Шие жапырағының қандай шипасы бар?

0
2279

Қазір шиенің бойына бар нәрін жинап жатқан кезі. Осы кезде оның жапырағын шипа ретінде пайдалануға болатынын көп адам біле бермейді.

—  Шиенің емдік қасиеті ежелден белгілі. Халықтық медицинада оны тәбетті ашып, ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға қолданады. Жемістің негізгі қасиеті – ағзаның жалпы қабынуын төмендетіп, зақымданған органдар жұмысын қалыпқа келтіруге септігін тигізеді.

Шие сөлі артық салмақты адамдардың қан қысымы мен тыныс алуын реттейді. Биологтердың мәліметіне қарағанда, шие шырыны немесе тосабы зәр шығару жүйесінің жұмысын да реттей алады. Ал ерте кездері ата-бабаларымыз іші өткен, ұшынған адамға шие бұтағын суға қайнатып ішкізген.

Сондай-ақ шие жүйке ауруларына да ем. Шиенің құрамында қант – 15, пектин – 11, А витамині – 0,3-0,55, С витамині – 15, РР витамині – 0,25-0,4, органикалық қышқыл – 1-1,6% болады екен.

—  Ем үшін шиенің жемісін, жапырағы мен майда бүршіктерін пайдаланады. Шиенің құрамында қант, эфир майлары, А, В, С, РР витаминдері, лимон және алма қышқылдары, мыс бар.

Халық медицинасында шиеден жасалған дәрілерді қақырық түсіретін, тамаққа тәбет шаптыратын, несеп айдайтын дәрмек ретінде пайдаланады. Осы қасиеттеріне бай¬ланысты бұл өсімдік бүйрекке және қуыққа тас байланғанда, бүйрек пен бронх қа¬бынғанда, дененің ыстығы көтерілгенде, тоқ ішек түйіліп ауырғанда қолданылады.

Шиемен іш өткенді, буындардың сырқырағанын емдейді, жас жапырақтарының дене сыртындағы жаралар үшін шипалық қасиеті мол.

—  Шиенің пісіп тұрған жемістерінің сабақтарын қуық қабынғанда, бүйрекке тас байланғанда, іш өткенде, шемен ауруына пайдаланады. Ол үшін ұнтақталған шие жемістері сабақтарының 10 грамын 1 стакан суға салып 10 минут қайнатады да, 1 ас қасықтан 3 рет ішеді.

Табиғаттың өзі сыйлаған тартуды дұрыс қолдана білген жақсы емес пе?

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ