тыр. Ол от­ба­сы­лық-әлеу­мет­тік жағ­даят­тар ар­қы­лы дәу­ір дер­тін, он­да­ғы адам­зат­тың күннен күн­ге азып-то­зып ба­ра жат­қа­нын же­ңіл ас­тар мен ащы са­ти­ра ар­қы­лы әш­ке­релеп бе­ре­ді.

Моншақ Бекайдарова

Білгенге маржан. Дү­ниежү­зі қа­зақ­та­ры­ның қау­ым­дас­ты­ғы – рес­пуб­ли­ка­лық мәр­те­бе­сі бар ха­лық­­ара­лық үкі­мет­тік емес ұй­ым. Ол 1992 жы­лы қыр­күй­ек­те өт­кен Дү­ниежү­зі қа­зақ­тары­ның құ­рыл­тай­ын­да құ­рыл­ды. Қау­ым­дас­тық­тың не­гіз­гі мақ­са­ты – рес­пуб­ли­ка­дан  тыс­қа­ры, ше­тел­дер­де жүр­ген қа­зақ диас­по­ра­сы­мен жан-жақ­ты бай­ла­ныс ор­на­ту,
мә­де­ни жә­не бі­лім бе­ру мә­се­ле­ле­рі жө­ні­нен жәр­дем­де­су.

Сон­дай-ақ қау­ым­дас­тық та­ри­хи Ота­ны­на кө­шіп кел­ген қа­зақ­тар­ға әлеу­мет­тік қам­қор­лық жа­сап, қай­ырымды­лық ша­ра­ла­рын ұй­ым­дас­ты­ра­ды. Ше­тел­дер­де­гі қа­зақ­тар­дың мә­де­ни ор­та­лық­тары­мен ты­ғыз бай­ла­ныс ор­на­тып, бір­лес­кен бағ­дар­ла­ма­лар­ды жү­зе­ге асы­рып ке­ле­ді.

Саяси түсіндірме сөздік

Міне, қызық! Сұл­та­нә­лі­ні әке­сі 5 жасында әріп та­ну­ға үй­ре­те бас­та­ды. Ана­сы ор­та­лық­тан  «Әліп­пе» оқу­лы­ғын әке­ліп бе­рген. Осы­лай­ша, Сұл­та­нә­лі же­ті жас­қа дей­ін бү­кіл әріптер­ді үй­ре­ніп қа­на қой­май, ба­тыр­лар жы­рын жат­қа ай­тқан. 2–3-сы­нып­тар­дан бас­тап өлең шы­ға­ра бас­та­ған.

Қаламгер қай өңірде туып-өскен?

Сұлтанәлі Базарбайұлы Балғабаев 1946 жылы 21 мамырда Қызылорда облысы, қазіргі Шиелі ауданының «1 май» ауылында шопан отбасын­­да дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін 1964–1966 жылдары туған ауылында шопан болған, ол кезде оқуға түсу үшін міндетті түрде екі  жыл еңбек өтілі қажет екен. 1966 жылы қазіргі
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика  факультетіне түсіп, оны 1971 жылы аяқтап шығады.

Сұлтанәлі Балғабаевтың еңбек жолы қалай басталады?

1971–1976 жылдары «Білім және еңбек»  («Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат») журналдарында, «Жалын»  баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. 1985–1996 және  2003–2005 жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар  мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.

1992 жылдан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, 2002 жылдан «Алтын бесік» журналының бас редакторы, Қазақстан  Жазушылар одағының соңғы үш құрылтайында одақтың басқарма мүшесі  болған. Сонымен бірге қазір Жазушылар одағының Драматургия кеңесінің  төрағасы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық қызмет атқарып жүр.

Қаламгер қандай шығармаларды дүниеге әкелді?

С.Балғабаев 1966 жылы жиырма жасында жас ақындардың республикалық  естивалінде үшінші орын алып, жүлдегер атанады.

1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестер мен әңгімелер жинағы шыққан. Жазушының  «Алтын сағым» (1979 ж.), «Құм мен қызғалдақ», «Шөл» (1984 ж.), «Дала мен  дария» (1988 ж.), «Қазақтың қызыл кітабы» (1988 ж.), «Красная гармонь»  (1992 ж.), «Ең әдемі келіншек» (2006 ж.) атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары басылып шықты. 2009 жылы «Сырдария кітапханасы»  сериясы бойынша қаламгердің «Сыр мен Сарысу», «Ғажайып көктем» атты екі  томдық таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрген.

С.Балғабаев драматургия жанрында да жемісті еңбек етіп келеді. «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес» (Қазақстан Мәдениет министрлігінің жабық бәйгесінде жүлде алған), «Әйелдер әлемі  немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Ғашықсыз ғасыр», «Тойдан  қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр», «Сағыныш пен елес»,  «Өтірік айтпайтын адам», «Әйелдер әлемі» атты пьесалары республикалық театрларда, сондай-ақ өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ театрларында да сахналанды.

Сұлтанәлі Балғабаев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» мерекелік медальдарымен т.б. марапатталған. 

Дереккөз: Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
жаратылыстану-математикалық бағытына арналған оқулық.
Р.Зайкенова, Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова

Басқа да материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ