Қасым Аманжоловтың өмірі мен еңбектері

0
6079

Қа­сым­ды ешкiмге ұқ­са­та ал­май­сыз. Дәлiрек айт­қан­да, Қа­сым ешкiмге
ұқ­са­май­ды, ешкiм де Қа­сым­ға әлi күн­ге «ұқ­сай» ал­май ке­ледi. Қа­сым­ның
асау ру­хы, бей­нелiк әлемiндегi қа­дам бас­қан сай­ын әрi өр, әрi «кiшiпейiл»,
әрi да­на, әрi «ба­ла» сөз сап­тау, бей­не­леу үлгiлерi – бұ­ған дейiнгi қа­зақ
поэ­зия­сын­да ұшы­рас­па­ған қи­сап­сыз жа­ңа­лық­тар.

Бе­кен Ыбы­рай­ым

Қа­сым – мәң­гі­лік. Хал­қы бар жер­де Қа­сым бар. Оның өлең­де­рі әлі талай жү­ректер­ді жау­лап, тү­лек­тер­ді бау­лып қа­нат­тан­ды­ра­ды. На­ғыз өлең, на­ғыз жыр пе­ріш­тенің үні де­сек, со­ның бір мы­са­лы – Қа­сым. Уа­қыт өт­кен сай­ын би­ік­теп ас­қақ­тай­ды, құ­пия сы­ры одан сай­ын кө­рі­ніп ай­қын­да­ла­ды. Те­рең­ге көз сал­ған ұр­пақ­тар те­ле­гейте­ңіз поэ­зия құ­ді­ре­тін аң­ға­рып сүйі­не­рі ақи­қат. Оның дау­ысы бү­гін­гі тәу­ел­сіз­дік­пен үн­де­сіп тұр. Бә­рін алыс­тан бол­жа­ға­ны, дү­ние­ге әлі талай Қа­сым­дар­дың ке­ле­ті­нін әулие­лік түй­сік­пен біл­ге­ні қан­дай ке­ре­мет! На­ғыз ақын­ды еш­нәр­се тұ­са­май­ды, тұншық­ты­ра да ал­май­тыны ақи­қат.
Қа­сым поэма­сы май­дан­нан соқ­қан жа­ңа леп си­яқ­ты… Алыс­та оты­рып, со­ғыс­тың өзін көр­ген­дей бо­ла­сың.

Ға­бит Мү­сі­ре­пов

Қа­сым өлең­де­рін­де ав­тор­дың мі­не­зі ай­қын бай­қа­ла­тын «Нар тәуе­кел, құ­лаш ұрдым қи­ын­ға», «Көк­ше­тау», «Ел­ге хат» си­яқ­ты то­лып жат­қан өлең­де­рі­нен ер­жү­рек, өжет адам­ның ер­лі­гі есіп тұр­са, «Ту­ған ел» си­яқ­ты өле­ңі­нен дар­қан ер­кін­дік­ті се­зіне­сіз. «Кү­ле­мін де жы­лай­мын», «Өзім ту­ра­лы» де­ген өлең­дер­ден те­рең тол­ға­на­тын ой­шыл мі­нез та­ны­са­ңыз, «Ға­ли­ға жау­ап», «Ағай­ға» де­ген өлең­де­рін оқы­ған­да мейірі­мі мол, жа­на­шыр, аса бау­ыр­мал жан­мен сыр­лас­қан­дай бо­ла­сыз. Ақ жар­қын, әзілқой, ой­на­қы жыр­ла­ры жә­не көп… Ақын­ның адал, шын­шыл мі­не­зі өзі­мен бір­ге өл­ген жоқ, та­ма­ша өлең­де­рін­де жүр.

Та­хауи Ах­та­нов

Біл­ген­ге мар­жан. Қа­сым­ның аға­сы Ах­мет­жан­ның үйі­не жиі жи­на­ла­тын өнер­паз­дар­дың, қа­лам­герлер­дің сұх­бат­та­ры, қы­зық-ду­ма­ны сер­гек ой­лы, се­зім­тал ба­ла­ның на­за­рын ау­дар­мауы мүм­кін емес еді. Әмі­ре, Май­ра се­кіл­ді ән­ші­лер, Иса си­яқ­ты аты­шу­лы ақын, Мұ­қамет­қа­ли Дау­ыл­ба­ев си­яқ­ты тала­нт­ты, жас ск­рип­ка­шы­лар­дың сау­ық құ­руы, Мұх­тар Әуе­зов, Сә­бит Дө­нен­таев си­яқ­ты сол тұс­та-ақ та­ныл­ған қа­лам­гер­лер­дің ке­луі – бә­рі бо­ла­шақ ақын­ның өнер­ге, өлең­ге де­ген ықы­ла­сын, ын­та­сын, құш­тар­лы­ғын арт­тыр­ға­ны сөз­сіз.
Өнер­паз­дар­ға елік­теп дом­бы­ра, ск­рип­ка үй­іре­ну­мен бір­ге өлең де жа­зып, бір­ліжа­ры­мын С.Дө­нен­таев­қа ұсын­ға­ны­мен, ол «тіл жа­ғы­нан ұнат­пап­ты». (Қ.Аман­жо­лов. Шы­ғар­ма­ла­ры­ның то­лық жи­на­ғы. Ал­ма­ты, 1957. 3-том, 413-бет)

Ше­ше­сі Ай­ған­ша аз­дап ән са­ла­ды екен, «Қыз Жі­бек» се­кіл­ді жыр­лар­ды жат­қа
айт­қан. Со­ның әсе­рі ме, ана­сы­ның ай­туы­на қа­ра­ған­да «Қа­сым жы­ла­ған­да бе­сік­ті
сы­қыр­ла­та­тын, же­ті ай­да жү­ріп кет­кен ма­за­сыз ба­ла бол­ған».
«…Та­ңер­тең ер­те үй іші ұй­ық­тап жат­қан­да тұ­рып алып, да­ла­да үй ай­на­ла­сын­да жа­па­дан-жал­ғыз ой­нап жү­ре­ді, жал­ғыз си­ыр­дың қа­ра бұ­зауы­мен ой­нап, өзі­мен-өзі бо­лып өлең ай­та­тын. Көп ба­ла­лар­дың то­бы­на қо­сыл­май, оңа­ша жү­ру­ді ұна­та­тын. Ба­ла­лар­дың ұрыс-жанжа­лы­на жо­ла­май­тын». (Қ.Аман­жо­лов. Шы­ғар­ма­ла­ры­ның то­лық жи­на­ғы. Ал­ма­ты,
1957. 3-том, 410-бет)

Қа­сым Аман­жо­лов қай өңір­де ту­ып-өсіп, бі­лім ал­ған?

Қасым Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Қасым 5 жасқа толғанда әкесі қайтыс болады. Шешесі әмеңгерлік жолмен тұрмысқа шыққандықтан, ол аға-жеңгесінің қолында өсіп, шаруашылыққа ерте араласып, пісіп жетіледі. Сөйтіп жүріп, сауатын ауыл мектебінде
ашады. Қолына түскен бірлі-жарым кітапты құнығып оқығанын әрі өнерге жақын екенін көрген ағасы 1924 жылы інісін Семей қаласындағы мектеп-интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін болады. Одан әрі қарай үш жыл
Семей малдәрігерлік техникумында оқиды. Тырнақалды өлеңдерін осы кезде жазады.

Қа­сым Аман­жо­лов әде­би­ет­ке, өнер ор­та­сы­на қа­лай кел­ген?

1930 жылы Алматыға келіп, бір жыл «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істейді. 1931 жылы Санкт-Петербургтегі орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ денсаулығына байланысты елге оралып, Орал қаласында «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. 1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді. Ән-күйге, өнерге деген құштарлық Қасымды Оралда қазақ театр труппасын ұйымдастырып қана қоймай, оның көркемдік жетекшісі әрі әртісі болуға
құлшындырған.

Осы жылдар ақын өмірінде ұмытылмас, қызықты да аяулы шақтар болып, жадында жатталып қалады. Әншілік, әртістік қабілеті осы кезде айқындалып, әр алуан музыкалық аспаптарда: домбыра, мандолина, сырнай, скрипка, пианинода еркін ойнап, ақын шығармашылық ортада рухани есейеді. Бойында буырқанған дарыны айқын белгі беріп, өлеңдері жұртшылық назарына ілінеді.

Ақын қан­дай шы­ғар­ма­лар жаз­ды?

1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы «Өмір сыры» деген атпен жарық көреді.
1939–1941 жылдар арасында жазылған «Нар тәуекел», «Дауыл», «Көкшетау», «Орамал», «Заула, заула, Түрксиб», «Сұлтанмахмұт туралы баллада»
сияқты өлеңдері ақынның шығармашылық дәуірінің басталғанын айғақтайды. Бұдан соң оның «Ақын», «Чернышевскийге», «Хантәңірі», «Ақын соты»,
«Дүниеге жар», «Қаһарман», «Дүние қандай жап-жарық», «Сақыпжамал»,
«Күйім тасып барады, күйім тасып», «Күлемін де жылаймын», «Ғабдолға»,
«Қапанға», «Елге хат», «Нұрлы дүние», «Өзім туралы» сияқты өлеңдері дүниеге келді.
Ақын шығармашылығы жан-жақты, көп салалы.

Қасым Аманжолов – соғыстан кейінгі қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көрнекті қайраткерлерінің бірі, сонымен қатар журналист, композитор, аудармашы. Лирикалық өлеңдерімен қатар кең көлемді «Жамбыл тойында», «Құпия қыз», «Біздің дастан», «Бикеш», «Боран», «Ақын өлімі туралы аңыз» атты поэмалары да бар.

Қ.Аманжолов қаламынан сонет, балладалар («Отан күзетінде», «Байкал»,
«Мартбек», «Сырттан», «Сұлтанмахмұт туралы баллада»), өлеңмен жазылған
очерк («Бейсекештің бес ұлы»), фельетондар («Семейдің театрында», «Панасыз
кемелер, ұқыпсыз төрелер» т.б.) да туды. «Дариға, сол қыз», «Өзім туралы»
әндері ел арасына кеңінен таралды.

1941 жылы майданға алынып, соғыс аяқталғанша басқа жауынгерлермен
бірге жауға қарсы ерлікпен күрескенін мына шығармаларынан білеміз: «Елге
хат» (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), «Ұлы күтіс», «Үстімде сұр шинелім»,
«Подполковник Әлпинге», «Қапанға», «Сәбитке», «Ғалиға жауап», «Қызғалдақ», «Сен фашиссің, мен қазақпын». Ақын шығармашылығының шыңы, қазақ
поэзиясының алтын қорына қосылған қастерлі мұрасы – «Ақын өлімі туралы
аңыз» поэмасы да соғыс кезінде туады.

Поэмадағы басты кейіпкер – ақынның
досы Абдолла Жұмағалиев. Осындай аяулы досының өлімі ақынды қатты тебіренткені сөзсіз. Өмір мен өлім бетпе-бет келген қан майданда, миллиондаған
адамның тағдыры қыл көпірде тұрған шақты суреттеуде ақынның тебіренісі
орасан қуатпен көрінген.

Майдан етіп дүние төрін,
Темір болат қақтап отқа.
Бетпе-бет кеп өмір, өлім,
Соққыласып жатқан жоқ па? –
деп, бірден шарықтаған өр дауыспен, асқақ пафоспен басталған поэма аяқталғанша осы шырқау биіктен бір де төмендемейді. Романтикалық серпін, реалистік қуат майдан даласындағы арпалысты көз алдымызға әкеледі.

Қаламгер аударма саласында да өзінің баға жетпес қолтаңбасын қалдырды.
Ол Т.Г.Шевченко, Ш.Руставели, В.В.Маяковскийдің өлеңдерінен басқа Г.Низамидің «Ләйлі мен Мәжнүнін», А.С.Пушкиннің «Полтава», М.Ю.Лермонтовтың «Маскарад», А.Т.Твардовскийдің «Василий Теркин» поэмаларын қазақ тіліне аударды.

Бүгінгі таңда Қасым Аманжолов шығармалары бауырлас халықтар тіліне
аударылып, қазақ халқының ғана мақтанышы емес, сонымен қатар тілегі бір
басқа елдердің де рухани байлығының көзіне айналды деуге болады. Ақын сөзімен айтқанда:

Барым да, бақытым да осы өлеңім,
Жақыным, жүрегімнің досы – өлеңім.
Өмірге келгенім жоқ бостан-босқа,
Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін.

Дереккөз:  Қазақ әдебиеті. Жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының
қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. Р.Зайкенова,
Р.Сакенова, Л.Н.Нұрланова, 2020 жыл.

Ұқсас материал:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ