Сұхбат жанры: ерекшелігі мен түрлері

0
23535

Сұхбат – пікірталас, әңгімелесу. Публицистиканың ақпарат жанрлар тобына кіреді. Өзіне қажетті мәліметтерді маңызды деген оқиғаға қатысып, ондағы деректермен және өзге де мәліметтермен танысып, әрі адамдармен сөйлесе келе жинақтайды. Сұхбат жанры негізінен көркемдік бейнлеуші құралдарды сөзбен, диалогпен бірлікте көркемдеп отырады. Газетте сұхбаттың сәтті шығуы тікелей қаламтербеуші журналистке байланысты. Оның жазу шеберлігі, шешендігі мен қызықа де нұсқалығы басты назарда болса, радио сұхбаттың жарық етуі көбіне-көп сұхбат берушіге байланысты. Өйткені, радиода сөйлеп тұрған адамның жанды сөзі, дауыс ырғағы, сөйлеу мәнері, үн әуезділігі айрықша рөл атқарады. Радиодағы сұхбат журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкісезімін, көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін дауыс аясында толық қамтиды. Сондықтан, әсіресе, тікелей эфирдегі сұхбаттың өмірдегі шынайы сәті болып табылады.

СҰХБАТ. Бұлағылшынсөзі, аударғанда – баспасөздежариялаунемесерадиода беру үшінжазылғанәңгімедегенсөз. Сұхбаттакімменәңгімелескеніңді, әңгіменіңмақсатықандайекендігі  көрсетілуіқажет.

Сұхбаттың өзіне тән ерекшелігі сол, мұнда фактілердің немесе оқиғалар жайында айтылған пікірлерді баяндау журналистің атынан емес, сұхбат берген адамның атынан болады. Демек журналистке қарағанда редакция қойып отырған мәселеге көбірек қатысы бар адамның пікірлерімен, пайымдауларымен сұхбат құнды болып келеді.сұхбат дегеніміз – журналист пен әңгіме жүргізілген адамның екеуара біріккен шығармашылық жұмысы. Оның табысты болуы көпжағынан жүргізушіге, яғни журналистке байланысты. Ол жоғары мәдениетті, редакциялық жұмыстан мол тәжірибесі болуға тиіс. Әрбір жанр сияқты сұхбат та бірнеше түрге бөлінеді: 1. сұхбат-монолог; 2. сұхбат-диалог; 3. суреттеме-сұхбат; 4. анкета;


ПІКІР ҚАЛДЫРУ