«Мен» тұжырымдамасы мен риторикалық сұрау туралы

0
1892

«Мен» тұ­жы­рым­да­ма­сы – адам­ның өзі жай­лы бір­ша­ма тұ­рақ­ты, аз­ды-көп­ті
мә­ні бар тү­сі­нік­те­рі­нің жүй­есі.

«Мен» тұ­жы­рым­да­ма­сы не­гі­зін­де же­ке адам өз­ге­лер­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­сап,
өзі­не де­ген көз­қа­ра­сын қа­лып­тас­ты­ра­ды. Адам бой­ын­да­ғы «мен­дік» қа­си­ет адам­ның
іс-әре­ке­ті мен әлеу­мет­тік ор­та­мен қа­рым-қа­ты­нас жа­сауы ба­ры­сын­да қа­лып­та­са­ды.
Кез кел­ген адам­ның өз «ме­нін» ай­ыра алуы тұл­ға­лық қа­си­ет­тің өзек­ті бел­гі­сі бо­лып та­бы­ла­ды.

«Мен» тұ­жы­рым­да­ма­сы әлеу­мет­тік өза­ра іс-қи­мыл­дың ал­ғы­шар­ты мен сал­да­ры бо­ла тұ­ра, әлеу­мет­тік тә­жі­ри­бе ба­ры­сын­да анық­тала­ды.

Оны құ­рай­тын­дар:

• шы­найы «мен» (осы шақ­та­ғы өзі ту­ра­лы тү­сі­нік);

• идеал­дық «мен» (өзі­нің пі­кі­рі бой­ын­ша, суб­ъек­ті­нің мо­раль­дық нор­ма­лар­ға бағдар ал­ған­да қан­дай бо­лу­ға ти­іс екен­ді­гі);

• сер­пін­ді «мен» (суб­ъек­ті­нің қан­дай бол­ғы­сы ке­ле­тін­ді­гі);

• фан­тас­ти­ка­лық «мен» (егер мүм­кін бол­са, суб­ъек­ті­нің қан­дай бо­лу­ды ар­мандай­тын­ды­ғы) т.б.

«Мен» тұ­жы­рым­да­ма­сы­ның қа­лып­та­суы адам­дар ара­сын­да қыз­мет ал­ма­су жағ­дай­ын­да жү­реді, оның ба­ры­сын­да суб­ъект «бас­қа адам­ға ай­на­да­ғы­дай кө­рі­не­ді»
жә­не сол ар­қы­лы өз «ме­ні­нің» бей­не­сін сақ­тап, ай­қын­дай­ды жә­не тү­зе­те­ді.

Ри­то­ри­ка­лық сұ­рау (леп­ті сұ­рау) – ой­ды, се­зім­ді әсер­лі жет­кі­зу үшін жа­уа­бы өзі­нен-өзі ай­қын нәр­се­ні әсер­лі леп­пен, сұ­рау тү­рін­де ай­ту. Өлең­де қой­ыл­ған сұ­рақ­тың жа­уа­бын оқыр­ман өзі бі­ліп оты­ра­ды. Ри­то­ри­ка­лық сұ­рау­лы сөй­лем жау­ап­ты қа­жет ет­пей­ді.

Дереккөз:

  1.  Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
    қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
    Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова, 2020 жыл.
  2. Әде­би­ет­та­ну тер­мин­дер сөз­ді­гі
  3. Психологиялық сөздік

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ