Ұшқыны Ұлы Жеңістің (Ашық тәрбие сағаты)

0
2523

Мақсаты: 

1.     Оқушыларды адамгершілікке,Отанын сүюге,оны қорғауға                                 баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып,патриоттық  тәрбие беру.

2.    Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен ,қазақстандықтардың ерлік істерін таныстырып,ой-өрісін дамыту.

3.    Оқушыларды үлкенді сыйлай білуге,оларды қадірлеуге  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Слайд, соғыс ардагерлерінің суреттері

Барысы:      І.   Ұйымдастыру.  

І-жүргізуші.      Құрметті қонақтар!Бүгінгі «Ұшқыны Ұлы Жеңістің» атты
ашық тәрбие сағатымыз бізге балалық шақ,бейбіт өмір әперген
Ұлы Жеңіске арналады.

ІІ-жүргізуші.    Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ.Әрбір көк-
тем бізді ойша сонау ұмытылмас,әрі көптен күткен 1945 жыл-
дың 9-мамырына қайта оралтады.Неге жарты ғасырдан асса да
сол сұрапыл соғыс тақырыбында кітаптар мен фильмдер,өлең-
дер мен әндер жалғасын табуда?!

ІІ-жүргізуші  Иә,соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына
келтірілді.Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ.Соғыс
кезінде жақын адамынан айырылмаған жанұя жоқ шығар ,сірә!
Сол бір қаралы жылдар 20 миллионнан астам Кеңес адамы құр-
бан болғаны әркімге де аян.

Ақбота           Қаймықпаған  қиындықтың үрейінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атанып,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Айгерім:        Отаным,еркелеймін енді кімге
Өзіңмен нені болсам көрем бірге
Қалайша қабырғама батпас менің
Басыңа қатер бұлты төнген кезде

Айбек.           Мезгілсіз өлген ардагер ұлдар айбыны,
Желбіре тулар,толықсып тұрса май гүлі.
Қуану керек,қуану керек десек те…
Ұмыту қиын,ұмыту қиын қайғыны

І-жүргізуші.   Талай тарих кезеңдерін өткізіп
Сырын-жырын заманына шерткізіп
66-жылда елім менің жаңарған,
Жеңіс күннің даңқын жатыр жеткізіп

ІІ-жүргізуші   Дәл осынау жадыраңқы жай күні
Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
( 1 минут үнсіздік)

Кәмшат.         Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталған

Айдын.           Соғыс жалмап аға,іні,бауырды
Зар жылытты тыныш жатқан ауылды
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз сол бір қырғын дауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы
Бірақ біздер өздеріңнің арқаңда
Көрген жоқпыз қайғы жұтқан даланы

Қан майданға шығарып сап ардағын
Қыз-келіншек түсірмепті салмағын
Көрген жоқпыз өздеріңнің арқаңда
Сай-сүйекті сырқыратқан зардабын
Көрініс: «Соғыс қасіреті»

І-жүргізуші.    Жеңіс…Оны,сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап,
сағаттап сарыла күтті емес пе?Сол Жеңіс жолында Отан үшін
от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.Осы қан
майданда мерт болған ерлердің рухына,бүгінгі арамызда асқар
таудай болып жүрген аталарымызға,апаларымызға басымызды
иіп тағзым етеміз.

Нұрмұхан       Отанға жаулар қаптады,
Опасыз жаулар тапталды.
Қасиетті жер үшін
Қастерлеп батыр жер үшін

Асылбек        Әлия,Мәншүк,Төлеген
Бауыржан,Қасым,ер  Нұркен
Рақымжандай батырлар
Жаулардың көзін жойды олар

ІІ-жүргізуші. Өз халқының батырлығын әлемге әйгілі еткен қазақтың Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұловадай батыр қыздары туралы ақиқат пен аңыз халыққа кең таралды.

Абылай:         Сонау жылы жер-көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк апамыз
Елін жаудан қорғаған

І-жүргізуші.    Мәншүк 1922 жылы дүниеге келген.Шын аты Мәнсия.Анасы еркелетіп Моншақ деп атаған.Әкесі дәрәгер болған.Мәнүк соғысқа өз еркімен аттанған.Мәншүк ол кезде небәрә 19 жаста болатын.Елін жаудан қорғаймын деп алғы шепке сұранып пулеметшу болады.Өзі қорғаған Невель қаласында Мәншүкке арнап ескерткіш орнатылған.

Иманғали:       Айтамыз біз өлең  ғып
Айтамыз біз жыр етіп
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік

ІІ-жүргізуші     Әлия 1924 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған.Екі жасында жетім қалып,Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады.
Кейін ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де,Әлия сол қалада оқиды.Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.Соғыс басталғанда Әлия 17 жаста болатын.Сол кезде майданға өзі сұранып,атқыштар даярлайтын бөлімді бітіреді.Әлия Казачиха деревниясы үшін болған шайқаста ерлікпен қаза табады.

Ән:   Мәншүк,Әлия

1-жүргізуші:     Ер есімі-ел есінде.Кір жуып, кіндік кескен жері үшін,аялап әлпештеп өсірген елі үшін жанған отқа түсіп,жалын кешкен ер азаматтар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.

ІІ-жүргізуіші:   Жеңіске оңайлықпен қол жеткізе алмағанымызды бәріміз де білеміз.Қаншама қалалар мен ауылдар қирады,қаншама ана жарынан,баласынан айырылды.Бұның бәрін біздер
тек қана кітаптан оқып,кинодан көріп білеміз.

І-жүргізуші:    Ал,бүгін біздер сол сұрапыл соғысты өз көзімен көрген,қан майданның ортасында от кешкен Шерханның атасы Сәрсен атамыздың әнгімесін тыңдаймыз.Өкінішке орай Сәрсен атамыз денсаулығына байланысты ортамызға келе алмайды.Біз тек бейне материалын ғана көреміз.

Көрініс:

ІІ-жүргізуші:         Біздің ауылымыздан тек қана менің атам ғана емес көптеген соғыс ардагерлері де бар.Оларға да бір көз жүгіртсек.

1-жүргізуші:          Қаймықпаған қиындықтың жүгінен
Өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ-бақытты ұрпақ атынан
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

ІІ-жүргізуші.          Жеңіс деген- жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Ғазиза:                    Тыныштық! Жаса тыныштық!
Осы сөз бізге тым ыстық
Көркейе берсін еліміз
Көркейе берсін ырыс құт
Бақытты болсын балалар
Соғысты сүймес адамдар
Өркендей берсін қалалар
Қорытынды сөз:        Ал,сендер Отанның қадірін білетін боларсыңдар?

Хормен:                     Біз Отанымызды мақтан етіп ,сүюге,қорғауға ант етеміз.           Рахмет.

Басқа материалдар:

  1. 9-мамыр жеңіс күніне арналған сценарий
  2. Ұлы Жеңіс жасасын! (балабақша ертеңгілігі)
  3. «Жеңіскерлер- ер елдің өрендері» атты салтанатты жиыны
  4. Жеңіс күніне арналған мерекелік сценарий
  5. «Ұлы жеңіске тағзым — мәңгілік тағзым» кітап көрмесі
  6. 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған тілектер жинағы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ