Смағұл Елубайдың өмірі мен еңбегі

0
6255
Смағұл Елубай

Біз өле-өл­ген­ше қа­зақ ті­лі үшін кү­ре­се­міз. Мәң­гі­лік Ел бо­лу­дың ке­пі­лі
ұр­па­ғы­мыз­дың ана ті­лін бі­луін­де жа­тыр. Ана ті­лін ұмыт­қан ха­лық­тың
өз-өзі­нен жер бе­ті­нен өшіп, жо­ға­лып жат­қа­нын көз кө­ріп отыр. Бү­гін­гі ұлт­тың
ұра­ны – Мәң­гі­лік Ел бо­лу.

Сма­ғұл Елу­бай

Тала­нт­қа ең ке­ре­гі екі нәр­се: ең­бек жә­не ба­тыл­дық. Сма­ғұл Елу­ба­ев­та осы­ның еке­уі де тү­гел, тұ­тас. Өз­ге шы­ғар­ма­ла­рын өз ал­ды­на қой­ған­да, Сма­ғұл аз жыл ішінде үш ро­ман жаз­ды. Бұ­лар – күн де­мей, түн де­мей, ұзақ са­рыл­ған ең­бек­тің же­міс­тері. Ал ба­тыл­дық­қа кел­сек, үш ро­ман да («Ақ боз үй», «Мі­нә­жат», «Жал­ған дү­ние») қа­лам­гер­дің қай­сар ба­тыл­ды­ғы­нан, ке­рек де­се­ңіз, тіп­ті ба­тыр­лы­ғы­нан ту­ған.

Зей­нол­ла Қаб­до­лов

Сма­ғұл Елу­ба­й – қа­зақ про­за­сы­ның кә­сі­би дең­гей­інің өсуі­не үл­кен үлес қос­қан жа­зу­шы. Жа­зу­шы қа­ла­мы­нан ту­ған көр­кем ту­ын­ды­лар идея­лық-көр­кем­дік, ру­хани тұр­ғы­дан да, та­ным та­ра­пы­нан да ма­ңыз­ды шы­ғар­ма­лар бо­лып та­бы­ла­ды. Сан алу­ан та­қы­рып­ты ар­қау ет­кен шы­ғар­ма­ла­ры­ның тіл кес­те­сі де көр­кем де бей­не­лі.

Гүл­сім Еле­ме­со­ва, Бо­та­гөз Құ­рал­қа­но­ва

Біл­ген­ге мар­жан. Біз жур­на­лис­ти­ка­да оқып жүр­ген­де фа­куль­тет­тің қа­быр­ға га­зе­тін­де Сма­ғұл­дың «Бұ­рал­қы» де­ген әң­гі­ме­сі жа­рия­лан­ды. Ша­ғын ға­на әң­гі­ме­де бір ит­тің кө­ше­де қаң­ғып жү­ріп, қа­лай аш­тан өл­ген­ді­гі ба­ян­да­ла­ды. Бас-ая­ғы жұп-жұ­мыр, әде­мі әң­гіме. Бо­ла­шақ жа­зу­шы­лық үл­кен жол­дың бас­тауы іс­пет­ті. Жа­бы­ла оқып, Сма­ғұл­ды
қу­ана құт­тық­тас­тық.

Бі­рақ қуа­ны­шы­мыз ұзақ­қа со­зыл­ма­ды. Аяқ ас­ты­нан шу шы­ғып, фа­куль­тет­те әл­гі әң­гі­ме­ні тал­қы­лау жи­на­лы­сы өт­ті. Тал­қы­лау­да әл­де­кім­дер сөй­леп: «Бұл әң­гі­ме Со­вет өкі­ме­ті­не қар­сы жа­зыл­ған. Сма­ғұл­дың қаң­ғы­бас ит деп мең­зеге­ні кім? Со­вет ада­мын бұ­рал­қы ит­ке те­ңеп отыр», – деп соқ­ты. Оқу­ға жа­ңа түс­кен біз­дер аң-таң­быз. Сма­ғұл­ды іш­тей ая­ға­ны­мыз­бен, қор­ғап сөй­леу­ге еш­қай­сы­мыз­дың ба­ты­лы­мыз да, ақы­лы­мыз да жет­пе­ді. Мұ­ға­лім­дер де үн­сіз. Сол сәт­те ор­ны­нан Баққо­жа (Мұ­қай) кө­те­рі­ліп, бұл әң­гі­ме­ге сон­ша­ма сая­си ас­тар бе­ріп, тыр­нақ ас­ты­нан кір із­деу­дің ре­ті жоқ­ты­ғын, зооло­гия­лық үр­діс­те­гі мұн­дай шы­ғар­ма­лар үл­гі­сі әлем­дік әдеби­ет­те бар екен­ді­гін ай­тып, Сма­ғұл­ға ара­ша түс­ті. Ма­на­дан не іс­те­рін біл­мей тү­не­ріп отыр­ған де­ка­ны­мыз мар­құм Тау­ман Аман­до­сов та ар­қа­сы­нан ау­ыр жүк түс­кен­дей сіл­кі­не сөй­леп, бол­ма­шы­дан бә­ле із­деу­дің ая­ғы жақ­сы­лық­қа апар­май­тын­ды­ғын ай­тып, шыр-пыр бол­ды. Ұзақ­қа со­зыл­ған тал­қы­лау­дың ая­ғы Сма­ғұл­ға сө­гіс бе­ру­мен тын­ды.

Не­сіп­бек Айтұлы

Сма­ғұл Елу­бай 1982 жыл­дан бас­тап Ал­ма­ты қа­ла­сы­ның ба­тыс жа­ғын­да­ғы
Ақ­сай де­ген жер­де­гі бір бұ­лақ­тың ба­сы­на шо­пан аға­сы­ның ки­із үй­ін ті­гіп қой­ып, үш жаз бойы жал­ғыз жа­тып, 30-жыл­дар­да­ғы ашар­шы­лық жай­лы «Ақ боз үй» ат­ты тұңғыш ро­ма­нын жа­зған.

Сма­ғұл Елу­бай қай жер­де ту­ып-өс­кен?

Смағұл Абатұлы Елубай 1947 жылы Түрікменстан Республикасының Шаржоу облысы Керкі ау­данында дүниеге келген. Жазушының ата-бабасы ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық кезінде Ақтөбе облысы Байғанин ауданынан Қарақалпақстан аумағы арқылы өтіп, Түрікменстанға қоныс аударған. 1961 жылы оның әке-шешесі Қазақстанға оралды.

Жа­зу­шы қай жер­де бі­лім алып, қыз­мет іс­те­ді?

С.Елубай Алматы қаласындағы №12 мектепте оқиды. 1971 жылы қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіреді. Еңбек жолын 1971 жылы Шығыс Қазақстан облысының аудандық газетінде тілші болып бастаған. 1972 жылы кино жүйесіне ауысады. 1974–1975 жылдары Мәскеудегі сценаристер мен режиссерлер дайындайтын Жоғарғы курста дәріс алғаннан кейін 1976–1992 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында бас редактордың орынбасары, 1992–1995 жылдары республикалық «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналының бас редакторы, 1995–2004 жылдары Прагадағы «Азаттық» радиосының журналисі, 2008–2010 жылдары
«Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы қызметтерін атқарады.
2010 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының
«Кино тарихы және теориясы» кафедрасында профессор.

Қа­лам­гер қан­дай ту­ын­ды­лар­ жаз­ды?

Жазушының кітаптары: «Ойсылқара» (1972 ж.), «Саттар соқпағы»
(1974 ж.), «На свете белом» (1982 ж.), «Жарық дүние» (1978 ж.), сондай-ақ «Ақ
боз үй» (1990 ж.), «Одинокая юрта», «Мінәжат» (1992 ж.), «Жалған дүние»
(2000 ж.), «Бренный мир» (2000 ж.) романдары, «Қиямет-қайым ғасыры»
(2015 ж.) ойтолғауы, «Век страшного суда», «Ақ боз үй» (2017 ж.) 2 томдық
таңдамалы, «Lonely yurt» (2016 ж.) ағылшын тілінде, «Una yurta solitaria»
(2018 ж.) испан тілінде, «Arasat meidany» (2017 ж.) түрік тілінде жарық көрді.
«Ақ боз үй» («Одинокая юрта») романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше
рет басылды. Жазушының осы романына ашаршылық жылдардағы нәубеттің
көріністері арқау болған.

С.Елубай кітапты жазар алдында ата-бабасының жүрген жерлерін аралап, сол заманның куәгерлерімен жүздеседі. Шығарма оқырманды сол уақытқа алып барып, тарихтың еншісінде қалған нақты шындықтарды көркем
тілмен баяндап, кейіпкерлердің мұңдасына, сырласына айналдырады. Әрбір
оқырман кітапты жүрегі тіліне оқи отырып, оқиғаны өзі бастан кешіргендей
әсер алатыны сөзсіз. Бұл роман 1985 жылы жазылып біткенімен, сол кездегі баспалардың қай-қайсысы да идеологиядан жасқанып, басып шығаруға
келіспеген. Тіпті кітаптың шығуына қарсы жабық рецензиялар ұйымдастырылады. Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ғана кітаптың жарыққа шығуына
мүмкіндік болады.

«Мінәжат» және «Жалған дүние» шығармалары – «Ақ боз үй» романының
жалғасы. Жалпы жазушының әр туындысы қазақ халқының тарихымен байланысты.

Сма­ғұл Елу­бай не­ше көр­кем фильм­нің сце­на­рийін жаз­ған?

С.Елубай: «Қызыл отау» (1982 ж.), «Ай астындағы үй» (1983 ж.), «Өтелмеген парыз» (1983 ж.), «Сұрапыл Сұржекей» (1992 ж.), «Батыр Баян» (1992 ж.),
«Кек» (2004 ж.), «Аңшы бала» (2012 ж.), «Алмас қылыш» (2016 ж.), «Қазақ
хандығы» телесериалы (2016 ж.), «Оазис» (2016 ж.), «Бала ғашық» (2018 ж.),
«Алтын тақ» (2019 ж.) көркем фильмдерінің сценарийлерін жазған.

Жазушы «Сұрапыл Сұржекей» фильмі үшін Ашхабадта өткен ТМД кинофестивалінің бас жүлдесін, «Аңшы бала» фильмі үшін Голливудта өткен IFFF
кинофестивалінің бас жүлдесін, мәдениет саласындағы Мемлекеттік грантты,
қазақ «Пен-клубы» сыйлығын алды. 2013 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген
қайраткері» құрметті атағы берілді. «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен
марапатталған.

Дереккөз:  Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова, 2020 жыл.

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ