Шолу жанры

0
4781

Шолу — (журналистік жанр) – апталық немесе айлық журналдарға тән жанр. Шолу сараптамалық қорытынды есеп ретінде жүзеге асырлады. Апталық немесе айлық оқиғаларға, я белгілі бір аптаның шулы оқиғасына шолу жасалынады. Шолу түрлі мақсатта жазылуы мүмкін.

журналист өзінің талантын оқырмандарға аңғарту үшін белгілі бір тақырыпты таңдап алып, оған барлық қабілет-қарымын сала отырып, оны «жұтындырып» шығаруға күш салуы қажет. Бұл арада журналист екі нәрсеге мән беру керек: 1. Тақырыптың оқырманды тарта білуі, 2. Сол сәттегі өзекті мәселені тақырыптың қамти алуы. Егер осы екі жайт мұқият ескерілмесе журналистің еңбегі зая кетеді. Сондықтан тақырыпты таңдау мәселесінде «жеті рет өлшеп, бір рет пішу керек».

Табиғатына сәйкес тақырыптар шартты түрде төмендегідей үшке бөлінеді:

1. Оқырманды еліктіретін қызықты тақырып.

2. Күнделікті елең еткізетін оқиғалық тақырып

3. Сараптамалық сипаттағы танымдық тақырып

Егер осы айтылған үш жайттың біреуін журналист мұқият таңдап жан-жақты зерттеп жазса, мақаланың сәтті шығатыны анық. Бұл жөнінде ғалым Э. Лазарева, М. Черепахов және басқалар да жан-жақты жазған.

Сонымен қатар белгілі бір журналистер тек бір тақырып төңірегінде маманданады. Бұның ұтымды тұстары жеткілікті. Себебі ол жылдар бойы өз тақырыбының нағыз шебері болып қалыптасады. Мәселен, қазақ журналистикасының һас шебері Жанболат Аупбаев сирек тұлғалар, сирек фактілер туралы танымдық материалдарымен оқырмандардың ризашылығына бөленген. Автор бұл материалдарын уақыт өте келе топтап алып, жеке жинақ етіп шығарып отырған. Яғни автор «өлмейтін» тақырыпты таңдап алған. Қазақ журналистикасында мұндай мысалдар көптеп саналады.

Тақырыпты таңдау дегенде екі мәселеге назар аударған жөн. Біріншісі, журналистің белгілі бір тақырыпты игеруі. Екіншісі, белгілі бір материалға тақырып қою.

Қазақ журналистикасында өз тақырыбын тапқан талантты публицистер баршылық. Олардың қатарында Жанболат Аупбаев, Несіп Жүнісбаев, Қайнар Олжай, Бауыржан Омарұлы, Талғат Батырхан және басқаларды атауға болады. Олар белгілі бір тақырыптарға маманданып сол тұрғыда тамаша дүниелер жазды.

Екіншісіне байланысты айтпағымыз, ол – тақырып қою. Тақырып – материал идеясының жалпы көрінісі болса, ал материал дегеніміз – ойға алған тақырыпты тұлғаландырып шығаруға қажетті шикізат. Автордың сол материалды ой қазанында балқытқаннан кейін, енді қандай қалыпқа келтіріп, оған қандай рух беруі талантының дәрежесіне, қазіргі заманға көзқарасының ауқымы мен тереңдігіне байланысты. Тақырыпқа назар аудару, беттегі материалдың тақырыбына қарай талғам жасау – әр оқырманның міндеті. Ендеше тақырыпты қоя білу де тапқырлықты, білімділікті талап етеді.

Тақырып – әр материалдың аты, атауы.

Тақырып деген сөздің екі мәні бар: 1. кең көлемдегі тақырып (ауыл шаруашылығы, экономика, саясат т.с.с.); 2. бір хабардың, мақаланың аты.

Тақырып қоюдың негізгі міндеттері:

1. Нақтылық, өткірлік.

2. Тартымдылық.

3. Қысқалық.

4. Сауаттылық.

А) Бас тақырып – біртекті бірнеше материалдың басы құралғанда берілетін тақырып (Бір бетке беріледі).

В) Жанама тақырып. Тақырыптан кейін соның мазмұнын айқындай, толықтыра түсу үшін.

Публицистика компоненттерінің ішінде тақырып мәселесі өзінше роль атқарады. Ол журналистің суреттеу объектісі ретінде өмір құбылыстарының қандайына айрықша назар аударатынын, нені маңызды деп білетінін танытады. Былайша айтқанда тақырып – автордың дүние танымын, идеялық тұрғысын анықтайтын айғақтың бірі. Бірақ оны өз орнында алып, өзге көрсеткіштердің қатарында дұрыс түсіну керек. Мұнда да екі шекке шығушылық мәселенің өңін айналдырады. Бірі – тақырыпқа шамадан тыс артық мән беріп, тақырып маңыздылығымен көркемдік кемшілікті білмеушілік, екіншісі тақырыпқа еш мән бермей, оған немқұрайды қараумен оқушы назарын өмірдің негізгі салаларынан аударып, болмашы нәрсеге бой ұрушылық.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ