Үштаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері (сабақ жоспары)

0
1151

Сабақтың мақсаты:
1. Коррекциялық-білімділігі: үштаңбалы сандарды көбейту және бөлу тақырыптары бойынша алған білімдерін пысықтау.

2. Коррекциялық-дамытушылығы: есеп шығару және есептеу дағдыларын жетілдіру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Коррекциялық-тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, мұқияттылыққа тәрбиелеу; өз беттерімен жұмысқа баулу.

Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, слайд, дидактикалық материалдар.

Сабақтың түрі:саяхат-сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Психологиялық дайындық
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру:

— Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ.
— Бүгін біз «Білім теңізіне» саяхат жасаймыз.(1слайд)
— Теңізге саяхатқа немен шығамыз?
— Кемемен шығамыз.
— Теңіздегі саяхатымыз сәтті болу үшін, сендер сабақта мұқият тыңдаңдар және жақсы анық сөйлеңдер.

— Сонымен қатар, тапсырмаларды дұрыс орындап, ұйымшыл болыңдар.
— Бүгін біздер Мысалдар аралына, Өрнектер, Есептер мен Теңдеулер аралдарына барамыз. (2слайд)
— Балалар, қараңыздаршы теңізде дауыл соғып, күнді бұлт басып қалыпты.
— Мұндай ауа райында саяхатқа шығу қауіпті. (3слайд)
— Қане, күнді бұлттан ашуға көмектесейік.
— Ол үшін бұлттағы тапсырмаларды орындайық. (ауызша есептеулер)
— Жарайсыңдар! Тапсырманы орындадыңдар.
— Күн жарқырап теңіз беті тынышталды. Саяхатқа шығуымызға болады.

ІV. Өткен сабақты пысықтау.
— Алдымен саяхатқа шықпас бұрын өткен сабақты есімізге түсіріп, қайталап алайық.
Үштаңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілдері.

V. Жаңа сабақ.
1. Мысалдар аралы. (4 слайд)
— Біздің кемеміз Мысалдар аралының жағасына келді. — Бұл аралдағы тапсырма.

1-тапсырма: Математикалық диктант.
1. 450-ді 5 есе кеміт
2. 7 шығу үшін 56-ны нешеге бөлу керек
3. Бөлінгіш – 360. Бөлінді – 4. Бөлгіш нешеге тең.
4. 6-ны 7 есе арттыр.
5. 60 пен 30 сандарының қосындысын 2 есе арттыр.

№1
2574*212 4488/26
3671*235 281820/385
4206*214 20834/22

VІ. Көзге арналған жаттығу. (5слайд)

2. Есептер аралы. (6 слайд)

№2. Есеп шығару.
Ақауы бар су шүмегінен ең аз тамшылағанның өзінде бір тәулік ішінде 150 л ауызсу жоғалады. 672 сағ ішінде неше литр су пайдаланылмай, ысырап болады?

VІІ. Сергіту сәті. (7слайд)
3. Өрнектер аралы. (8 слайд)
№3 Кесте бойынша өрнектер құрастырып, мәнін табу. 4. Теңдеулер аралы. (9 слайд)
№4 Теңдеу шешу.
(3850 + 1892) ׃ х = 638 786 · х = 83201 + 22909

VІІІ. Сабақты қорытындылау. (10 слайд)
— Біздің саяхатымыз да аяқталып қалды. Сабаққа ұйымшылдықпен қатысуларыңыздың
арқасында өз жерімізге қайта оралдық.
— Ал, егер сабақта риза болып, әрі бұданда жақсы қатысар едім десеңдер көк түсті балықты;
— Егер сабақта тапсырмалар қиын болған болса, қызыл түсті балықты көтеріңдер. (11слайд)

ІХ. Оқушыларды бағалау.
— Балалар, бүгін сабаққа барлығыңда жақсы қатыстыңдар,берілген тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.

Х. Үйге тапсырма.№5, 65 бет

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ