Кейде күнделікті қайталана беретін тірліктерден адам физикалық және моральдық түрде шаршайды. Нәтижесінде адамда күйзеліс пайда болады. Күйзелістен арылу үшін не істесек болады? 1.Денсаулыққа пайдалы тағамдар жеңіз. Егерде адам оргазнизмі сау әрі витаминге бай болса, күйзелісті жеңу оңай болады. Күніңізді сау таңғы астан бастаңыз. Күніне 4-5 рет аз-аздан тамақтануды әдетке айналдырыңыз. Күйзеліс тәбетке әсер етіп, артық тамақтануға немесе дұрыс тамақтанбауға әкеледі. 2.Ұйқыңызды реттеңіз. Біз күніне 7-8 сағат ұйықтаған кезде, қиын мәселелерді шешу әлдеқайда оңай. Ұйқымыз қанбай қалған жағдайда біз шыдамсыз, әрі агрессивті боламыз. Бұл күйзелісті арттырады. Түнде дұрыс тынығу-күніміздің жақсы, продуктивті өтуінің негізі болып табылады. 3.Жаман әдеттеріңізді қадағалаңыз. Адам күйзеліске түскенде өзіне қол жетімді барлық жолдармен оны жеңуге тырысады. Алайда бұл сіздің күйзелісіңізге керісінше жаман әсерін тигізеді. Егер сіз күйзеліс кезінде тым көп тамақ, тәтті жейтін болсаңыз немесе керісінше тәбетіңіз болмай тамақ жемейтін болсаңыз, күйзелісіңіз одан әрі нашарлайды. 4.Сізге көмектесетін, қолдайтын адамды табыңыз. Сіздің отбасыыңыз, достарыңыз және сіздің әлеуметтік ортаңыз — мұның бәрі стрессті жеңуге үлкен әсер етеді. Сіз сене алатын адамдар тобы психикалық денсаулықты сақтауға көмектеседі. Көмек сұрау қиын болуы мүмкін, бірақ бұл сізді әлсіретпейді.