Сан есім түрлері бойынша тест сұрақтары

0
5437

Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды табыныз. \r\nA) – ға, -ге. \r\nB) – ып, -іп. \r\nC) – ның, -нің. \r\nD) – ау, -еу. \r\nE) – мен, -пен. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nЗаттың санын, ретін білдіретін сөз табын анықтаңыз. \r\nA) Сан есім. \r\nB) Зат есім. \r\nC) Сын есім. \r\nD) Етістік. \r\nE) Үстеу. \r\nДұрыс жауап: А\r\n\r\nКөп нүктенің орына керекті сан есімді жазыңыз. \r\n… қырлы ….. сырлы. \r\nА) Екі, бес. \r\nB) Төрт, үш. \r\nC) Тоғыз, алты. \r\nD) Сегіз, бір. \r\nE) Он, жеті. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nЖұрнақ дұрыс жалғанған жинақтық сан есімді табыңыз. \r\nA) Оннау. \r\nB) Бесеу. \r\nC) Тоғызау. \r\nD) Сегізау. \r\nE) Он бесеу. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nРеттік сан есімді белгілеңіз. \r\nA) Жүз. \r\nB) Тоғызыншы. \r\nC) Бесеу. \r\nD) Отыздаған. \r\nE) Үштен бір. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nТоптау сан есімді белгілеңіз. \r\nA) Бес жарым. \r\nB) Жүзден. \r\nC) Үш. \r\nD) Екінші. \r\nE) Елулеп. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nРеттік сан есімді белгілеңіз. \r\nA) Он бүтін жүз елу бір. \r\nB) Тоқсандай. \r\nC) Жүз жиырма. \r\nD) Екі-екіден \r\nE) Жүз отыз бесінші. \r\nДұрыс жауап: Е\r\n\r\n«Жетеу» -сан есім қай түріне жататынын анықтаңыз. \r\nA) Реттік. \r\nB) Топтау. \r\nC) Есептік. \r\nD) Бөлшектік. \r\nE) Жинақтық. \r\nДұрыс жауап: Е\r\n\r\nБөлшектік сан есімді белгілеңіз. \r\nA) Екі бүтін оннан бес. \r\nB) Үшеу-үшеуден. \r\nC) Жүз шамалы. \r\nD) Жүздеген. \r\nE) Тоғыз жүз бір. \r\nДұрыс жауап: А\r\n\r\nТоптау сан есімді табыңыз. \r\nA) Екі мың. \r\nB) Он-оннан. \r\nC) Тоқсан бес. \r\nD) Бір мың тоғыз жуз. \r\nE) Екі бүтін оннан бес. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nЕсептік сан есімді табыныз. \r\nA) 8-сынып. \r\nB) Алтау. \r\nC) Қырық. \r\nD) Он шақты. \r\nE) Екеуден. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nЕсептік сан есімді табыныз. \r\nА) Бес. \r\nB) Алтау. \r\nC) Сегізінші. \r\nD) Он тоғызыншы. \r\nE) Жетеу. \r\nДұрыс жауап: А\r\n\r\nРеттік сан есімнің жұрнағын табыңыз. \r\nА) –ау, -еу. \r\nВ) –тан, -тен. \r\nС) –ыншы, -інші. \r\nD) –шы, -ші. \r\nЕ) –лау, -леу. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nКүрделі сан есімді тіркесті табыңыз. \r\nА) Үш қала. \r\nВ) Тоғыз қозы. \r\nС) Үш жүз қорық. \r\nD) Бес көлік. \r\nЕ) Үш шақ. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nДара сан есімі бар сөйлемді табыңыз. \r\nА) Есіл өзенінің ұзындығы екі мың төрт жүз елу шақырым. \r\nВ) Балқашта балықтың он екі түрі бар. \r\nС) Барсакелмес қорығы 1939 жылы ашылған. \r\nD) Бурабайдың жағасында он бес демалатын орын бар. \r\nЕ) Біздің қаламызда төрт ескерткіш бар. \r\nДұрыс жауап: Е\r\n\r\n«Бүтін, жарым» сөздері сан есімнің қай түрінде болатынын анықтаңыз. \r\nА) Есептік сан есім. \r\nВ) Реттік сан есім. \r\nС) Жинақтық сан есім. \r\nD) Бөлшектік сан есім. \r\nЕ) Болжалдық сан есім. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nЖинақтық сан есімдер санын анықтаңыз. \r\nА) Он бес. \r\nВ) Жеті. \r\nС) Он бір. \r\nD) Алты. \r\nЕ) Бес. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nБөлшектік сан есімді табыңыз. \r\nА) Он екі. \r\nВ) Екі. \r\nС) Төрттен бір. \r\nD) Төртінші. \r\nЕ) Біреу. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nБөлшектік сан есімі бар сөз тіркесін табыңыз. \r\nА) Алтыншы сынып. \r\nВ) Он екі ай. \r\nС) Жиырма төрт сағат. \r\nD) Екі бүтін оннан бес пайыз. \r\nЕ) Досым жетеу. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nЖинақтық сан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. \r\nА) Жері байдың- елі бай. \r\nВ) Сулы жер құрақсыз болмас. \r\nС) Қоян көлеңкесінен қорқады. \r\nD) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді. \r\nЕ) Құс жеткен жеріне қонады. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nКүрделі сан есімі бар сөйлемді табыңыз. \r\nА) Қазақстанда тоғыз мемлекеттік қорық бар. \r\nВ) Қазақстанда жеті ұлттық табиғи саябақ бар. \r\nС) Қазақстанда екі табиғи резерват бар. \r\nD) Қазақстанда елу жеті мемлекеттік қорық бар. \r\nЕ) Қазақстанда төрт республикалық мәні бар қорық бар. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nРеттік сан есімі бар сөйлемді табыңыз. \r\nА) Қазақстаннан 50 жеке полк батальоны соғысқа қатысты. \r\nВ) Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталды. \r\nС) Қазақстаннан 12 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты. \r\nD) Қазақстаннан 4 атты әскер дивизиясы қатысты. \r\nЕ) Қазақстаннан 7 атқыштар дивизиясы соғысқа қатысты. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nСан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. \r\nА) Әке — балаға сыншы. \r\nВ) Жігітке жеті өнер де аз. \r\nС) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. \r\nD) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. \r\nЕ) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nСан есімді табыңыз. \r\nА) Барлық. \r\nВ) Ешқашан. \r\nС) Қазына. \r\nD) Қырық. \r\nЕ) Қолайлы. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nСан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. \r\nА) Туған жерге туың тік. \r\nВ) Жеті рет өлшеп, бір рет кес. \r\nС) Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. \r\nD) Отансыз адам- ормансыз бұлбұл. \r\nЕ) Татулық табылмас бақыт. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nСан есімі бар мақал-мәтелді табыңыз. \r\nА) Досыңа достық — қарыз іс. \r\nВ) Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді. \r\nС) Ынтымақ түбі — береке. \r\nD) Отанды сүю отбасынан басталады. \r\nЕ) Туған жерге туың тік. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nМақал-мәтелдегі сан есімнің түрін анықтаңыз. \r\nАлтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді. \r\nА) Есептік сан есім. \r\nВ) Реттік сан есім. \r\nС) Жинақтық сан есім. \r\nD) Бөлшектік сан есім. \r\nЕ) Болжалдық сан есім. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nЖұмбақтың шешуін табыңыз. \r\nҚырық екі аты бар, танысаңдар — айтыңдар. \r\nА) Карта. \r\nВ) Әліпби. \r\nС) Дыбыс. \r\nD) Мектеп. \r\nЕ) Кітап. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\n«9, 5, 3, 7» сан есімдерінің дұрыс жазылуын көрсетіңіз. \r\nА) Тоғыз, бесінші, уш, жетті. \r\nВ) Тогыз, бес, үшінші, жети. \r\nС) Тоғыз, бес, үш, жеті. \r\nD) Тогыс, бес, іш, жеті. \r\nЕ) Тогыз, бес, ұш, жеті. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nСөйлемдегі сан есімді табыңыз. \r\nҚазақ тілі үйірмесіне сағат төртте барамын. \r\nА) Қазақ тілі. \r\nВ) Үйірмесіне. \r\nС) Сағат. \r\nD) Төртте. \r\nЕ) Барамын. \r\nДұрыс жауап: D\r\n\r\nЗаттың санын білдіретін сөз табын көрсетіңіз. \r\nА) Зат есім. \r\nВ) Сын есім. \r\nС) Сан есім. \r\nD) Есімдік. \r\nЕ) Етістік. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nБір тәулікте неше сағат бар екенін анықтаңыз. \r\nА) Он екі. \r\nВ) Төрт. \r\nС) Отыз бір. \r\nD) Жиырма екі. \r\nЕ) Жиырма төрт. \r\nДұрыс жауап: Е\r\n\r\nДара сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Алтау. \r\nB) Он төрт. \r\nC) Екі жүз елу. \r\nD) Алпыс бесінші. \r\nE) Екі мыңыншы. \r\nДұрыс жауап: А\r\n\r\nКүрделі сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Алтау. \r\nB) Оныншы. \r\nC) Екі жүз елу. \r\nD) Алпыс . \r\nE) Екі. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nНегізгі сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Алтау. \r\nB) Оныншы. \r\nC) Жеті. \r\nD) Алпыс бесінші. \r\nE) Екі мыңыншы. \r\nДұрыс жауап: С\r\n\r\nЖинақтық сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Алтау. \r\nB) Он төрт. \r\nC) Екі жүз елу. \r\nD) Алты. \r\nE) Екі мың. \r\nДұрыс жауап: А\r\n\r\n-ау,-еу сан есімнің қай түрінің жұрнағы екенін көрсетіңіз. \r\nA) Реттік. \r\nB) Жинақтық. \r\nC) Есептік. \r\nD) Бөлшектік. \r\nE) Болжалдық. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nРеттік сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Алтау. \r\nB) Он төртінші. \r\nC) Екі жүз елу. \r\nD) Алпыс бес. \r\nE) Екі мың елу. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nЕсептік сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Бесеу. \r\nB) Он төрт. \r\nC) Екінші. \r\nD) Бір бүтін оннан бір. \r\nE) Екі мыңыншы. \r\nДұрыс жауап: В\r\n\r\nЖинақтық сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Жетеу. \r\nB) Он бір. \r\nC) Бес жүз елу. \r\nD) Алпыс бесінші. \r\nE) Мыңыншы. \r\nДұрыс жауап: А\r\n\r\nБөлшектік сан есімді көрсетіңіз. \r\nA) Алты. \r\nB) Он төрт. \r\nC) Екі бүтін оннан бес. \r\nD) Алпыс бес. \r\nE) Бес мың. \r\nДұрыс жауап: С


ПІКІР ҚАЛДЫРУ