Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы

0
2880
D:\Users\индира\Desktop\a3ffd7ca8c7edaea3187eec41701c5e4_resize_w_520_h_.jpg
Шәкәрім Құдайбердіұлы

       Елбасы жолдауынан :
                                 «… Ұлылардың  өмірі  мен тағылымы  арқылы тәрбиелеу керек»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мәлімет беру, оның өлеңдерін оқу арқылы  әділдік, адамгершілік, шыншылдық қағидаларымен қаруландыру.

 Дамытушылық: Оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету, шығармашылық, ізденімпаздыққа баулу. Өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыстарда шапшаңдық танытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге төселдіру, зерттеушілік  қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өнерді қадірлеуге, өнер адамдарын құрметтеуге және өнерді сүюге тәрбиелеу.

Көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру.

Міндеттері:

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын байланыстыра отырып, жаңа технологияларды мақсатты пайдалану.
  2. Топтаса дайындалу технологиясы бойынша оқығандарын ортаға салу. Өз ойларын еркін айтып, бір-бірінің пікірін тыңдау.

Күтілетін нәтиже:

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларындағы тың тақырыптарды талдауды, Абай мен Шәкәрім  шығармаларындағы  көркем үндестікті табуды үйренеді.

Сабақтың  типі:  Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың   түрі: Ақпараттық, ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі:  Сұрақ –жауап, түсіндіру,  ой шақыру, ұжымдық оқыту, салыстыру, ой толғаныс, талдау, шығармашылық жұмыс жасау, топтастыру,  мәнерлеп оқу, проблемалық оқыту, пікірталас, рөлдік ойындар, әңгімелеу, топтық, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, тақырып бойынша слайдтар, аудио-видеоматериалдар, стикерлер, плакаттар, түрлі-түсті қағаздар. Аудио-видео материалдар, ақын шығармашылығына арналған көрме.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, география, бейнелеу өнері, қазақ               әдебиеті.

Сабақтың жоспары:

Шәкәрім Құдайбердіұлының  өмірі мен өскен ортасы.

Ақын Шәкәрімнің қалыптасуына Абайдың  ықпалы.

Өлеңдерінің   тақырыбы және тәрбиелік  мәні.

Ақынның мысал өлеңдерінің  идеялық мазмұны.
 Сабақтың  барысы: I. Ұйымдастыру  кезеңі

а) Cәлемдесу, дәрісхана тазалығы мен оқушылардың сабаққа дайындығына, қатысуына көңіл бөлу

ә) Жаңа ақпарат  беру арқылы оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Жапон ғалымы зерттеу барысында өзі үшін қызықты жаңалық ашқан екен. 1миллионнан астам қар қиыршықтарын салыстыра келе,олардың бір-біріне ұқсамайтынын байқаған. Аз болса да, бір-бірінен ерекшеленіп тұрады екен. Сол сияқты өздеріңіздің де бүгінгі сабағымызда бір- біріңізге ұқсамайтын даралықтарыңыз бен ерекшеліктеріңізді көрсетеді деп сенемін.

б) Сабақтың мақсаты мен міндетін таныстыру. Оқушыларды топқа бөлу

I  топ- Ізденушілер

II топ-Әдебиеттанушылар

III топ- Өнертанушылар

б) психологиялық дайындық :  Шаттық шеңбері

Оқушылардың ойын бір ортаға топтау үшін мынадай ой тастаймын. Тілек ағашына қарсылас топқа тілек жазу.

Бағалау  парақтарын топ басшыларына таратамын. Топ бағалаушыларына бағалау парақтары түсіндіріледі.

 Сабақты бағалау критерийлері

1) Тиянақты жауап беру

2) Белсенділік таныту

3) Өз ойын(идеясын) ұсыну

 

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасын орындауы Сабақта белсенділігі Жауабының толықтығы Білімінің тереңдігі Баға

 

  1. Үй тапсырмасын сұрау

Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, шығармашылық жолындағы тың тақырыптарды зерттеу.

I  топ- Ізденушілер

  1. Абай қандай тарихи оқиғалар тұсында өмір сүрді?

II топ-Әдебиеттанушылар

  1. Абай кім?

III топ Өнертанушылар

  1. Ақынның қандай шығармалары, поэмалары бар?

III.  Өткен сабақты пысықтау.
Үй тапсырмасын  «Сөзден сөйлемге»  ойыны  бойынша қорытындылаймыз. Әр топқа бір-бір сөзден беріледі. Сөйлемдер өткен тақырыпты пысықтау мақсатында құрылады.

I  топ- Ізденушілер

II топ-Әдебиеттанушылар

IIIтоп- Өнертанушылар

  1.     Жаңа  сабақ

Жаңа сабақты бастамас бұрын  сабақтың  мақсаты  мен  құрылымын хабарлау

I. Қызығушылықты ояту. Шәкәрім туралы видео

 «Өмірдің басы-бала, ортасы-адам»

ХIXғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы ширегінде өмір сүрген көрнекті қазақ ақыны Шәкәрім 1858 жылыШығыс Қазақстан  облысы Абай аулында дүниеге келген.Абайдың Құдайберді ағасынан туған немере інісі.

«Алдыңғының соқпағын артқы түзер»

Шәкәрім-Абайдан соңғы ең көрнекті тұлға. Бұдан елу, сексен жыл бұрын тыйым салынған ақын шығармалары, өлең-жырлары ел аузында сақталып келді. Еліміз өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ғана ақын есімі мен өлеңдерін қаймықпай айтатын күнге жеттік.1988жылы ресми қаулы шығып, Шәкәрім шығармаларының бағы жанды. Ақын шығармаларын оқу, зерттеу, насихаттау кезеңі туды.

«Мен кетермін, сөз қалар…»

Шәкәрімде  Абайша ғылымды іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілген, Батыстан да, Шығыстан да нәр алган  көп ізденген ақын. Қоғамдық әлеуметтік теңсіздікті сынады,халық тағдыры оны қатты толғандырды. «Бай мен кедей», «Жуандар», «Өкінішті өмір»Шәкәрімнің ағартушылық нысанасын  танытатын өлеңі «Жастарға»өлеңі. Тақырыбы-Абай көтерген адам болу, азамат болу идеясы.

«Адамгершілік-асыл қасиет»

Мысалдар жазу Шәкәрімнің Шығыс әдебиетімен шығармашылық байланысын білдіреді. Адамгершілік қасиеттерді аллегориялық көркемдікпен насихаттайды. «Піскен мен Шикі», «Қасқыр мен түлкі», «Епті тышқан», «Қасқыр, түлкі, бөдене»т.б мысалдары арқылы берген қазақ даласында  кең тараған  мысал жанрын ақын Абай дәстүрі арқылы да,Шығыс классиктері арқылы да жақсы игерген және дамытқанын көреміз.

«Өшпейтұғын  артына із қалдырған»

«Қалқаман -Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу»поэмалары, көркем проза саласында бірнеше шағын әңгімелер, «Әділ-Мария»романы, сондай-ақ Шығыс ақыны Физулидың шығармасы негізінде «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын жазған, орыс ақыны А. С. Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын өз өрнегімен аударып шыққан. Ең таңқаларлық жайт «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» өлеңіне ән жазылуы.

  1. Мағынаны тану

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» үнтаспадан тыңдау

Ой толғаныс

І. “Ізденушілер” тобы

Шәкәрімнің дүниеге келген ортасы, балалық шағы жайында

ІІ. “Әдебиеттанушылар” тобы

Шәкәрім шығармашылығы, өлеңдерінің тақырыптары

ІІІ “Өнертанушылар” тобы

Шәкәрімнің сазгерлігі

Шәкәрім  өлеңдерінің тақырыптары

Шәкәрімнің  өнер –білімге, еңбекке шақыратын реалистік өлеңдері Лирикалық шығарма 

лары

Поэмалары 

 

Аудармалары Әндері
«Шаруа мен ысырап», «Ашу мен ынсап», «Мақтау мен сөгіс», «Мал жимақ», «Міндеу мен күндеу», «Қалжыңшыл қылжақбас» «Жастарға» «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» Пушкин«Дубровский», «Боран» «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Шын сырым», «Ай-күнім»(20- дан астам)

I  топ  

 Абай мен Шәкәрім арасындағы үндестік

Тақырыбы  мен идеясы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың»өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңіне ұқсайды?

Абай Шәкәрім
«Әсемпаз болма әрнеге» «Адамдық борышың»
Пайда көрсең бас ұрып, 

Мақтанды іздеп қайғы алма.

Мақтанға салынба, 

Мансаптың тағы үшін.

Сен де бір кірпіш дүниеге , 

Кетігін тап та бар қалан.

Жоба тап, жол көрсет, 

Келешек қамы үшін.

Ақырын жүріп анық бас, 

Еңбегің кетпес далаға.

Ғибрат алар артына із қалдырсаң, 

Шын бақыт-осыны ұқ,

Мәңгілік өлмейсің!

Өзіңде бармен көзге ұрып, 

Артылам деме өзгеден.

Ақ жолдан айнымай, 

Ар сақта, оны біл.

Мініңді ұрлап жасырып, 

Майданға түспей бәйге алма.

Білімсіз, өнерсіз, 

Болады ақын- тұл

Өлең құрылысына талдау.

Авторы:

Негізгі тақырыбы:

Идеясы:

Жанрлық түрі:

Шумақ, тармақ, бунақ,  буын

II топ

 «Шығарма кестесін» толтыру

Шығарма аты Тұрақты тіркестер Шығармада кездесетін мақал-мәтелдер Теңеу Эпитет
«Адамдық борышың» «Ақ жолдан айнымай» Білімсіз, өнерсіз, 

Болады ақын- тұл

   

 

III топ

 Сергіту сәті: Әзіл сұраққа мақалмен жауап.

Берілген сұраққа мақал – мәтелмен жауап беру.

1, Даладағы қар жана ма?                   Қалауын тапса, қар жанар.

2.Аппақ қарға бола ма?                         Қарға баласын аппағым дейді.

3.Қандай кілт аспанда болады?          Кісідегінің кілті аспанда.

4.Инемен құдық қазуға бола ма?          Оқу инемен құдық қазғандай.

5.Адамның қай мүшесі қорқақ,

қай мүшесі батыр?                                Көз -қорқақ, қол -батыр.

6.Үлкен көз, үлкен сөз бола ма?            Қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен.

7.Көрдім, көрмедім деген неше сөз?    Көрдім деген көп сөз, кермедім деген бір сөз

8.Білгенің қанша, білмегенің қанша?  Білгенің бір тоғыз,білмегенің тоқсан тоғыз

10.Қорқақ неден қорқады?                     Қорқақ көлеңкесінен қорқады

11.Шошқа үре ме?                                  Ит жоқта шошқа үреді.

12.Тауық түс көре ме?                            Тауықтың  түсіне тары кіреді.

 «Детальдарын қосу» әдісі. (5мин)                                                                                                   
Командаларға кеңейтілен түрдегі сөйлем беріледі. Мұндағы мақсат команда мүшелері бірігіп сол кеңейтілген қиындыларды біріктіріп берілген сөйлемді шығару.

Сөйлемдер:

  • Біз болашақтың бастауы мен еліміздің берік тірегі болар жастармыз!
  • Өмірдегі ең басты мақсатымыз адалдықпен жеңіске жету!
  • Армандай отырып сол арманды жүзеге асыру біздің қолымыздан келеді!
  • Біздің таңдаған кәсібіміз болашақтың айқын кепілі болмақ!

VІ. Сабақты қорытындылау (2мин)

Кері байланыс орнату. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін түстер арқылы көрсету.

Қызыл түс: Жаңа сабаққа көңілім толды.

Сары түс: Бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті.

Жасыл түс: Сабақтан жаңа идеяларды байқадым.

VІІ. Оқушыларды бағалау (2мин)

VІІІ. Үйге  тапсырма. (1мин)

Эссе

  өлеңін жаттау

VII. Оқушыларды бағалау. «Өзіңе-өзің баға бер» .  Әр топ бағалаушысы  қарсы топты бағалайды.

Көрсеткіш /бағалау Оқушы бағасы Мұғалім бағасы Қорытынды баға
Үй тапсырмасы      

 

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ